Кіріспе
Пәннің мақсаты
|
Қазақ тілі фонетикасының ерекшеліктерін жан-жақты талдап, терең меңгеріп, білім арнасын кеңейту үшін фонетикалық процестерді күнде-лікті істерінде дұрыс пайдалануға дағдыландыру үшін ғылыми мәселелерді жете меңгеру.
|
Пәннің міндеттері
|
Қазақ тілінің дыбыстық құрамы, дыбыстардың жасалу жолы, жасалу тәсілі, сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері, сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ықпал заңдылықтары, үндестік заңы, буын және екпіннің түрлері, олардың атқаратын қызметтері, фонетикалық құбылыстар жайлы мәселелерді түсіндіру. Фонетикалық талдауды практикалық тұрғыдан меңгерту, ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып талдау арқылы фонетикалық заңдылықтарды тұжырымдау.
|
Күтілетін оқу нәтижелері
|
1- Қазақ тілінің дыбыстық құрамын, фонетикалық құбылыстар жайлы мәселелерді түсіндіреді.
2 - Қазақ тіліндегі дыбыстардың емлелік ерекшеліктері жайын талдайды.
3 - Ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, фонетикалық заңдылықтарды тұжырымдайды.
4 - Игерген теориялық білімін практикада дұрыс қолданады.
5 - Тіл дыбыстарын жіктейді.
6 - Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
|
Оқыту әдістері мен технологиялары
|
1. Оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері:
- тілдік әдістер (әңгіме, дәріс, семинар, диологтық оқыту, топтық оқыту, бірлесе оқыту);
- көрнекілік әдістер (иллюстрациялар, көрсетелем, таныстырылым);
- тәжірибелік әдістер (жаттығу, постер, кластер, буклет) жасау;
- репрдуктивтік әдістер;
- проблемалық-ізденушілік әдістер;
- өзіндік жұмыс әдістері (оқытушы басшылығымен және өз бетімен).
2. Оқу-танымдық әрекетті ынталандыру және уәжді арттыру әдістері.
3. Оқу-танымдық әрекеттің тиімділігін бақылау және жасату әдістер.
4. Блум технологиясы, Джиго әдісі, Кейс-стади, Жобалау әдіісі
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |