Дәріс мәтіндері 1- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері Жоспары: Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет5/34
Дата21.09.2023
өлшемі167,11 Kb.
#181935
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
1 lektsiya kazak tilin ok tu adistemesi kurmanova a.k-1

Лекция мәтіні (қысқаша):
Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне коммуникативтік тұрғыдан оқыту қатысым әдісі арқылы жүзеге асады. Қазақ тілін қатысымдық әдіспен оқыту жүйесінде айқындала бастаған мынадай ұстанымдар бар: тіке байланыс; адамның жеке қабілетін ескеру; сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау; сатылап даму; динамикалық өзгеру; өзектілік. Бұл ұстанымдар тілді үйретуде өте маңызды борлып табылады.
Тіке байланыс ұстанымы бойынша оқыту процесі адамдардың тек тікелей жүздесуі, сөйлесуі, өзара қарым-қатынасы арқылы болады. Бұл-қатысымдық әдіс арқылы ғана жүзеге асады. Өйткені тілдік қатынастың өзі адамзаттың бір-бірімен тікелей қарым-қатынасына, пікірлесуіне, сөйлесуіне негізделеді. Сондықтан қатысымдық әдісті қолданудың басты шарты-бүкіл оқыту жүйесінің тікелей байланыс арқылы жүзеге асуы. Тіке байланыс ұстанымы сабақ үстінде ғана емес, өмірде де жүріп жатады. Ол бір ұлт пен екінші ұлттың адамы ортақ тілде сөйлесе білсе, осының өзі тікелей қарым-қатынасты білдіреді. Сол себепті мұндай жағдайларды оқытушы да, оқушы да тиімді пайдалана білу керек. Тіке байланыс ұстанымының ерекшелігі-кез келген жағдайды, ортаны дұрыс пайдаланып, барлық уақытта ойға оралған пікірді сыртқа шығарып айта білу және оған қатысты жауап алу. Сөйтіп, сөйлесу мен түсінісуге жол табу.
Адамның жеке қабілетін ескеру жөніндегі ұстаным тіке байланыс принципіне негізделеді. Бұл қағида оқыту әдісінде тіл үйренушінің жеке басына тән барлық қасиеттерді психологиялық, педогогикалық тұрғыдан зерттеуге және онымен үнемі санасып отыруға бағытталады. Сондықтан барлық оқыту жүйесі оқушының зердесіне, ынтасына, қабілетіне қарай бейімделеді.
Сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау ұстанымы қатысымдық әдістің сапалы болуын қамтамасыз етеді. Мұнда тілді үйретуге байланысты қандай бағыт-бағдарды тандап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстар мен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай деген мәселелерді анықтап, белгілемей тұрып, алда қойылған мақсатқа жету де мүмкін емес. Бұл ұстаным оқыту процесінде өткізілетін жұмыстың бірнеше түрлерін қамти келіп, жұмыс түрлерінің санымен емес, сапасымен ерекшеленеді.
Жұмыс түрлерін айқындау ұстанымы мұғалімнің жан-жақты ізденуін, алдына нақтылы міндет қоя отырып, әр сабақтың мақсатын айқындап алуын талап етеді және тіл үйрету барысында мұғалімге еркіндік береді, белгілі бір мақсатқа орай оқытушы жұмыстың түрлері мен талабын оқушының жеке басының қажеттілігіне сай жетілдіріп не азайтып отыруына байланысты болады. Жұмыс түрлерін айқындау туралы ұстаным сөйлеудегі қатысымдық тұлғалардың атқаратын қызметі мен алатын орнын жан-жақты анықтауды қажет етеді.
Осыдан келіп, сатылап даму ұстанымына сүйенуге тура келеді. Бұл қағида бойынша адам мен адамның тіке байланысы да, оқушының жеке қабілетін ескеру де, сөйлеуге үйрету де жүргізілетін жұмыстың түрлері де бірте-бірте жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге, аздан көпке т.б. сатылап өсу үстінде болу керек. Мұнда бұл ерекшеліктердің бәрі жаңаша, жаңа түрде болуы шарт емес, тек бүкіл оқу жүйесі бір сатыда тоқтап қалмай, дамып отыру керек.даму кейде ескіні жаңаша пайдалану арқылы да, кейде бұрынғы жұмыстарды мақсатына сай пайдалану арқылы да, кейде өткендегіні қайталау арқылы да болуы мүмкін. Сатылап даму ұстанымының нақтылы жолдары мен үлгілері арнайы қарастыруды керек етеді және әр түрлі ұсыныстардың арасынан қажеттісін іріктеп алып, оларды жан-жақты толықтырып, тәжірибеден өткізіп, зерттеуді қажет етеді.
Динамикалық өзгеру ұстанымы тілді оқыту барысында барлық іс-әрекеттердің, жұмыстардың, қолданылатын құралдар мен материалдардың – жалпы қатысымдық әдістің іске асуы үшін қажет құрамды бөлшектердің жетіліп, өзгеріп отыруын қадағалайды. Ол жалпы жүйесінің бір орнында тұрып қалмай, сан жағынан да, сапа жағынан да үнемі өзгеріп отыруын қажет етеді. Бұл ұстаным бойынша тек сабақ берудегі жаттығулар мен мәтіндер, тапсырмалар мен тақырыптар т.б. ғана өзгеріп қоймай, қатысымдық әдіске әсер етуші сыртқы және ішкі факторлар да, олардың мәні мен маңызы да өзгеріп, дамып отыру керек. Сол арқылы адамдар қарым-қатынасындағы пікірлесу мен сөйлесу де жоғарғы мәдениеттілікке көтеріледі.
Өзектілік ұстанымы барлық тіл үйрету мен оқыту жүйесінің ең басты мақсатқа – тілдік қарым-қатынасқа –бағынуын талап ете келіп, сабақ беру жолдарының әрқайсысы ортақ бір өзек болатын қағидаға сүйенуін қажет етеді. Әр сабақ үстінде өтілетін тақырыптар, істелетін жұмыстар, сөйлесу жаттығулары мен тапсырмалар т.б. – бәрі сөйлесімді жүзеге асыратын шешімге келіп тірелуі керек.
Тілді үйретудің басты түйіні, кілті – қазақ тілінде сөйлесе білу, өз ойын жеткізе білу. Ол әрбір сабаққа белгілі бір тақырыпта тілдесе білуден бастап, кез келген ортада пікірлесуге дейін жеткізеді. Сондықтан оқытудағы әр түрлі жұмыстар, сабақтар, т.б. бір орталық өзектен пайда бола келіп, басты түйінге айналып соғып отыруы керек. Сабақтың өзектілік негізі бір сабақта орындалуы мүмкін, керісінше бірнеше сабаққа, тіптен сабақтар жүйесіне созылуы да ықтимал. Оқыту жүйесіне қатысты теория мен практиканы, тәжірибе мен білімді жинақтай келе қатысымдық әдіс туралы анықтама сөйлесім әрекетінің түрлерін меңгеру әдістемелік ұстанымнан ғана құралмайтындығын аңғаруға болады.
Бұл әдістердің бәріне ортақ мақсат - сөздің қолданылу ерекшеліктері мен мағыналарын түсіндіру, тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту, ауызекі сөйлеу тілінің сөздік қорын үйрету. Бұл әдістерді қолданудың нәтижесінде оқушының сөз байлығы дамиды, дұрыс сөйлеу қабілеті артады, тілдік тұлғаларды дұрыс оқып-жазуды игереді, олардың сөйлеу ерекшеліктері қалыптасады.
Оқыту теориясының даму принциптері, оның ішінде қазақ тілі әдістемесінің методологиялық негіздері қоғам өміріміне тығыз байланысты.Біздің қоғамымыз ілгері дамыған сайын оқыту процестерінің де мазмұны жаңарып, әдістері жетілдіріліп келеді. Оқыту процесінде кездесетін себептілікті, байланыстылықты, бір –біріне тәуелділікті, даму жолдарын нақты ажырту үшін таным заңдылықтарын жете білудің маңызы зор.
Әрбір пәннің оқыту әдістемесі белгілі бір ғылымға негізделеді. Мысалы, әдебиетті оқыту әдебиеттану ғылымына, тарихты оқыту тарих ғылымына, ал қазақ тілін оқыту әдістемесі қазақ тіл біліміне тығыз байланысты қаралады. Тілде дамымай, өзгеріске ұшырамай, бір қалыпта қалып қоятын мәңгілік ешнәрсе жоқ, бәрі де өзгереді.Тілдің синтаксистік жүйесіндегі өзгеріс, даму, ең алдымен, сөздердің, яғни сөз таптарының бір –бірімен тіркесімпаздық қасиетіндегі құбылыстардан, синтаксистік элементтерді бір –бірімен қарым –қатынасқа келтіретін амал –тәсілдердегі, формалардағы құбылыстардан, грамматикалық формалардың мағыналары мен функцияларындағы құбылыстардан байқалады. Мұндай құбылыстардың нәижесінде сөздердің бір кездегі грамматикалық топтарының басқа бір топтағы сөздермен немесе өзді -өзімен синтаксистік байланысында кездеспейтін жаңа тіркестер туып, қалыптасады. Мысалы, мейраммен құттықтау, еңбек озаты, жер серігі т.б.Тіл біліміндегі осындай өзгерістер қазақ тілні оқыту әдістемесінің дамуына әсерін тигізді. Осының нәтижесінде қазақ тілі бағдарламасы мен оқулығына «Сөз тіркесі», «Лексика» бөлімдері енгізілді. Мысалы, қазақ тілі бағдарламасы мен оқулығындағы фонетика, грамматика жөніндегі материалдар, қазір лексика стилистика, орфография мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылады. Қазақ тілі курсындағы сөз таптары жөніндегі ережелер де нақтыланып, сөз тудыру мәселесіне арнайы бағдарлама мен оқулықтан орын беріліп отыр. Мектепте қазақ тілін оқыту барысында оқушының ауызша және жазбаша тіліне көп көңіл бөлінеді. Мұның өзі тілдің фонетика, орфография және орфоэпия бөлімдерін саналы меңгеруге байланысты. Бұл тақырыптарды дұрыс меңгерген оқушы жазба жұмыстарында қате жібермей сауатты жазатын болады. Бұлардың бәрі де оқыту процесінде байланыстырып сөйлеуге дағды бере отырып, ойын жүйелі, дұрыс айта білуге жаттықтырады. Қазақ тіл біліміндегі сөз тудыру мәселесі біршама зерттелді. Мұның мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінде үлкен әсері болды. Әсіресе, қазақ тілі оқулығы мен бағдарламасына бұл тақырыптар енгізіліп, сөздің құрамына, сөз тудыру жұмыстарына баса көңіл бөлінді. Ол оқушылардың сөздік қорының баюына, орфографиялық дағдыларды меңгеруіне жағдай жасады. Қорыта келгенде, қазақ тілін оқыту әдістемесі тіл ғылымының осындай дамуына, оның қойып отырған талаптарына сай жетіліп келді. Мектепте оқытылатын қазақ тілі материалдарының қандай саласы болмасын (фонетика, лексикасы мен фразеологиясы, орфографиясы мен орфоэпиясы, грамматикасы сөздердің өзгеруі мен сөздердің сөйлемдегі тіркесі, сөйлем түрлері мен оның белгілері) қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі обьектісі болып табылды да оның ешқайсысы әдістемелік амал – тәсілдерсіз оқытылмайды. Сондықтан қазақ тілі мектепте арналған бағдарлама бойынша белгілі бір пән ретінде танылса, қазақ тілін оқыту әдістемесі оны оқыту әдістері мен тәсілдерін белгілейтін ғылым демекпіз.
Қазіргі мектепте оқу –тәрбие жұмысын түгелдей қайта құру жұмысы жүргізіліп жатыр. Қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдердің міндеті – алдында отырған әр оқушының психикалық –физиологиялық даму және қалыптасу ерекшелігін білумен бірге мұғалімнің оқушылармен қарым – қатынасы негіздерін де білу қажеттігі туып отыр. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында (1992ж) «Педагог кадрларды қазіргі заман талаптарына сай дайындау, әрі мамандығын үздіксіз жетілдіру – мұғалімнің мамандық шеберлігінің басты белгісі – оның психологиялық жоғарғы әзірлігі болып табылады» - делінген. Психология, педагогика, әдістемені жетік білген шебер мұғалімдер оқытуда көп қателік жібермейді.Сондықтан ана тілінен сабақ беретін мұғалім, біріншіден, психолог болу керек. К.Д. Ушинский өзінің «Ана тілі» оқулығын жасауда баланың психикасын жете білуіне мән бергені соншалық, ол өзінің дидактикалық пікірлерін, сол кезде жаңа дамып келе жатқан психология ғылымының жетістіктеріне негіздей отырып жасаған.К.Д.Ушинскийдің осындай пікірлеріне сүйенген қазақтың тұңғыш педагогы Ы.Алтынсарин өзінің жасаған «Хрестоматиясында» баланың жас ерекшелігі мен өзіндік ерекшелігімен санаса отырып былай деген: «Мұғалімнің жұмысы – балалар. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесу, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, мәнерлі сөз, орынсыз терминдерді пайдаланбау керек» - деген болатын. Бұл жерде ол оқытушының терең білімі, ойы жоқ, әдемі сөйлеп, ғылыми терминдермен мақтанғысы келетін, оқушылардың жас ерекшелігімен санаспай әдіс – тәсілдердің қажет екенін білмейтін» оқытушының әдістер жөнінде оның өте тапшы, үстірт қана түсінігі бар екенін айтып, білім беруде оқытушының әдіс – тәсілді жете білуін қалайды. Адамның немесе баланың жан дүниесіне терең үңіліп, оны ой елегінен өткізген. Абай. « .... соның бірі –ес. Ес –сана болмаса адам балаға ғылым, білім, мәдениет салаларын меңгерте алмас еді» - деп адам психологиясының барлық жағына терең үңіліп, тиісінше талдаулар жасайды. Абайдың: «Ақыл , қайрат, жүректі бірдей ұста , сонда толық боласың елден бөлек...» - деп олардың бірлігін көрсетеді. Жүрек сөзі –мидың символы, мидың өкілі –ойлау, түйсік, мінез. Олай болса ұлы Абайдың ақылын, қағидасын ескере отырып, білім беруде сүйіспеншілікпен, ықыласпен сабақ беру – психологиялық ерекшеліктер. Қазақ тілінен сабақ беріп жүрген мұғалім үшін үнемі үздіксіз ізденіс үстінде болатыны белгілі. Сондықтан, еске салатын жай, оқушы психологиясын терең зерттей білуде психология ғылымына еңбегі сіңген ғалымдарымыздың еңбектерін оқып, ойға тоқып отыру керек.Тілдік ұғымдарды психология ғылымы тұрғысынан зерттеу идеясын Қазақстанда тұңғыш рет құнды пікір айтқан тюрколог ғалым І.Кеңесбаев болды. Ол 50 –жылдары қазақ тілін оқыту мәселелерін психологиялық тұрғыдан зерттеу игілікті іс екенін айтып дәлелдеген. Онан кейін оқытудың психологиялық жақтарын М.Мұқановтың 1962 жылғы «педагогиканың психология очерктері» еңбегінде айтылды.Ә.Ситдықов, Т.Сабировтың еңбектері, кейін «Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеру психологиясы» жайлы Ә.Алдамұратов «Тіл мұғалімдері өздерінің ұстаздық шеберлігін арттырып, тілді оқыту саласында білім дәрежесін шыңдауда методика мен психология ғылымының жетістіктеріне мән бермейді» - дей келіп, педагогиканың психологияның зерттеу әдісін де анықтап, оқушылардың білім алудағы ұғымын, ақыл –ойын өрістетуде психологиялық ерекшелігіне күш салу қажет екенін айтып, сабақ барысында саналы білім беру жөнін көрсетеді. Академик Т.Тәжібаевтың еңбектерін «Жалпы психология» оқып отыру бүгінгі күнде қажет –ақ. Қазақ тілін оқыту барысында Т.Тәжібаевтің білім алуда жаттықтыру дағдыларына сүйенеміз. Ол дағдыға машықтанудың төрт түрлі жолын береді.
1.Бірнеше рет қайталау арқылы дағдыландыруға кеткен уақыт біртіндеп азая береді.
2. Дағдыланған сайын атқаратын жұмыстың сапасы арта түседі. Мысалы, бала хат танып, жазуға үйрету үстінде жазуының сапасы арта түседі, жазуы анық, ашық, көркем бола түседі.
3. Дағдыланған сайын әрекеттер ұшырасатын қателердің саны бірте – бірте азаяды.
4. Дағдылануда әдепкі кезде адамның күш –жігері көбірек жұмсалатын болса, бара – бара онысы бәсеңсиді.
Қазақ тілінен сабақ беретін мұғалім жаттықтыру барысында дағдыландыру әрекетін жақсы есте сақтауы керек. Тіл мамандары сонымен қатар ана тілі сабағында индукциялық – дедукциялық тәсілді жақсы білуі қажет
Тіл маманы үшін сыныптағы әр оқушының психологиясын жете біле отырып, педагогикалық тактімен жұмыс істеу шеберлігі ұштасқанда табысқа жеткізеді. Белгілі ақын, педагог, ана тілі жайында бірнеше еңбек жазған М.Жұмабаев « ... ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай анық көрініп тұрады. ... Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Оның табансыздығын сезсе, бала онымен сөйлесуден, тілін алудан қалады» - деп, тәлімгер шәкірттерінің жан жүйесін (зейін, ес, қиял,сөйлеу,ойлаут.б.) ерекшеліктерін ескермесе, педагогикалық шеберлікті ұштастыра алмайтынын ескертеді.М.Жұмабаевтың соңғы шыққан «Педагогика» еңбегі баланың психологиясымен санасатын үлгі алатын еңбек. Мысалы, мұғалім жаңа материалды ұғындыру үшін іске кіріседі. Бұл кезде зейін тұрақтылығын да ескеру керек. Психологтарымыз баланың зейін тұрақтылығы 7-10 минутке жететінін дәлелдейді. Олай болса, оқушыны жалықтырмау үшін әдіс –тәсілдің түрлерін пайдалануды ойластыру қажеттігі туады. Бұл сәтте тіл маманы ұстаз педагогикасындағы дидактика ғылымына жүгінеді. Балалардың бәрін оқыта білуге қолын жеткізу. Ол үшін педагогтардың алдында тұрған міндеті: мұғалімнің жеке басының білімдарлығы, белсенділігі, оқу еңбегінің көлемін шамалай білуі, шәкірттерімен дифференциялық қатынас жасау, оқу – тәрбие міндеттерін білуі, формализмге жол бермеу, оқытудың әдіс –тәсілін жақсы меңгеруі т.б.
Қазіргі мектепті қайта құру мәселесі жүріп жатқанда, қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер оысндай педагогикалық қасиетті жақсы меңгерулері керек. Қазақ тілі мұғаліміне қажетті қасиеттер: өз ойын көркем жеткізе білу, анық және түсінікті сөйлей білу, өз сөзінің де, оқушының сөзіндегі де қателіктерді байқау қиялдай білу;айтайын деп тұрған әңгімені толық, ұғымды түсіндіру;жазбаша сауатты сөзді игеру;оқушылармен еркін сөйлесіп, жақсы қарым –қатынаста болу;оқушыға деген сүйіспеншілік, адамгершілік, қамқорлықтың болуы;ұлттық мәдениеттің болуы, әдет –ғұрып салт –дәстүрді өзінің де, оқушының да бойына сіңіру, құрметтеу, әрбір оқушыны жеке тұлға деп танып әрқайсысымен жұмыс істеуді дағдыға айналдыру қажет.Психология, педагогика ілімін меңгерумен бірге, мұғалім әдістеме жөнінде көп көңіл бөлу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет