Дәріс мәтіндері 1- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері Жоспары: Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет10/34
Дата21.09.2023
өлшемі167,11 Kb.
#181935
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
Байланысты:
1 lektsiya kazak tilin ok tu adistemesi kurmanova a.k-1

Бақылау сұрақтары:
1. Оқулық дегеніміз не?
2. Оқу-әдістемелік кешенге не кіреді, сипаттаңыз
Әдебиеттер:

  1. Д.Әлімжановтың, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы .-Алматы: Мектеп,1965.

  2. Ә.Исабаев. Қазақ оқытудың дидактикалық негіздері.-Алматы: Қазақ университеті, 1993.

  3. А. Әбілқаев. Қазақ тілін оқыту методикасы.-Алматы: Санат ,1995.

  4. Оралбаева Н., Жақсыбекова К. Орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі.-Алматы: Ана тілі, 1996.

Интернет көздері:

  1. Kollegi.kz

  2. http://collegy.ucoz.ru

  3. www.kitaphana.kz

  4. www.kaznpu.kz

  5. www.nachalka.Seminfo.ru

5- тақырып. Қазақ тіліндегі оқытпайтын мектептерде «Қазақ тілі» пәні арқылы меңгерілетін құзіреттіліктер
Жоспары:
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме
Құзіреттілік түрлері: лингвистикалық құзіреттілік, қатысымдық құзіреттілік, лингвомәденитанымдық құзіреттілік, ақпараттық құзіреттілік, проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі.
Ақпараттық құзіреттілік – тіл үйренушінің қатысымдық және танымдық мақсатқа байланысты өзіне қажетті ақпаратты табу, түсіну, оның мазмұнын жеткізу, талдау, өңдеу, сақтау, тапқан ақпаратты өзінің өажетіне қарай пайдалана алу және жаңа ақпараттық технологияларды игеру біліктілігі.
Коммуникативтік құзіреттілік – түрлі әлеуметтік-өмірлік жағдаяттарда қазақ тіліне ауызша және жазбаша түрде қатысымға түсу, қатысымдық міндеттерді шешу, өзінің ойын, пікірін, көзқарасын білдіре алу және диалогтік, полилогтік тілдесімге қатысып, әлеуметтік ортада өзін таныта алу біліктілігі.
Проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі – күнделікті өмір жағдаяттарында өз алдына мақсат қойып, оны жүзеге асыруда тілден игерген білім, білік, дағдыларын ұтымды қолдана алу біліктілігі.
Лингвомәденитанымдық құзіреттілік–қазақ тілін меңгеру барысында қазақ халқының қатысымдық-сөйлесімдік ерекшеліктерін ескеру, тілдің лингвомәдени нормаларын Лекция мәтіні (қысқаша):
Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алудамыз. Білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Олай дейтін себебіміз, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас, басқаша қарым қатынас пайда болды. Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына көңіл бөлінуде. Сондықтан қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеріп, жаңа формация мұғалімі болу- заман талабы. Жаңа формация мұғалімі деп кімді атаймыз? Осы орайда жаңа форматтағы мұғалім моделімен таныстыруды жөн көрдім.
1. Мұғалім үздіксіз ізденуші
2. Мұғалім дамушы шығармашыл тұлға
3. Мұғалім өз ісінің шебері
4. Мұғалім әділ, еңбекқор тәрбиеші
5. Маман-мұғалім
Жаңа формация мұғалімі мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдаланады.
Бақылаудың орнына ынталандыру;
Мәжбүрлеудің орнына кеңес беру;
Үгіттеудің орнына түсіндіру;
Жоюдың орнына тегістеу;басқарудың орнына қатысу;
Айғайлаудың орнына әзілдеу;
Кінәлаудың орнына қорғау;
Бұйрық беріп тексерудің орнына кәсіби көмек көрсетіп, қолдау жасауға ұмтылу.
Бүгінгі таңда жаңа формация мұғаліміне қойылатын талап та жоғарылады. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Құзіреттілік латын тілінен аударғанда «компетенс» яғни, өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ, онда «құзыр» – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы, ал «құзырлық»–адамның іс-әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Құзырлылық белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзіреттілік қабілеті де кең болмақ. осы тұрғыдан келгенде, қазіргі қоғам сұранысына сай, бәсекеге қабілетті кәсіби маман моделін қалыптастыруда мамандарға тән құзіреттілік түрлері, оны қалыптастыру мазмұны өте өзекті.
Құзіреттілік – оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Ол тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің негізінде қалыптасады. Құзіреттіліктің алғы шарттары мектептегі оқыту үдерісінен бастау алады. Яғни, «құзірет» адамға қатысты сыртқы қызметтік міндеттерін сипаттау үшін, ал «құзіреттілік» ішкі, тұлғалық қасиеттерді көрсету үшін пайдаланылады [1, 6 б.] .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет