Отырарда, Сауранда, Жентте, Баршыкентте біраз үйлер салдырғанын хабарлайды. ХIV
ғасырда Ақ Орда хандары теңгелерді енді тек ҿз атынан соқтырды.
Оңтүстік Қазақстанағы астанасы Сығанақты Ақ Орданың
орталығына айналдыру
Орта Азия мен Хорезмнің отырықшы аудандарымен байланыстардың кеңеюіне
жҽрдемдесті. Бұл байланыстарға Алтын Орданың орталығы – Еділ бойында қала ҿмірінің
тіршілігін тоқтатуы мен сауда жолдарының ҿзгеруі едҽуір ҽсер етті.
Түрік жҽне түріктеніп кеткен жергілікті феодалдық үстем таптың экономикалық
жҽне саяси жағдайының нығаюы негізінде Ақ Орда билеушілері Мүбарак Қожа ханнан
(1320-1344) бастап, Алтын Ордадан біршама болса да тҽуелсіз бола бастады.
Жҽнібек хан (1342-1357) қайтыс болғаннан кейін Алтын Ордада кезекті аласапыран
кезең мен сарай тҿңкерістері басталды, олардың ҽрқайсысы ҿз теңгелерін соқтырды.
Бытыраңқылық сарыны күшейіп, тҽуелсіз иеліктер құрыла бастады, оларды ҿз
билеушілері басқарды. Алтын Орда мемлекетіндегі жоғарғы билік жолындағы күреске сол
қанаттың феодалдары белсене қатысты жҽне Қызыр ханнан (1359-1361) бастап,
Алтын
Орда тағына бірінен кейін бірі, ал кейде бір мезгілде Жошы ұрпақтарының шығыс
тармақтарының ҿкілдері, атап айтқанда, Темір – Қожа, Орда-Шейх, Мүрид жҽне басқалар
кҿтерілді. Ақ Орданің үстем табы Алтын Ордада қалыптасқан жағдайды пайдаланып,
Жошы ұлысының екі бҿлігін де саяси жағынан тұтас етіп біріктіргісі келді. Бердібек хан
ҿлгеннен кейін Сарай тағына отыруға Ақ Орда ханы Шымтай (1344-1361) ресми тұрде
шақырылды, ол шақыруды қабылдамады, бірақ оның балалары, ҽсіресе Ұрұс хан Алтын
Орда тағы ұшін кұреске белсене қатысты.
Ұрұс 1368 жылы Ақ Орда ханы болды. Қадыр-Ҽли Жалаири, Муъин ад-дин Натанзи
оны батыл мінезді, күшті ҽрі құдіретті билеуші деп сипаттайды. Шығыс Дешті Қыпшақта
жергілікті мемлекеттік ҽсіресе Ұрұс хан кезінде нығайды. Ұрұс хан, одан кейін Ақ Орда
(Ҿзбек ұлысы) тағына Ҽмір Темір отырғызған Тоқтамыс та
Алтын Орданы қалпына
келтіруге тырысты, бірақ соншалықты табысқа жете алмады; бұл жаулап алынған
кҿптеген елдер мен халықтардың орасан зор бірлестігінің заманы ХV ғасырдың бірінші
жартысында біржола күйреп тынды. Шығыс Дешти Қыпшақта дербес, берік этникалық
негіздегі мемлекет күш
ала берді, дегенмен онда да ҽулеттер алмасты: билік Орда –
Еженнің ұрпақтарынан Тоқа-Темірдің ұрпақтарына (Тоқтамысқа) кҿшті; сонан соң
қайтадан Ұрұсханның мұрагерлері қайтарып алды, Шайбани ұрпақтарына ауысты.
Негізінен Шайбани ұрпақтары дҽріптелетін деректемелерде Ұрұс хан мен оның ең жақын
бабалары Жошының 13-шы ұлы Тоқа – Темірден тараған деп кҿрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: