Байланысты: 1 lektsiya kazak tilin ok tu adistemesi kurmanova a.k-1
ДӘРІС МӘТІНДЕРІ
1- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері Жоспары:
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме Өзге тілді мектептердегі қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, мақсаты, міндеттері. Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеудің эмпирикалық және теориялық түрлері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-теориялық жүйесі және оны меңгеру жолдары.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы, қалыптасуы және даму жолдары. Әдістемелік мұра және оны танып-талдау әдістері мен жолдары. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалымдар – Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Қ.Басымов, Ғ.Бегалиев, Ш.Х.Сарыбаев, Ы.Манаов т.б. еңбектерінің маңызы
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Қазақ тілі – өзге тілді мектепте оқылатын негізгі пәндердің бірі. Өзге тілді мектептерде қазақ тілі пәнінің мемлекеттік тіл ретінде оқытылу ерекшелігі мен заңдылықтары. Қазақ тілі пәнінің білімділік, тәрбиелілік, дамытушылық маңызы.
Қазақ тілін меңгерту барысында оқушыда қалыптасуы тиіс білім, білік, дағдылар. Дәстүрлі және инновациялық әдістерді қолдану дағдылары.
Қазақ тілі пәнінің басқа пәндермен байланысы: ана тілі, әдебиет, математика, шет тілі, химия, физика, биология, музыка, сурет, информатика т.б.
Лингводидактиканың дамуындағы психологиялық тұжырымдар. Ойлау мен сөйлеудің байланысы. Тіл үйрену процесінде жүретін психологиялық, физиологиялық ерекшеліктер. Тіл үйренудегі мотивтердің (әлеуметтік және танымдық)маңызы.
Өзге тілді мектептерде қазақ тілін меңгертуде басшылыққа алынатын жалпыдидактикалық (жамыта оқыту, ғылымилық, жүйелілік, оқу мотивтерін ескеру, түсініктілік, т.б.) және арнайы бағыттар (қатысымдық тұрғыдан оқыту, әрекеттік бағыт, құзіреттілік бағыт, т.б. ұстанымдар).
Қазақ тілін үйренудің әлеуметтік мәні. Дара тұлғаға тән тілдік дағдылар, оларды әлеуметтік ортада орынды пайдалану. Қоғамдық-әлеуметтік ортаның әсері.
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілін оқыту әдістемесінің лингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, когнитивтік негізі.
Өзге тілді мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесінің лингвистика іліміне негізделуі. Қазақ тілін үйрету әдістемесінің тіл білімі ғылымының негізінде іске асуы. Қазақша (ауызша және жазбаша) тілдік қатынасты меңгертуде функционалдық грамматика мен ғылыми грамматиканың рөлі.
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін үйрену барысында лингвомәденитанымдық аспектілердің алатын орны. Өзге тілді мектептерде қазақ халқының мәдениетін, рухани және материалдық құндылықтарын тіл арқылы игерту.