Дәріс материалдары Ринолалия


Дайындық кезеңіндегі логопедиялық сабақтардағы материалдардың мөлшері



бет8/14
Дата16.01.2023
өлшемі41,09 Kb.
#165594
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
лекция рино дауыс
№ 1 Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай» жыры, № 11 М Өтемісұлының Мен, мен, мен едім өлеңіндегі көтеріліс көрінісі (1)
Дайындық кезеңіндегі логопедиялық сабақтардағы материалдардың мөлшері

Әр сабақта балаға ұсынылатын жаттығулар саны әр түрлі болады. Сондай-ақ, алғашқы сабақта ауыз арқылы тыныс шығаруға жаттықтырумен шектелуге болады, кейде дауысты дыбыстардың бірнеше артикулемаларын қалыптастыруға көшуге болады. Ересек балаларға көбірек жаттығулар беруге болады, бірақ бір сабақта жаттығулардың барлық түрлерін жасатып асықпау керек. Жоғарыда көрсетілген артикулемалармен жұмыс кезектілігін міндетті түрде сақтану керек. Басында анық, толық жасалмай жатқан артикулемаларды тиянақты түрде жасатуға тоқталмаған жөн. Сөйлеу ағымында әрбір дыбыс алдындағы немесе келесі дыбысқа байланысты өзінің артикуляциясын өзгертеді, сондықтан жұмыс жасалып отырған артикулемалар сөйлеу тілін жаттықтырғанда анық сипатқа ие болады.


Логопед: «Сен ауызбен дем шығаруды және тілдің ұшын астыңғы тістер түбіне тіреуді жақсы меңгердің. Енді, біз дем шығару кезінде ауызды «әр түрлі» ашып үйренеміз. Аузыңмен дем алып кең ашылған ауызбен дем шығар, тіл жалпақ, астыңғы тістерге жақын жатыр. Тіл ешбір қимылсыз «ұйықтап» жатыр. (ауыз арқылы дем шығаруды мақта арқылы тексереміз. Дем шығару кезінде еріндердің және тілдің мұндай қалпында дем шығару –а- дыбысы сыбырлаған тәрізді шығады. Егер артикулема анықсыз болса, оны түзетіп, қайталаумен бекіту қажет).
И дыбысының қалыптасқан қалпы арқылы J-пен үйлестіріп айтылатын дауысты дыбыстармен жұмыс жасауға болады.
Логопед: «Қазір біз еріндердің екі қозғалысында ауызбен дем шығарамыз. Жымиып, саған таныс қозғалыстарға көшеміз».
J-мен дауыстыларды үйлестіріп айту үшін екі сурет дайындалады (и+а, о...), (№2 кесте). Осы жаттығулардың барлығы тілдің белгілі қалпында ауыз арқылы дем шығаруды жақсартады, сонымен осы жаттығулар арқылы екінші қатардағы дауысты дыбыстардың артикулемалары қалыптастырылады.
Ауыз арқылы дем шығарудың әрқайсысы алақандағы мақта қимылымен қадағаланады. Жасы кішкентай балалар үшін мақтаны ашық түске бояп қоюға болады. Сабақтардың эмоциональді фонын үнемі сақтап отыру қажет. Баланың әрбір сәтті қимылын мадақтап отыру керек.
Осы кезеңнің негізгі ерекшеліктері:

  1. тыныс алу және артикуляция бойынша жұмыстың қатар жүргізілуі;

  2. дыбыстарды айту кезінде естіп, бақылаудан баланың максимальді түрде аулақ болуы;

  3. жаңа жаттығулар кешенін меңгеру алдында бұрыңғы материалды (жаттығуларды) үнемі қайталап отыру.



Негізгі кезең



  1. Ауызбен демді (тынысты) ұзақ шығару кезінде дауыс қосу;

  2. Үзілмелі дауыссыз дыбыстарды айтқандағы ауызбен қысқа дем шығаруды қалыптастыру;

  3. Сонорлы дыбыстар тобын және аффрикаттарды айтуды қалыптастыру кезінде ауызбен және мұрынмен қысқа және ұзақ дем шығаруды ажырату,

  4. Жіңішке дыбыстарды қалыптастыру.

Бұл кезеңнің сабақтарының негізгі мақсаты – бірінші кезеңдегідей, яғни артикулемаларды дамытумен бір уақытта сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алуды қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет