Дәріс Мәліметтердің моделдері мен типтері



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата28.07.2022
өлшемі411,77 Kb.
#147834
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс №3

 
 


Деректерді ұсынудың модельдері 
70-80 жылдардың соңында деректер базасын басқару жүйесінің дамуы негізінде 
деректерді ұсынудың әртүрлі модельдері пайда болды. Әрбір модельдің өзінің 
ерекшеліктері мен жетіспеушіліктері болды.
Деректер моделі деп берілген талаптарға сәйкес мәліметтерді интерпретациялауды 
жүзеге асыратын құралдарды айтамыз. Сонымен қатар, мәліметтер моделі мәліметтердің 
мағлұматтық мазмұнын көру мүмкіндігін беретін абстрактілі ұғым болып табылады.
Мәліметтер моделі екі класқа бөлінеді: 
-
Мықты типтендірілген моделі, мұнда барлық мәліметтер қандай да бір 
категорияға қатысты болады. 
-
Әлсіз типтендірілген моделі, категорияға қатысты ешқандай болжамдармен
байланысты емес. 
Деректер моделі деректердің құрылымдарының жиынтығының деректер бүтіндігін 
шектеу және деректермен операциялар жасау әрекеттерін орындайды.
Жалпы айтқанда,
деректер моделі
- деректер құрылымы жиынтығы мен оларды 
өңдеу операциялары. Деректер базасын басқару жүйелері иерархиялық, желілік және 
реляциялық модельдеуге немесе осы модельдердің белгілі бір жиынындағы 
комбинациясына негізделген.
Деректер моделінің үш негізгі типін қарастырайық: иерархиялық, желілік, 
реляциялық.
Иерархиялық деректерді моделдеу .
Иерархиялық құрылым бір-бірімен белгілі 
бір ережелер бойынша байланысқан элменеттер жиынтығын береді. Иерархиялық 
байланыстағы объектілер бағытталған граф (төңкерілген ағаш) құрады. Оның түрі суретте 
бейнеленген.
Иерархиялық құрылымның негізгі ұғымдарына мыналар жатады: деңгей, элемент 
(түйін), байланыс. Түйін дегеніміз белгілі бір объектіні сипаттайтын деректер 
атрибуттарының жиынтығы. Сұлбада иерархиялық ағаштың түйіндері граф төбелері 
ретінде бейнеленген. Төменгі деңгейдегі әр түйін, жоғары деңгейдегі әр түйінмен ғана 
байланысқан. Иерархиялық ағаштың ешқандай төбеге бағынбаған, ең жоғарғы деңгейде 
орналасқан бір түйіні бар (ағаш түбірі). Бағыныңқы түйіндер екінші, үшінші т.б. 
деңгейлерде орналасады. Деректер базасындағы ағаштар саны түбір жазбалары санымен 
анықталады. Деректер базасы әрбір жазбаға түбір жазбадан тек бір жол болады 
(иерархиялық). Мысалы: 2.6.1-суретінде көрсетілгендей С4 жазбасы үшін өтетін жол А 
және В3 жазбалары арқылы өтеді.
1-деңгей 
2-деңгей 
3-деңгей 
А 
В

В

В

В

В

С

С

С

С

С

С

С

С



 1-сурет.Иерархиялық құрылымды деректер базасының графикалық бейнеленуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет