Дәріс мәтіндері 1- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері Жоспары: Типтік оқу бағдарламасынан көшірме


Жоспары: Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет4/34
Дата21.09.2023
өлшемі167,11 Kb.
#181935
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
1 lektsiya kazak tilin ok tu adistemesi kurmanova a.k-1

Жоспары:
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме
Қазақ тілін деңгейлік оқытудың жаңа тенденциялары, парадигмалары, қағидалары мен бағыттары Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді заманауи талаптарға сай оқыту қажеттігіне орай айқындалады. Бұл әлемдік тәжірибедегі екінші тілді оқыту әдістемесінің басым бағыттарымен сәйкестендірілді.
Тілдік қатынас – тіл үйренушінің ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, пікірлесу және т.б. әрекеттерінің жиынтығы. Тілдік қатынас – ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік бірліктердің таңбалық жүйесі мен дыбысталуы нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық бірліктердің түрлі мағыналық реңктері арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі қоғамдық-әлеуметтік үдеріс. Тілдік қатынас теориясы тілді оқыту барысында сөйлесім әрекетінің түрлерін: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім процестерін кешенді жүзеге асыруға ғылыми негіз болады.
Қатысымдық-танымдық теория тілді қоршаған ерекшелігінен туындайтын сөйлесім әрекетінің түрлерін: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім әрекеттерін кешенді жүзеге асыруға негіз болады. Әлеммен, адам факторымен тұтастықта игеруге, тіл болмысын халықтық таным тұрғысынан зерделеуге, сөйлесім әрекетінде іске асырылатын тілдік бірліктердің табиғатын ашуға, оның ішкі иірімдерін жан-жақты пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақ тілінің бірліктерін тілдік әрі қатысымдық тұрғыдан меңгерте отырып, оның мәденитанымдық, қатысымдық, әлеуметтік, кумулятивтік қызметтеріне сай жұмсалу жолдарын игертуді көздейді.
Сөз мәдениеті теориясы бойынша үздіксіз білім беру жүйесіндегі қазақ тілі пәнін оқыту үдерісінде мемлекеттік тілді күнделікті өмір жағдаяттарында қолдану мәдениетін дамыту, тіл үйренушілердің қазақ тілін нормативтік, коммуникативтік, этикалық сапаларына сай жұмсау дағдыларын жетілдіру, қатысымдық құзіреттіліктерді қалыптастыру жүзеге асырылады. Қазақ тіліне тән сөйлеу әдебі нормаларын меңгерту арқылы оның даралығын, ұлттық сипатын, қазақ халқының тілдік болмысын, ділін,мәдени өресін танытуға жол ашылады.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру теориясы тіл үйренушілердің қазақ тілін өз мүддесіне сай, қатысым мақсатына орай қолдануға төселдіруде маңызды рөл атқарады. Тілді деңгейлік тұрғыдан динамикалық жүйе ретінде меңгерткенде, оның шынайы функционалдық қасиеті ашыла түседі. Сөйлесім дағдыларын қалыптастыруда өмірлік жағдаяттағы проблеманы тиімді жолмен шешуге сәйкес келетін түрлі деңгейдегі тілдік бірліктерді дұрыс талғап қолдану тіл үйренушінің функционалдық сауаттылығына тәуелді. Сондықтан функционалдық сауаттылық нәтижеге бағдарланған оқыту жүйесінде әрі құзіреттілік, әрі түпкілікті нәтиже болып саналады. Бұл теория тілдік грамматикамен қатар тілдік қатынас теориясына қатысты білім-біліктерді өзара сабақтастықта игертуді көздейді.
Тілді оқытудың парадигмалар – деңгейлік оқыту жүйесіне қатысты тілді коммуникативтік-когнитивтік тұрғыдан меңгертуге бағытталған тілдік білім мазмұны мен оны іске асыру формаларының жиынтығы. Қазақ тілін деңгейлік оқытуда жүзеге асырылатын парадигмалар тілді меңгерудің коммуникативтік мақсатына бағыттала келіп, мынадай болып жіктеледі:
Антропоөзектік парадигма білім алушыларға жеке тұлға ретінде қарап, оның тілдік білім арқылы азаматтық өркениет пен ұлттық руханиятты бірлікте меңгеру мәселесіне басымдылық беруге бағытталады.
Интеграциялық білім беру парадигмасы пән мазмұнында тілдің тарихпен, мәдениетпен, қоғаммен, әдебиетпен, жаратылыстану пәндерімен сабақтастығын қамтамасыз ету арқылы білім алушыларлың дүниетанымын кеңейтіп, адами қасиеттерін қалыптастыруға бағытталады.
Танымдық білім беру парадигмасы мемлекеттік тілді деңгейлік оқытуда білім алушылардың тіл, қазақ халқының салт-дәстүрлері, дүниетанымы және т.б. этномәдени ұғымдары туралы көқарастарын қалыптастыру арқылы олардың танымдық әлеуетін коммуникативтік құзіреттіліктермен өзара сабақтастықта жетілдіруге бағытталады.
Аксиологиялық парадигма жалпыадамзаттық, ұлттық және мемлекеттік құндылықтардың негізінде табиғатпен, әлеуметпен, мәдениетпен қарым-қатынасындағы жеке тұлғалық мәндерді тәрбиелеуге, сонымен қатар білім алушыға өз білімінің,өмірінің мәнін сезіндіруге бағытталады.
Білім беруді ізгілендіру парадигмасы – білім мазмұнын жалпы адамзаттық және ұлттық рухани игіліктерге қарай бағыттау, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тілін, дәстүрін, көркемөнерін, қолөнерін және т.б. материалдық жіне рухани құндылықтарын тіл арқылы танытудың негізі. Білім алушылардың тілге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға қолайлы жағдай тудырады.
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі қазақ тілін деңгейлік оқытудың қағидалары оқу үрдісінің мазмұнын, ұйымдастыру түрлері мен әдістерін, оның жалпы мақсаттары мен заңдылықтарын анықтайтын негізгі ережелердің жиынтығынан тұрады.
Білімнің үздіксіздігі қағидасы – білім алушылардың болашақ өміріне қажетті тілдік және қатысымдық дағдыларды, құзіреттіліктерді алдын-ала болжап, білім алушылардың шығармашылық әлеуетінің үдемелі артуына және күш-қуаты мен қабілетін толық пайдаланып, тұлғалық-мәдени өсуіне, тілдік тұлға қалыптастыруға бағыт беретін негіз.
Мәдениет, ойлау, тіл бірлігін жүзеге асыру қағидасы – білім алушыларды бүгінгі ғаламдану үдерісінде жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтау мен ізгі дәстүрлерін жалғастыруға шынайы мүдделілігін тудыратын, мәдени-танымдық құзіреттіліктерін дамытанын тірек қағида.
Білімнің мотивациялық сипатын арттыру қағидасы тілдік білім мазмұны білім алушылардың танымдық және әлеуметтік мотивтерін туғызуға, қызығушылықтары мен тілді қолдануға ішкі мүдделіліктерін дамытуға тірек болады. Тілді қатысымдық, танымдық, экспрессивтік қызметтеріне сай қолдануға ұмтылысын арттырады.
Өмірлік дағдыларды жетілдіру қағидасы әртүрлі мәселелерді пікір алысу мен пайымдауға жүгіну арқылы шешуге, субъектілер арасында түсіністік орнатуға, әлеуметтік келісімге қол жеткізуге үйрететін дискурсты меңгертуге негіз болады.
Құзіреттілік қалыптастыра оқыту қағидасы мемлекеттік тілді оқыту үдерісінде білім алушыларды мемлекеттік тілде еркін қарым-қатынас жасауға төселдіре отырып, сөйлесім әркетіне тәноқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім компоненттерін кешенді меңгерту нәтижесінде олардың ақпараттық, қатысымдық және өздігінен шешім жасау, мәдени-танымдық құзіреттіліктерін дамытудың жолдарын анықтауға мүмкіндік жасайды.
Табиғилық қағидасы оқыту табиғи жіне әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік қоғамдық үрдістердің өзара байланысына және білім алушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытуда олардың жеке тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескеруге негізделеді.
Білім алушыны тұлға деп тану қағидасы – заманауи білім беру талаптарымен үндесетін, ізгілікке негізделген оқыту жүйесі. Әр білім алушыға құрметпен қарап, оны таңдау құқықтарына еркіндік беру арқылы өздігінен шешім жасауға, өзін-өзі дамытуына жол ашады.
Тілдің әлеуметтік мәнін арттыру қағидасы тілді оқытудың инновациялық технологияларын қолдануды әлеуметтік ортаның талаптарымен сәйкестендіруге, қоғамдық сұраныммен ұштастыруға ықпал етеді. Тұлғаның әлеуметтенуіне қажетті ұтымды шарттарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Білім беруді демократияландыру қағидасы білімді меңгерту үдерісінде білім алушылардың ой еркіндігі мен сөз бостандығына негізделе келіп, олардың ынтымақтастығына құралатын оқыту жүйесін іске асырады. Бұд қағида оларды адамгершілік рухында тәрбиелеп, қарым-қатынас мәдениетін дамытуды көздейді.
Қазақ тілін деңгейлік меңгеруге арналған бағдарламалар қазақ тілін деңгейлік жіктелім бойынша нақты нәтижелерге жіктеуге тиісті пәннің мазмұнын, игерілетін білім, білік және дағдылар көлемін, сондай-ақ оқыту жылдары бойынша бөлінген тақырыптарды анықтайтын базалық-нормативтік құжат болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет