Сембаевтың басшылығымен Жоғарғы экономикалық кеңес құрылды. Заң, экономика
салаларындағы жас жҽне жаңаша ойлайтын мамандардың басын қосып, жаңа орган
басшылығы нарықтық стратегияны дайындады.
Қазақстан Президенті жанынан жас экономистер жҽне ҿзге де мамандардар,
шетелдік кеңесшілерден тұратын топ құрылды. Стратегиялық мақсат – күшті президенттік
билік арқылы тҽуелсіз мемлекетті дамыту, экономикалық сектордағы мҽселені шешу
болды.
Қазақстан экономикасының нарықтық моделін құру кезінде кҿптеген
қиыншылықтар кездесті. Тек қана экономикалық жүйені ғана емес, мемлекеттік
құрылымды да заман ағымына сай бейімдеу қажет болды.
Кеңестік кезеңнен кейінгі республикалардың экономикалық жҽне ҽлеуметтік
жағдайының тұралауына КСРО-ның ыдырауы да ҿзіндік ҽсер етті. Алып империяның
құлауына байланысты қоғамның ҽлеуметтік құрылымы,
адамдардың социалистік ұжым
құндылықтарымен ҿмір сүру дағдысы ҿзгерістерге ұшырады.
1992 жылдың қаңтар айында Ресей ТМД елдерімен алдын-ала кеңеспей, бағаны
ырқына жіберді. Екі ел арасында ежелден сауда қарым-қатынасы қалыптасқандықтан,
Ресейдің бұл қадамы Қазақстанға едҽуір экономикалық шығын алып келді. Елімізде
кейбір тауар түрлерінің бағасы шарықтап кетті. Жоғарғы Кеңес 1992 жылдың қаңтар
айындағы сессиясында Үкіметтің 1993-1995 жылдардағы экономикалық саясаты
баяндалған «Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар жҽне ҽлеуметтік экономикалық
реформаларды тереңдету бағдарламасын» қабылдады. Орта мерзімге жасалған тұңғыш
жоспарлау тҽжірибесі адамдар бойында тамырын тереңге жайған кертартпалықты,
қалыптасқан бейжайлықты ҿзгертуге жасалған тұңғыш қадам болды. 1992 жылдың 7
ақпанында Президент «Экономикалық реформалар жағдайында
мемлекеттік басқару
органдарының іс-ҽрекеті мен оны ұйымдастыруды жетілдіру туралы» Жарлыққа қол
қойды. Республика басшылығының осы жылдары жүргізген экономикалық саясаты
ҿндіріс құлдырауын тежеп, тұрақтандыру арқылы оның біртіндеп ҿсуін қамтамасыз ете
алмады. 1992 жылдың жазында елдегі экономикалық дағдарыс ҿрши түсті. Дағдарыс
бұрынғы КСРО аумағында тауар ҿндірушілер тағайындаған монополиялық жоғары
бағадан, халықтың табысының ҿсу қарқыны бағаның ҿсу қарқынынан кейін
қалғандығынан болды. Халық табысын негізінен тамақ ҿнімдерін сатып алуға жұмсады.
Алайда, Үкімет дағдарыстың себептерін ашып, түсінуге асықпады.
Қазақстанда 1990-1994 жылдары ҿнеркҽсіп ҿнімі ҿндірісінің кҿлемі тең жартысына
кеміді. Ауыл шаруашылығы саласы 3/1, кҿлік тасымалы 3/2-ге дейін құлдырады.
Ҿнеркҽсіп алыптары тоқтап, жұмыссыздық ҿршіді. Мемлекеттің кҽсіпорындарды
басқаруға мүмкіндігі болмады. Кҿптеген кҽсіпорындарда ҿнім жҽне тауар айналымынан
түскен қаражат шет елдерге асып кетті немесе талан-таражға салынды.
Халықтың кіріс
деңгейі күрт тҿмендеді. Жұрт бірнеше ай бойы жалақыларын алмады. Зейнетақы
мезгілінде берілмеді. Халықтың жинаған қоры шектен тыс инфляция салдарынан да
кеміді. Банк жүйесінің жетілмеуі экономиканы тежеді. Дүкендерде азық-түлік пен
тұрмысқа қажетті тауарлар тапшылығы байқалды. Осының бҽрі қылмыстың ҿсуіне,
жауапсыздыққа, немқұрайлылыққа ҽкеп соқтырды.
Күнделікті қажеттілікті қанағаттандыру, отбасын асырау мақсатында жоғары
білімді мамандар қызметтерін тастап, күнкҿріс қамына кірісті. Еңбексіз табысқа бет
бұрды. Сауда жасауға ауысты. Жоғары білімді, тҽжірибелі мамандардың кҽсіби
мамандығынан кетуі білім беру, денсаулық сақтау салаларының сапасына айтарлықтай
ҽсер етті. Алайда, жұмыссыздық пен нарық жағдайына
бейімделген маман жұмысшы
күшінің жеткіліксіздігі ҽлеуметтік маңызды мҽселе күйінде қала берді. Жұмыссыздық
кҿлемі: 1991 жылы – 0,05%, 1992 жылы - 0,95%, 1993 жылы – 1,2%-ға жетті.
1993 жылдан жұмыссыздар санының біртіндеп ұлғаюы байқалды. Қазақстанда
тұратын адамдардың ҿмір сүру, адам даму потенциалы кҿрсеткіші 1992 жылғы мҽлімет
бойынша – 0,798. Бұл кҿрсеткіш бойынша еліміз 174 елдің арасында 64 орынды иеленіп,
адам даму потенциалы орташа деңгейдегі елдер тобын бастап тұрды. 1993 жылы 0,740
немесе 72-орында. 1990-1995 жылдары Қазақстан Республикасы тұрғындарының ҿмір
сүру ұзақтығы – 4,7 жылға кеміді. Бұл – 1991-1995 жылдары адамдардың ҿмір сүру
деңгейінің тҿмендегенін кҿрсетеді. Аз уақыт аралығында тұрғындар ҿмірінің мұндай
қысқаруы соңғы 35 жыл ішінде байқалмаған жағдай еді. Жоғарғы оқу орындарында
оқитын студенттер саны да 1991-1996 жылдар аралығында жыл сайын кемігені байқалды.
Тұрғындардың ҽлеуметтік жағдайының нашарлауына мемлекеттің ҽлеуметтік
инфрақұрылымда жасаған реформаларының да ҽсері болды. Тегін денсаулық сақтау, білім
беру, ҽлеуметтік қызмет кҿрсету қысқара бастады. Сонымен қатар бұл салаларда
мемлекеттік емес қызмет кҿрсету түрлері қалыптасып үлгермеді.
Экономикалық ҿсу 1996 жылдан байқалды. ТМД жҽне Балтық жағалауы елдері
арасында жан басына шаққанда жалпы ішкі ҿнім ҿндіруден 6-орынды иеленді.
Тұрғындарды ҽлеуметтік қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті
Жарлығымен 1997 жылдың 10 желтоқсанында –Жалпыұлттық қор құрылды. Қордың үш
жылдық қызметінде 938,7 млн. теңге жиналды, оның 842,3 млн. теңгесі жеке тұлғалар мен
ұйымдардан, 96,4 млн. теңгесі депозит пен бағалы қағаздардан түсті. Шағын кҽсіпкерлікті
дамытуға 9956 микрокредит берілді, ол 14600 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етті.
Ҽлеуметтік жағдайы тҿмен 240619 адамға азық-түлік тағамдары, тауар, ақшалай кҿмек
берілді
.
Алайда, елдегі ҽлеуметтік-экономикалық ахуал бірқалыпты болған жоқ.
Тарихта
қай елде болсын, капитализмнің пайда болып, дамуы саудагерлер
капиталының дүниеге келуінен басталып, кейін барып банк, ҿнеркҽсіп капиталы ҿмірге
еркін енетін-ді. Қазақстанда да осы жағдай қайталанды. Ҿтпелі кезеңнің алғашқы
жылдары саудамен байығандардың арқасында – 300-дей банк құрылды. Ҿтпелі кезеңде,
еліміз капиталистік жүйеге ҿткен барлық елдер бастан кешірген «жабайы капитализмді»,
капиталдың алғашқы қорлануы дегенді, яғни қоғамның ат тҿбеліндей аз бҿлігі барды
тонап, қылмысты түрде байитынын, солардың қолында байлық жиналатынын, ҿзге
адамдар ҿзінің жұмысшы күшін байларға сататын үрдісті айналып ҿткен жоқ.
Олай ету
мүмкін де емес еді. Тек президенттік басқару жүйесіне ҿту, халық мұқтажын ескере
отырып, үкіметтің елді дағдарыстан шығу жолдарын іздеуі ахуалды аздап болса да оң
бағытқа бұрды.
КСРО тұсында Қазақстан экономикасы шикізат кҿзі есебінде дамып, ауыл
шаруашылығы да сол құрылымның ішінде ҿзіне тиісті міндетін атқарды. Жалпы кеңестік
идеология ауыл еңбеккерлерін аяусыз қанады. Олардың еңбектері мен адами
мүмкіндіктері негізінен индустриялық дамуға пайдаланылды. Кеңестік жоспарлы
экономика кезінде қаланы асырап отырған ауыл еңбегі ҿз деңгейінде бағаланбады. Сҿйтіп,
адамдардың еңбекке кҿзқарасы тҿмендеді.
Қазақстан экономикасында, басқа одақтас республикалардағы сияқты, нарықтық
қатынастар орнай бастады. Ҽр түрлі кооперативтер, жекеменшік
фирмалар мен шағын
кҽсіпорындар пайда болды. 80-жылдардың аяғына қарай орталықтың республиканы
бақылау ҽлсіреп, шет елдермен тікелей экономика жҽне сауда байланыстарын орнатуға
мүмкіндік туды. Қазақстан бұрын да ҿз ҿнімдерін шетке шығарып отырған, оның 97%-ы
шикізаттар, материалдар мен жартылай шикізаттар болатын. Экономикаға түбірлі
реформа жасау жҽне меншіктің кҿп түрлілігі негізінде нарықтық қатынастар орнату үшін
бірқатар заңдар қабылдау керек болды.
Республикадағы тоқыраған экономиканы шет мемлекеттердің экономикалық жҽне
технологиялық кҿмегінсіз қалпына келтіру қиын еді. Шет ел капиталын тарту үшін
республика жаңа заңдар қабылдап, инвесторларды 5 жыл бойы табыс салығын тҿлеуден
босатты. 1991 жылдың 22 маусымында қабылданған «Мемлекет иелігінен алу жҽне
жекешелендіру жҿніндегі» Заң жекешелендіру процесіндегі алғашқы бастама болды. Бұл
заң негізінде 1991-1992 жылдары жекешелендірудің бірінші кезеңі жүзеге асырылды.
Бірінші кезең Қазақстанда социалистік экономикадан кейінгі жағдайдың
шиеленісіп, құлдырауымен сипатталды.
Жекешелендіру кҽсіпорын ұжымы тиісті ҿтініш жасағаннан кейін мемлекеттік
органның шешімімен аукцион, конкурстар ҿткізу, еңбек ұжымдарына ҿндірістік жҽне
ҽлеуметтік инфрақұрылымдарды тегін беру арқылы жүзеге асты. Бірінші кезеңде шағын
жекешелендіру басталып, 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді. Олардың қатарында
470-тен астам кеңшар ұжымдық меншікке берілді.Ауыл шаруашылығы нысандарын
жекешелендіру ҽрбір еңбеккердің мүліктік жҽне жер үлесін анықтап, меншігін
дербестендіру арқылы жүзеге асты.
1991 жылы 13 қыркүйектегі Қазақ КСР Президентінің
қаулысымен бекітілген
«Қазақ КСР-де 1991-1992 жылдары мемлекеттік меншікті мемлекет меншігінен алу жҽне
жекешелендіру бағдарламасында» меншік түрлерінің ҿзгеру процесіне еңбек ұжымдары
арқылы ел азаматтарын қатыстыру кҿзделді. 1992 жылдың 29 маусымында Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесінің №1449-XII қаулысымен мемлекеттік бағытталған 52
млрд. сом несиені 2 шілдеге дейін игеру жҿнінде тағы бір қаулысы шықты. Мемлекет
иелігінен алу жҽне жекешелендіру Қазақстанның 1992 жылғы мамыр айында
«Қазақстанның егеменді жҽне тҽуелсіз мемлекет ретінде дамуының қалыптасу
стратегиясында» айтылды. Мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалып,
экономика саласындағы стратегиялық мақсаттар белгіленді.
Достарыңызбен бөлісу: