Дәріс материалдары Ринолалия


Бітеу (жабық) ринолалияда



бет2/14
Дата16.01.2023
өлшемі41,09 Kb.
#165594
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
лекция рино дауыс
№ 1 Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай» жыры, № 11 М Өтемісұлының Мен, мен, мен едім өлеңіндегі көтеріліс көрінісі (1)
Бітеу (жабық) ринолалияда барлық сөйлеу дыбыстарының айтылуы кезінде ауа ауыз арқылы өтеді. Бұл баланың мұрнымен тыныс алуы қиындағанымен түсіндіріледі. Мұрын қуысына өтетін жолды жауып тұратын полип, аденоидтың ұлғаю, мұрын қалқасының майысуы және басқалары себеп болуы мүмкін. Мұрын резонансы тұтас немесе жарым-жартылай дауыс қалыптасу барысында өшеді, дауыс бір қатар обертонын жоғалтады, мұрын жолды дыбыстары («м», «н», «ң») бұрмаланып қатаң айтылады. Егер мұрын резонансы жоқ болса, онда бұл дыбыстар ауыздан айтылады б, б’, д, д. Бітеу ринолалияда дауысты дыбыстардың да дұрыс айтылуы бұзылады.
М. Зееман бітеу ринолалияның екі түрін ажыратады: алдыңғы бітеу және артқы бітеу ринолалия.
Алдыңғы бітеу ринолалияда ауаның мұрын қуысынан өте алмайтыны байқалады.
Мұрынның артқы бөлігінің төменгі қабыршығының қалыптан тыс ұлғайып кетіп /гипертрофия/, тұрақтап ұзаққа созылуынан /хроникалық/, мұрын шеміршегінің майысуынан, мұрын жолының ісінуінен пайда болады.
Артқы бітеу ринолалия – мұрын жұтқыншақ қуысының тарылуы байқалады.
Балаларда жиі кездесетін тамақ көмей бездерінің шамадан тыс ісіп кетіп ұлғаюының салдарынан, сирегірек - мұрын жұтқыншақтың қабынуынан, мұрын жұтқыншақ фибромасы немесе басқалай ісіктерден пайда болады.
Функционалды бітеу ринолалия балаларда жиі кездеседі, бірақ анықталуы әр уақытта дұрыс бола бермейді.
Оның бір ерекшелігі - мұрын жолының өтімділігі жақсы және мұрыннан тыныс алуы бұзылмаған жағдайда пайда болады. Функционалды ринолалияда мұрындық және дауысты дыбыстың үнінің әуезділігі органикалық бітеу ринолалияға қарағанда күштірек бұзылған болуы мүмкін. Оның себебі - жұмсақ таңдай фонациясының және мұрын жолды дыбыстардың айтылуы кезіндегі әдеттегісінен жоғары көтеріліп кетіп дыбыс толқынымен мұрын жұтқыншаққа баратын жолды жауып қалады. Бұл сияқты құбылыстар жүйке ауруына шалдыққан балаларда байқалады.
Органикалық бітеу ринолалияда ең алдымен мұрын қуысының тарылуының себептері жойылуы керек. Мұрынмен тыныс алуы қалай дұрысталса, ақаулықта солай жоғалады. Егер мұрын жолының тарылуын жойғаннан кейін де ринолалия көрінісі өзгермесе, онда функционалды бұзылыста қолданатын жаттығуларды пайдалану қажет.
Ринолалияны түзетуде логопедиялық жұмыстың тиімділігі мұрын жұтқыншақтың қалпы, uvula қызметі, баланың жасына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет