Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе


Тақырып 1. Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы



Pdf көрінісі
бет3/75
Дата19.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#174979
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Байланысты:
uPVjmoSnRZS8KcUm0uaB3GIghuMv8h1vVtGqSigX

Тақырып 1.
Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы

1.Тарихи үдерісті кезеңдерге бҿлу. 
2.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. 
3.Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мҽдениеті. 
Тақырып2.Мемлекеттіліктің қалыптасуының бастапқы кезеңі, Ҧлы Жібек жолы 
аумағындағы көшпелі және отырықшы мәдениеттің урбандалуы мен өзара 
қатынастары (б.з.б.III – б.з. II ғғ)
1. Кҿшпеліліктің пайда болуының алғышарттары: табиғи-географиялық жҽне ҽлеуметтік-
мҽдени факторлар. 
2. 
Ерте темір дҽуірі хронологиясы мен археологиялық мҽдениет ескерткіштері
3.
Ерте темір тайпаларының этносаяси жҽне ҽлеуметтік тарихы.
4.
Жетісу жҽне Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері 
Сіз ҿз ҿміріңізде адамның пайда болуы туралы ҽр түрлі пікірлер есіткенсіз, бірақ бұл 
мҽселе сізге ҽлі-де жұмбақты болып түр.
Ҿйткені, тарих ғылымының үлкен жетістіктеріне қарамастан адамзаттың пайда 
болуы туралы сұраққа анық жауап беру ҽлі де күрделі күйінде қалып отыр. Бұл 
проблемада жұмбақты тұстар мол. 
Алғашқы қауымдық құрылыс адамзат тарихының ең алғашқы кезеңі. Бұл кезеңнің 
басталу мерзімін ғалымдар 1 млн. жыл бұрын , яғни ежелгі тас дҽуірі -деп есептейтін. 
1959 жылы Шығыс Африкадағы Олдувое мекенінен табылған адамның жақ сүйектері 
адамның пайда болуы түралы мҽселеге үлкен жаңалық енгізді. Ғалымдар бұл адамды 
шартты түрде ―зинджантроп‖ деп атады . Ол 1.750 000 жыл бұрын ҿмір сүрген деп 
саналады. 1960 жылы дҽл сол жерден археологтар 11-12 жастағы баланың бас сүйегін 
қазып алды. Ол зинджантроп табылған қабықтан тҿменгі қабықта орналасқан екен. 
Зерттеушілер бұл ежелгі адамды оның дене бітіміне жҽне онымен бірге табылған тас 
қарулар негізінде 
“епті адам”
деп атаған. 


Аталмыш жҽдігер адамзаттың ежелгі ҽулеттері 2 млн. жыл бұрын пайда 
болғандығынан дерек береді. Оның бас миының кҿлемі 652 см³-ді құраған, яғни қазіргі 
маймылдардың миынан ҽлде қайда үлкен болған. Ол маймыл сияқты тҿрт аяқпен емес, 
екі аяқпен жүрген. Олардың негізгі еңбек қарулары тастан жасалған. 
Адамзат дамуының кезекті сатысы ―тік жүретін адамдар‖ кезеңі. Бұл адамдардың 
ҿкілдері питекантроп пен синантроп. 
Питекантроп адамы бірінші рет 1891 жылы Ява аралынан табылған. Ол осыдан 1 
млн. жыл бұрын ҿмір сүрген. Қазіргі уақытта Европа жҽне Азиядан, Шығыс жҽне 
Оңтүстік Африкадан 10 питекантроп адамының сүйектері табылған. ―Епті адаммен‖ 
салыстырғанда питекантроптың бас миының кҿлемі үлкен, яғни 950 см³ болған. Бас жҽне 
жақ сүйектері кішірейген, аяғы ұзарып , қолы қысқарған. 
Синантроп адамы 1927 жылы Пекин маңындағы Чжоу Коу Дянь үңгірінен табылған. 
Қазіргі ғылымда 50 синантроп мекендері зертелген. Синантроп адамдарының сүйектері 
мен олардың тас қарулары, отқа күйдірілген тастар табылған. Мүның ҿзі синантроптың 
отты пайдалана білгендігін дҽлелдейді. 
Адамзат дамуының кезекті сатысы неондерталь адамының дҽуірі, ол алғаш 
Германияның Неондерталь қаласы маңынан табылған. Оны ҿзінің бұрынғы ҽулеттерімен 
салыстырғанда дене құрылымында едҽуір ҿзгерістер болған: қас үстіндегі томпақ 
жоғалып, маңдайы тегістелген, иегі пайда бола бастаған. Бас миы қабығының кҿлемі 
1300-1400 см³ болған.
Қазіргі тарих ғылымында Евразия жҽне Африка аймақтарынан 120-дан астам 
неондертал адамының қалдықтары зерттелген. Сондай-ақ неондерталь адамы 1938 жылы 
Ҿзбекстан Республикасының Тесікташ үңгірінен де табылған. 
Алғашқы адамдар бірге жүріп, ҿздеріне баспана, мекен-жай үшін үңгірлерді, 
апандарды жануарлардан тартып ала бастайды. Жыртқыш жануарлардан бірге жүріп 
қорғанады. Тапқан табыс ортақ болған. Бұлардың ҿмірі маркстік турғыдан қарағанда, 
алғашқы қауымдық ―коммунизм‖ деп аталған. 
Алғашқы қауымның ҿндіргіш күштері түралы мҽліметті археология ғылымы береді. 
Олар: 
-
бірінші – алғашқы адам; 
-
екіншісі – оның тас құралы; 
Археология ғылымы зерттеуді осы тас құралдардан бастайды. 
Қазақстандағы алғашқы қауымдық қүрылыс ескерткіштерінің зерттелуінің азды-
кҿпті ҿзіндік тарихнамасы бар. Қазақстан жеріндегі тас құралдар туралы алғашқы 
деректер ХІХ ғасырдың 50- жылдарынан басталады. 
1862 жылы қазіргі Атырау облысының Александров портынан пышақ тҽріздес тас 
құралдар табылса, ал 1883 жылы Абайдың досы П. Михайэлестың тілегі бойынша, Семей 
қаласында ҿлкелік музей ашылып, оның сҿрелеріне 80-нен астам тас жебелер, тас 
найзаның ұштары, қырғыштар, пышақ тҽріздес жаңқышақтар, тас балталар қойылады.
Бұқтырма үңгіріндегі адамдар тұрған қонысқа қазба жұмысы жүргізілген. Жұмыстың 
барысында от орындары, кҿп қырлы жаңқышақталған ҿзекшелер табылған. Кҿне тас 
дҽуірінің үш кезеңінен табылған тастан жасалған құрал – жабдықтарға зер салып қарасақ, 
алғашқы адамдар ҿміріндегі болған жаңалықтарды байқау қиын емес. Тастан жасалатын 
құралдар саны - сапасы, түрі жағынан дамып отырған. Бұдан байқалатыны адам 
баласының жетілұі, ойлау санасының дамуы, еңбек процесіне деген қабілетінің біртіндеп 
ҿсуі. 
-
Алғашқы адамдар топ-топ болып жүрді дейміз, оны қалай білуге болады? - 
деген сұрақ тууы мүмкін. 
-
Оны біз тастан жасалған құралдардың бір жерден жҽне от жағылған жердің 
айналысынан кҿптеп кездесуінен кҿреміз. Мҽселен, Арыстанды ҿзенінің 


бойындағы Ш. Уҽлиханов қонысындағы мыңдаған тас құралдардың бір жерден 
табылуы адамдардың алғашқы қоғамдық ұйымын, дҽлірек айтсақ, рулық 
құрылыстың бастамасы екендігін кҿрсетеді. Ал қоныстардан отты пайдаланудың
байқалуы алғашқы адамдардың ҿмірінде ҿз кезіндегі үлкен прогрессивтік жаңалық 
екендігін Ф. Энгельс орта ғасыр дҽуріндегі адам баласының бумен жүретін 
машинаның табуымен салыстырады. Отты пайдалану деген сҿз алғашқы 
адамдардың ҿмір сүру үшін табиғатпен күрес жүргізуінің басталғандығы. 
Дүние жүзіндегі тас дҽуірінің классификациясы бойынша кҿне тас дҽуірі мен жаңа 
тас дҽуірінің арасында ҿтпелі дҽуір мезолит - (мезо-орта, лит-тас, яғни ―орта тас‖) дҽуірі 
бар. Бұл дҽуір б.з.д. 10 мың жылдықтан – б.з.д. 5 мың жылдыққа дейіндегі тарихи дҽуірді 
қамтиды. 
Мезолит дҽуірінің ҿзіне тҽн бір ерекшелігі – адам баласының ҿмірінде ірі- ірі екі 
оқиға болды:
-
Біріншісі, - жаңа қарудың пайда болуы: Садақ пен жебе ойлап шығарылды 
жҽне микролиттер – үшбұрыш, ромб, трапеция, сигмент тҽрізді ұсақ қалақтар 
пайда болды. 
-
Екіншісі, - дҽуірдің аса маңызды белгісі мал ҿсіру мен егіншілік, яғни 
ҿндіруші шаруашылық деп аталатын шаруашылық туды; бұл ҿндіруші 
шаруашылық табиғаттың дайын ҿнімдерін иемдену орнына: жиып – теру, аң 
аулаудың орнына келеді. 
Шаруашылықтың жаңа түрлерінің шығуының адамзат қоғамының дамуы үшін 
орасан зор маңызы болды, адамның еңбек кҽсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар
оның сипатын сапа жағынан ҿзгертті. Адамның экономикалық қызметінен одан кейін 
талай мың жылдарға созылған бүкіл тарихы шаруашылықтың осы екі формасының даму, 
жетілу тарихы болып табылады.
Жаңа тас-―неолит‖ дҽуірі б.з.б. бес мың жылдық пен б.з.б. үш мың жылдық
арасын қамтиды.
Еліміздегі жаңа тас дҽуірінің ескерткіштерін зерттеуде академик Ҽ.К.Марғұлан 
бастаған қазақ археологтарының еңбектері де айтарлықтай. Олардың ішінде, ҽсіресе тас
дҽуірдің маманы Х.Алпысбаевтың еңбегі зор. Ғалым Оңтүстік Қазақстанда жүргізген 
ғылыми барлау жүмыстарының барысында (1970-1977жж.) Жаңашелек 1,2,3, Маятас, 
Дермене 1,2,3, Арыс 1, Тасқотан жерлерінен жҽне Жезқазған жерінен Щалқия 1 қаласын
орта жҽне жаңа тас дҽуірлерінің ескерткіштерін зерттеген. Ғалым табылған тас 
құралдарға анализ жасай келіп, Оңтүстік Қазақстаннан табылған тас құралдар орта жҽне 
жаңа тас дҽуріне жататындығын айтса, ал Жезқазған ҿңірінен табылған тас құралдар 
жаңа тас дҽуірінің соңғы кезіне жататын дығын дҽлелдейді. Бұдан шығатын қорытынды, 
егер, Оңтүстік Қазақстан кҿне тас дҽуірінің кезіндегі адамдардың Отаны болса, одан 
біртіндеп, орта жҽне жаңа тас дҽуірінің кезіндегі адамдар Қазақстанның басқа
аудандарына тарай бастаған деген ой туғазды. 
Қазақстанда жаңа тас дҽуірінің молалары ҿте аз кездеседі. Оларға жүргізілген қазба 
жұмыстар осы дҽуірдің ҿзінде-ақ оларда діни ҽдет-ғұрыптардың болғандығын 
кҿрсетеді. Мҽселен, Солтүстік Қазақстанда Ертіс ҿзенінің бойындағы Железинка
поселкасының жанындағы молалардағы зерттеу жүмысын жүргізгенде, жерленген
адамның жартылай ҿртеліп қойылғандығы жҽне оның жанында ыдыстың сынықтары
жануарлардың сүйектері кездеседі. Қасқыр, карсақ, түлкі сияқты жыртқыш аңдардың
тісінен жасалған моншақтар, ҿлген адамдармен бірге жерленгені олардың о дүниеге
ойын білдірсе, ал ҿртеп ыдыспен бірге жерлеу алғаш рет қол ҿнердің пайда
болғандығын кҿрсетеді.
Жаңа тас дҽуіріндегі қоғамдық құрылыстың кҿрінісі, аналық рулық құрылыстың 
болғандығын байқатады. Жан бағу, күн кҿруде аналардың ролі басым болған. Бұл дҽуір 


тарихта матриархат дҽуірі деп аталған. Оның негізгі себебі қоғамдық еңбек бҿлінісіне 
байланысты болады. 
*** 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет