1-тарау.Жалпы ережелер 2-тарау.«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
Қосымша:Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған
«Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар.
5-сыныпқа арналған лексикалық-грамматикалық минимум
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» бағдарламасыныңмақсаты – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының негізгі міндеттері:
шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру;
білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлға қалыптастыру;
туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу;
оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;
оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;
оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
3. 5-сыныпқа арналған орта мерзімдіоқу жоспары «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған. Қазақ тілі мен әдебиеті кіріктірілген пән ретінде қарастырылады. Орта мерзімді жоспардың мақсаты – мұғалімге әдістемелік көмек көрсету. Оқушыларға мемлекеттік тілді үйретумен қатар, оны қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға тәрбиелеу. Сөйлесім әрекетінің түрлерін дамыту, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Апталық жүктемесі – 5 сағат. Жылдық сағат саны – 170 сағат.
Мұғалім лексикалық тақырыптар аясында оқушылардың білімін жетілдіреді, дүниетанымын кеңейтіп, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсуге дағдыландырады, қазақ халқының ұлттық болмысы мен құндылықтары туралы түсінік береді. Көркем шығармаларды оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне және сын тұрғысынан ойлауға бағыттайды. Әңгіме, өлең, ертегі, аңыз, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары оқушылардың жас ерекшелігіне, оқыту мақсатына сай бейімделу қажет. Тарауға белгіленген сағат саны оқу мақсаттарын, коммуникативтік дағдыларды, көркем шығармаларды оқытуды қамтиды. Сонымен қатар мұғалімнің тарауды бірнеше тақырыпшаларға бөліп оқытуға және қосымша ресурс көздерін таңдауға мүмкіндігі бар.
4. Қысқа мерзімді сабақ жоспары орта мерзімді жоспардағы оқу мақсаттарына негізделіп құрастырылады. Оқу үдерісінің тиімділігін арттыру үшін мұғалімге бір сабақта бір-екі оқу мақсатын іске асыру ұсынылады. Лексикалық тақырыптар бойынша белгіленген оқу мақсаттарының барлығы іске асырылуы қажет. Мұғалім оқу мақсаттарының ретін қажеттілігіне қарай алмастыра алады, оқу мақсаттарына қайта оралуға мүмкіндігі бар. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін «Жаратылыстану», «Қазақстан тарихымен» пәнаралық байланыс арқылы оқыту мүмкіндігі қарастырылған. Ресурс көздерін таңдағанда, тақырыптың өмірмен байланысын ескеру керек. Тапсырмаларды әзірлеуде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту көзделеді. Мұғалімдерге пәнаралық байланыста оқытылатын тақырыптар бойынша сабақ материалдарын бірлесіп әзірлеу, кіріктірілген сабақтарды дайындау ұсынылады.
Грамматикалық білім коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру барысында жүзеге асырылады. Грамматиканы оқыту лексикалық тақырыптардың мәнмәтіні негізінде меңгеріледі. Тапсырмалар коммуникативтік жағдаяттарға негізделеді, дайын шаблон, модель, құрылымдар арқылы орындалады. Оқылым, тыңдалым, жазылым және айтылым дағдылары коммункативтік дағдылар болып табылады. Аталған дағдылардың әрқайсысының өзіне тән ішкі дағдылары мен оны үйрету жолдары, яғни ерекшеліктері бар.
Тыңдалымғаарналғансабаққұрылымы:
- тыңдалым алдындағы тапсырма (тақырыппен таныстыру, жаңа сөздерді үйрету, болжам жасату, өткен тақырыппен байланыс);
- тыңдалым тапсырмасы (оқу мақсатына негізделген жалпы мазмұнын түсінуден бастап, детальді түсінуге арналған жаттығулар);
- тыңдалымнан кейінгіт апсырмадан (оқушының қарым-қатынасы, пікір білдіру) тұрады.
Оқылымға арналған сабақ құрылымы:
- Оқылым алдындағы тапсырма (мәтін тақырыбын ашу, сөздерді алдын-ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою);
- Оқылым тапсырмасы (әр түрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар, нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс);
- Оқылымнан кейінгі тапсырма (мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары).
Мәтін оқушылардың жас ерекшелігіне, тілдік деңгейіне сай дұрыс таңдалуы қажет. Сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалуы керек.
Жазылым мен айтылым дағдыларын қалыптастыру мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдер тыңдалым мен оқылым дағдыларын жетілдіруге бағытталады.
Орта мерзімді жоспарда ұсынылған дерек көздермен қатар оқушылардың жас ерекшелігін, тақырып мазмұнын ескере отырып, мұғалім қосымша ресурстарды пайдалануы мүмкін. Ресурс мазмұны оқу бағдарламасындағы сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша талаптарға сай, ұлттық салт-дәстүрді, мәдениетті дәріптеуді, оқушы бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталады.
5. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалаудыөткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқумақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болыптабылады.
6. «Қазақ тілі жәнеәдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау,ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар«Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білімалушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауғамүмкіндік береді.Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізугеарналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ,жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар)сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімініңәдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқада мүдделі тұлғаларға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |