Бақылау сұрақтары:
лингвистикалық құзіреттілік, қатысымдық құзіреттілік, лингвомәденитанымдық құзіреттілік, ақпараттық құзіреттілік, проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі дегеніміз не?
Құзіреттілік пен құзіреттің айырмашылығы неде?
Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер:
Дәулетбекова Ж.Т. сөз мәдениеті – тілдік білім нәтижесі. – Алматы: 2010
Д.Әлімжановтың, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы .-Алматы: Мектеп,1965.
Ә.Исабаев. Қазақ оқытудың дидактикалық негіздері.-Алматы: Қазақ университеті, 1993.
А. Әбілқаев. Қазақ тілін оқыту методикасы.-Алматы: Санат ,1995.
Оралбаева Н., Жақсыбекова К. Орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі.-Алматы: Ана тілі, 1996.
Интернет көздері:
Kollegi.kz
http://collegy.ucoz.ru
www.kitaphana.kz
www.kaznpu.kz
www.nachalka.Seminfo.ru
6- тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жүйесі
Жоспары:
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме
Қазақ тілін оқыту әдістемелік жүйесі: оқытудың мақсаты, міндеті, білім мазмұны, оқыту формалары, әдістері, күтілетін нәтижелердің бірлігі. Қазақ тілін деңгейлік оқыту дегеніміз – әр білім алушының қазақ тілінде сөйлеу деңгейін анықтай отырып, әркімнің сұранысы мен тілді білу деңгейіне сәйкес қазақ тілін коммуникативтік-танымдық тұрғыдан меңгерту; Деңгейлер бойынша ауызша/жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; тіл үйренушінің түсіну, сөйлеу, жазу, тілдесу дағдыларын қарапайымнан күрделіге бағытталған талаптар бойынша дамыту.
Қазақ тілін деңгейлік оқытудың түпкі нәтижелері ретінде Қазақ тілін деңгейлік меңгерту –қазіргі кезеңде өзекті мәселелердің бірі. Себебі қазақ тілін оқытуда оқушының қазақ тілін білу деңгейін анықтап, әр оқушының тілді білу дәрежесіне сәйкес қазақ тілін үйрету маңызды. Қазақ тілін деңгейлік меңгертудің мақсаты – қазақша тілдік қатынасқа қажетті ережелер мен қатысымдық бірліктерді таңдап қолдану арқылы тіл үйренушіні өз деңгейінде ойын дұрыс, түсінікті жеткізе білуге үйрету. Қазақ тілінде тыңдағанын және оқығанын түсінуге дағдыландыру, сөйлеуге, жазуға үйрету. Осы тұрғыдан келгенде студенттерге тілдік қатысым теориясын, тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан оқыту әдістерін игерту көзделеді.
Тіл үйретудегі тиімді әдістерді классификациялау туралы түрлі көзқарастар. Лингвистикалық әдістер мен олардың қазақ тілін меңгертуде қолданылуы. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде мемлекеттік тілді оқыту әдістері, олардың түрлері мен маңызы, ерекшеліктері.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгертуде тілді белгілі бір заңдылықтар жүйесі ретінде ұсына отырып, қарым-қатынас құралы ретіндегі практикалық мәніне басымдылық беру. Тілді оқытудағы (меңгетудегі) негізгі әдіс – қатысым әдісі. Қатысым әдісі – тілдің қарым-қатынастық табиғатынан туындайтын жетекші әдіс. Қатысым әдісінің ұстанымдары , өзіндік белгілері.
Достарыңызбен бөлісу: |