Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет6/75
Дата19.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#174979
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Байланысты:
uPVjmoSnRZS8KcUm0uaB3GIghuMv8h1vVtGqSigX
369700, Биология 《8》
біріншіден,
жергілікті сақ, үйсін, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан, батысқа қарай 
жылжуына себеп болса
, екіншіден
, ол тайпалардың антропологиялық жағынан ҿзгеруіне 
ҽкеп соқты. 
Үшіншіден,
түркі тілі кең таралып, жергілікті диалекті болып қалыптасып 
нығая түсті. Соңғы екі жағдай V ғасырда Қазақстан жеріне түркі тайпаларының жаппай 
келе бастауының тереңдей түсуіне ҽсер етті.
Ғұн тайпаларындағы ҽлеуметтік теңсіздікті зираттардағы жерленген адамдармен 
бірге қойылған бүйымдар арқылы байқауға болады. Үстем тап ҿкілдерінің молаларынан 
қымбат бағалы заттар кҿп табылса, кедей адамдардың қабірлерінен жай ғана жасалған 
арзан бағалы бұйымдар кездеседі. Ал кейбір мүрделерде ештеңе де жолықпайды. Жазба 
деректердегі "шаньюй хан" немесе ''ғұн шонжарлары" деген сҿздер үстем тап ҿкілдерінің 
болғандығына дҽлел. 
Патриархтық-рулық құрылыстың кезіндегі шаньюйді ру ақсақалдары сайлайтын 
болса, ал патриархалдық-феодалдық жаңа қатынастардың дамуына байланысты, ол ҿзінің 
күшінен айрыла бастайды. Шаньюйлік енді мұрагерлікке кҿшеді. Ғұн шаньюйі ҿлсе оның 
орнына інісі не оның баласы отыратын. Наразы болғандар қатал жазаланатын. Сонымен 
қатар ғұн шаньюйі ҿз тҿңірегіне ең жақын туыстарын сайлап, ғұн шонжары деген атақ 
беріп, оларға жердің шұрайлысын бҿліп беретін. Билік ҿкілдерінің баю кҿздерінің бірі: 
соғыстан түскен байлық болса, екінші кҿзі қолға түскен тұтқындарды үй құлына 
айналдырып, оларға мал баққызып, егін айдататын. 
Ғұн шонжарлары ауыл-ауыл болып кҿшіп жүрген. Сым Цяннің хабары бойынша, 
малға отбасылық меншік пен қатар отбасы ішіндегі ҽрбір адамның да ҿз меншігі болған. 
Мүндай ҽдет қазақтардағы балаларға "бҽсіре" атауға ұқсас па деген ой туғызады. Сым 
Цяннің хабарына қарағанда, ғұндар Хань ҽулетінің елшілеріне қоралап қой, үйір-үйір 
жылқы сыйға тартушы еді дейді. Сірҽ де бұл кез ғұндардың Хань ҽулетіне тҽуелділікке 
түскен мезгілі болса керек. Сондай-ақ, ғұндарда жылқының кҿп болғандығы жиі 
айтылады. 
Зираттардан табылған садақтардың сырты сүйекпен қапталған. Жебелерінің екі түрі 
болған. Ҽдетте, ұшқыр, ауыр ұнғылы сауыт бұзар жебені темірден жасаған. Ұзын 
семсерлері ат үстінде жүріп соғысуға ыңғайлы болған. 
Ғұн қоғамы ҽскериленген қоғам болды. Ҽрбір қоғам мүшесі кез келген уақытта, 
садағын асынып, атына мініп елін қорғауға немесе жорыққа аттануға дайын тұратын. 
Ғұнның ҽрбір ер азаматы ҿмір бойы ҽскери міндетті болып, белгілі бір ҽскери бҿлімде 
есепте тұрды. Ҽскери қызметтен қашқандар ҿлім жазасына кесілетін болған.
Ғұндардың орасан мол ҽскері болды. Ҿздері жаулап алған жерлердің бҽрінде 24 
тайпадан түратын ғұндар артықшылықтардан пайдаланды.
Ғұндардың империясы жоғарыдан тҿменге дейін түгелдей ҽскери жҽне азаматтық 
биліктің біріккен үлгісі болды. Ғұн мемлекетінде олардың артықшылығын дҽріптейтін, 
қоғам мүшелерін дуниежүзінде үстемдік орнатуға тҽрбиелейтін ерекше тҽлім-тҽрбие 


жұмысы тұрақты жүріп отырған. Бұл орайда ғұндардың Тҽңірге табылған діни сенімі де 
үлкен рол ойнаған. Осының нҽтижесінде ғұндар тарихта алғашқылардың бірі болып 
ҽлемдік дҽрежедегі империя құрып, бірнеше ғасырлар бойы Евразияда кҿшпелік 
ҿркениетке негізделген кҿшпелі мемлекеттік құрылымның негізін қалады. Алғаш рет
ҽдет-ғұрыптарды заңдастыратын, кҿшпелі ҽдет-ғұрып құқығының негізін салды. 
* * * 
Қытай жазба деректері мҽліметтеріне қарағанда б. з. б. III-II ғасыр ларда Жетісу 
жерінде атақты Үйсін тайпалары ҿмір сүрген. Олар тиграхауда сақтары мекендеген
аумаққа Орталық Азиядан келген. Олар сақ тайпаларын ығыстрып ҿз мемлекеттерін 
құрған. Қытай жазба деректерінде олар ―Үсүнь-го‖ деп аталады, бұл үсүндер мемлекеті
деген мағынаны білдіреді. Билеушісін «гуньмо» деп атаған. 
Үйсіндердің негізгі мекендері Іле ҿзені алқабында орналасқан. Олар батыста Щу 
жҽне Талас ҿзендерін жағалап, Қаңлылармен шектескен. Оңтүстіктегі шекарасы Даванға
( қазіргі Фергана ) дейін созылған. Ал шығыста олардың шекарасы Хань патшалығымен
шектескен.
Үйсін сҿзі қытай деректемелері арқылы белгілі. Сҿздің мағынасы осы уақытқа дейін 
белгісіз. Жазба деректерде үйсіндер ―ат жақты, аққұбаша, сары шашты‖ болып 
бейнеленеді. Ал Жетісу жеріндегі үйсіндер қорымдарынан алынған бас сүйектер, 
антропологиялық жағынан европеидтер. Бірақ олардың бет-пішіндерінде монголоидтық 
белгілер де болған. 
Түркілер үстемдігі кезінде ( VII ғ. Біз оларға кезекті лекциямызда тоқталамыз)
олардың арасында ҿздерін ―сары түргештерміз‖ деп атаған ру-тайпалар болған. Ал соңғы 
орта ғасыр кезінде қазақ халқының құрамына енген Ұлы жүз тайпалары ҿздерін 
үйсіндерміз деп атаса, олардың ішінде ―сары үйсіндер‖ деген ру да бар. 
Түйіндей келгенде үсүн сҿзімен үйсін сҿздерінің бір-бірімен үндес екендігі еш 
күман туғызбайды. Бұл деген ертедегі үсүндермен кейінгі үйсіндердің арасында белгілі 
бір этникалық байланыс бар болғандығының толық дҽлелі.
Үйсіндерден қалған ескерткіштерге олардың қорымдары мен қыстақтары жатады. 
Қыстақтар тау ішінде малға жайлы күнгей жерлерде орналасқан. Қүрылыс материалдары 
кҿбіне тастан жасалған. Қорымдары немесе зираттары археологиялық ғылым бойынша 
обалар деп аталады. Олардың биіктіктері ҽрқалай: 0,30 м. ден 0,50 м. дейін болса, ал 
кейбір обалардың биіктігі 8-10 м. жетеді. Адамды жерлеу, жерден ұзыншақ тҿрт 
бұрышты, тереңдегі 70 см. ден 1 м.
 
дейін, кеңдігі 50-60 см мүрде қазылып, мҽйіттің бас 
жағын батысқа қаратып, заттармен жабылып, оны айналдыра бір, екі қатар тастар тізіп
дҿңгелек белдемелер жасалатын, оның үстіне тас, топырақтан үйінді жасап оба 
тұрғызатын. Жерлеудің мұндай тҽсілі б.э.б. III-I ғғ. үсүн тайпаларында болса, ал
 
б.э. I- IV 
ғғ. үйсіндерде адам жатқызатын мүрде, қазылған жердің бір жағынан қиып, үнгір болып 
жасалды. Ал зираттың сыртқы кҿрінісі бұрынғыдай тастан дҿңгелек белдеулер тізілмей, 
құм, тас, топырақтан оба тұрғызылады. 
Жерлеу тҽсілдерінің мұндай ҿзгеріске ұшырауын археолог ғалымдар үйсін 
тайпаларындағы діни-сенімдердің ҿзгеріске түсуі жҽне
ҽлеуметтік, экономикалық 
жағынан дамуы деп тұжырымдайды. 
Үйсіндер жартылай кҿшпелі, жартылай отырықшылық шаруашылық-пен 
шүғылданған. Қазба жұмыстары кезінде табылған қол диірмендер, үккіш тастар, олардың 
егіншілікпен де айналысқандарының дҽлелі. Тұрақты мекен-жайлардың маңында арық 
тоғандардың орындары сақталған. 
Бір жерді түрақты қыстау, кҿшіп-қонудың қалай болса солай ретсіз болмай, оның 
жүйелі болғандығын жҽне жерге меншіктің болғандығын да дҽлелдейді. 
Тұтыну бұйымдарының ішінде күнделікті тұрмысқа қажетті қыш ыдыстар кҿп 
кездеседі. Олар формасы жағынан алуан турлі. Тамақ ішуге керекті түрлі аяқ-табақ, 


тостағандар болса, азық-түлік сақтайтын су таситын, айран, сүт сақтайтын түрлері де бар. 
Тұрақты мекен-жайлардан, қорымдардан алынған ыдыстар жасалу жағынан да, түрі 
жағынан да бір-біріне ұқсас. 
Жазба деректерге қарағанда үйсіндер жылқы ҿсіруге аса зор кҿңіл бҿлген. Үйір-үйір 
жылқылары болған. Қытай қызына үйленген үйсін "ханы" шамасы "қалың мал" үшін болу 
керек 1000 бас жылқы беретын болған. Екінші бір мҽселе жылқыға деген меншікті 
кҿрсететін таңбалардың салынуы. Үйсіндер тіршілігінде жылқы ҿсіру басты орын алса, 
оны сыртқы жаудан қорғану үшін атты ҽскер құруы да басты орын алғанымен түсіндіруге 
болады. 
Үй жануарларының ішінде түйе ҿсіруге де кҿңіл бҿлінген. Үйсіндер обасынан 
табылған алтын жүзіктің үстінде шҿгіп жатқан қос ҿркешті түйенің мүсіні түйеге 
табынғандықты байқатады. 
Зираттардан алынған металдан жасалған құрал-саймандарға қарағанда үйсін 
шеберлерінің темір, қола сияқты металдарды ұқсата білген ұсталар екендігін кҿрсетеді. 
Тұтыну заттарының ішінде кҿп кездесетіндері қолдан жасалған тағалар
қапсырмалар, біз, тебен сияқты ең қажет бұйымдар. 
Сондай-ақ зираттардан ҿте кҿп кездесетін ҽшекей бұйымдар: ҽртүрлі қымбат бағалы 
тастардан жасалған моншақтар, алқалар, алтын, күмістен жасалған сырға, білезік, жүзік, 
қола айналар т.б. Ал ҽшекей бұйымдардың ішінде үйсін зергерлерінің тамаша бір 
туындысы есебінде бізге мұра болып жеткен Ақтас-2 зиратынан табылған алқа мен 
Қарғалыдан табылған тҽжі (диадема). Бұл бұйымдар ҿз кезіндегі үйсін тайпаларының ғана 
рухани мұрасы болып қоймай, бүгінгі таңдағы олардың үрпақтары болып табылатын қазақ 
халқының рухани дүниесіне айналып, музейден ҿздерінің тиісті орындарын алып тұр. 
Осының ҿзі үйсін ҿнерінің дүние жүзі халықтарының ҿнеріне қосқан үлесі болып 
табылады. 
Тҽжінің ұзындығы 35 см, кеңдігі 4-5 см. Зергер тҽжіге жануарлар бейнесінің бірнеше 
түрін салған. Олардың ішінде басым кҿпшілігі жыртқыш аңдар мен құбыжық 
бейнеленген. Осындай шытырман дүниенің арасында қолына гүл үстаған адам түр. 
Шамасы, шебер ҿмірде қандай ҽлейім заман болса да, оны адам баласының жеңетіндігін 
суреттеп тұрғандай. Оған екінші дҽлел, құбыжықтың үстіне мініп алған адам оны 
жеңгенін кҿрсетсе, ал бұғыға мініп алған адам бостандықтың белгісі тҽрізді
.
Жоғарыда сҿз 
болған алтын сақинада шҿгіп жатқан қос ҿркешті түйе үйсін заманынан бізге жеткен 
ҿшпес-ҿлмес зергерліктің қолтаңбасы. Қазақстан жеріндегі ерте кездегі ҿмір сүрген 
тайпалардан қалған мұндай ескерткіштер бүгінгі қазақ халқының рухани дүниедегі 
мақтанышы. 
Алайда қымбат бағалы заттар, сҽн-салтанатты ҽшекей бұйымдар үйсін 
қорымдарынан кҿптеп табыла бермейді. Жай заттардың ҿзі де кездеспейтін зираттар кҿп. 
Оның ҿзі оларда ҽлеуметтік теңсіздіктің болғандығын кҿрсетеді. Мұндай жҽйт 
деректемелерде де жазылған. Үйсіндер мемлекеттік дҽрежеде ҿмір сүрген. "


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет