білді. Шайқас болған кең жазық Қарасиыр деп аталған. Бұл жер Бұланты жҽне Білеуті
ҿзендерінің аралығында жатыр.
Бұланты шайқасы қазақ жасақтарының жеңіске деген орасан зор ерік-жігерін кҿрсетті.
Ҿз заманының аса кҿрнекті қолбасшылары жеке қол басқарған Қаракерей Қабанбай,
Шақшақ Жҽнібек, Тама Есет,Бҽсентиін Малайсары, Тарақты ер Байғозы жҽне басқалар
Ҽбілқҽйыр хан мен Қанжығалы Бҿгенбайдың жалпы басшылығымен
ынтымақты қымыл
жасай отырып, жасақтарды ұрысқа бастады. Жасақтарды қаруландыру жҿнінде Шақшақ
Жҽнібек зор ұйымдастырушылық жұмыс істеді, Дархан ұстаның басшылық етуімен
Ұлытауда қару шеберлері еңбек етті.
Бұланты-Білеуті жеріндегі жеңістің зор маңызы болды. Ол қазақ жасақтарының ҿз
күштеріне сенуіне, халық санасында бетбұрыс жасауға мүмкіндік берді. ΧVІІІ ғасырдың
20-жылдарының аяғына қарай жоңғарлар Ұлытау аймағынан ығыстырып шығарылды.
Мұндағы соңғы тайталас Жақсы Қон ҿзенінің жоғарғы ағысына жапсарлас жатқан
аудандағы Қарамолда деген жердегі шайқас болды. Жоңғарлар тағы да жеңіліске
ұшырады. Бүкіл аймаққа бұл жер «Қалмаққырылған» деген атпен белгілі.
Қазақ жасақтарының Бұланты-Білеуті маңындағы жеңісінің тағы бір жағы –
стратегиялық тапқырлығында болды. Қазақ жасақтарының бұл жеңісі Аңырайқай
шайқасының табысқа жетуін қамтамасыз етті.
Жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ халқы Отан соғысының(1723-1730)
жеңіспен
аяқталуында Аңырақай шайқасы аса кҿрнекті рҿл атқарды.
1730 жылы кҿктемінде қазақ жасақтары ҿз аттарын Мойынқұм құмдарында, Бүркітті,
Шабақты, Қарақоңыз, Ырғайты, Шу ҿзендерінің аңғарларында тынықтырып алып,
Хантау, Аңырақай таулары ҿңіріне шықты.
Аңырақайдағы шайқасқа Ҽбілқайыр хан басшылық етті. Нақ осы шайқас оның саяси
қызметінің шарықтау шыңы болды. Шайқасқа барлық үш жүздің жасақтары қатысты. Бұл
шайқаста батырлардың бойын ерлік, қайсарлық, ҿздерінің жеңісіне деген мызғымас сенім
биледі.
Шайқас жекпе-жекпен басталды. Жоңғарлар жағынан ортаға таланты ҽскербасы, қоян-
қолтық ұрыстың асқан шебер жауынгері Шарыш шықты. Қазақтардан жекпе-жекке
жиырма жасар Сабалақ сұранды. Сол жылдардағы басты оқиғаларға қатысқан Бұқар
жыраудың, Үмбетей жыраудың, Тҽтіқара
жыраудың айтуынша, Абылай нақ осы жекпе-
жекте ҿзінің қаһарлы қарсыласын жеңіп, есімін мҽнгі данққа бҿлеген. М.Тынышбаев
кейіннен сол кезде Абылай ҿзгелерден асқан зор батылдығымен асып түсті деп жазды.
Шайқастың сҽтті басталуы қазақ жауынгерлерін жеңіске жігерлендірді. Сҿйтіп олар
жеңіп шықты. Асқақ рух сезімімен қанат біткен олар ҿздерінің ерлігін, ержүректігін,
тастүйін бірлігін жҽне жоғары ҽскери машықтанған-дығын танытты.
Аңырақай шайқасында жеке ерлігін жҽне ұйымдастырушылық қабілетін кҿрсеткендер
арасында кҿптеген батырлар, билер, сұлтандар, рубасылары-барлық үш жүздің ҿкілдері
болды.
Ҽйгілі Бұқар жырау 28 толғау жырында XVIII ғасырдың 20-жылдарындағы Отан
соғысы туралы айта келіп, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бҿгенбай, Шақпақ Жҽнибек,
Тама Есет, Сіргелі Қаратілеуке,
қарақалпақ Құлашек, Шапырашты Наурызбай,
Құдайменді Жібекбай, Сеңгірбай мен Шүкебай, Тансыққожа Малыт, Қасқарауыл
Молдабай, Айнақұл Батый батырлардың есімдерін атаған.
Отан соғысының шайқастарында ақын ҽрі батыр Ақтанберді жырау Сарыұлы қатысты.
Ол жаумен шайқасып қана қойған жоқ, сонымен бірге ҿз туындыларында Отан
соғысының халықтық сипатын да ашып кҿрсетті. Нақ осы соғысқа Үмбетей
жырау да
қатысқан. Қазақ халқының ең ҽйгілі ақындары мен ойшылдарының бірі Бұқар жырау бұл
оқығалардың куасі болып қана қойған жоқ, сонымен қатар ҿз халқымен бірге
жеңілістердің бүкіл сұмдығы мен Отан соғысындағы жеңістердің қуанышын да бастан
кешірді. Қазақ батырлары мен қатардағығы сарбаздарының ерлігі мен жеке басының
қажыр-қайраты қазақ батырлары эпосындағы соғыс қимылдарының кҿріністері мен
суреттеулерінен ҿз бейнесін тапқан.
Кҿптеген шайқастарға қатысқан жаршы-жырау Тҽтіқара батырлар даңқын былай деп
мҽңгіге қалдырган:
Қамыстың басы майда, түбі сайда,
Жәнібек Шақшақұлы болат найза,
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бӛкейді айт Сағырменен Дулаттағы,
Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы,
Ӛзге батыр қайтса да бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт Уақтағы.
Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң Бӛгенбайды айт,
Найзасының ұшына жау мінгізген
Емәнәлі Керейде ер Жабайды айт.
Қаратаудың, Ұлытаудың таулы аудандарын, Сарыарқа мен Жетісу жерлерін азат ету
оқиғалары халықтың тарихи жадында мҽңгіге қалды.
Әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы. Бес томдық. 3 том. –Алматы, 2002.
2.Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 3 том. –Алматы, 1979.
3.Тынышпаев М. История казахсого народа.-А.,1993,79-б.
4. Тынышбаев М. Великие бедствия (Ақтабан шұбырынды).-А.,1992, 146-б.
5.Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. –Алматы, 1994, 67-б.
6.Қозыбаев М. Аңырақай шайқасы- Отан тарихының жарқын белесі. //Егемен Қазақстан,
1999, 25 тамыз.
7.Қозыбаев М. Қазақтың данқын асырған. //Егемен Қазақстан, 2000, 1 ақпан.
Достарыңызбен бөлісу: