Дәріс N 4.Тақырыбы: Спортшының психологиялық дайындығы
Мақсаты дене тәрбиесі сабағын талдау, бағалау түрлеріне, оны ұйымдастыру жолдарына студенттерді үйрету.
Дәріс жоспары:
1. Психологиялық дайындық
2.Іс-әрекетке психологиялық дайындық
1. Адамды белгілі бір іс-әрекетке дайындау-бұл сол іс-әрекетке жемісті қатысуға дайындықты қалыптастыру процесі деген сөз.
Осы дайындық ішінде бірқатар компонентерді атап көрсетуге болады: олар-бұлшық еттік, функционалды, операциялы, психологиялық және т.б. Кез-келген іс-әрекетке адам психологиялық жағынан дайын болуы керек. Әсіресе, өзгермелі жағдайларға, мақсатқа жету кезеңдерінде құнды бағыт-бағдар қажет. Спортшының іс-әрекеті дәл осындай белгілерге ие.
Енді іс-әрекет нәтижесі де оған риза болу, ішкі психологиялық жағдайы, адамның қобалжулары да оның іс-әрекет процесінде психологиялық дайындығына ғана емес, сонымен бірге, кез-келген іс-әрекетпен жүретін оның шарттарына: нақты күн тәртібіне, жеке тұлға бағалануына, мүмкін болатын жазалаулар мен мадақтауларға адамдардың белгілі бір тобымен араласу ерекшеліктріне және қуаттылығына қатысты болады.
2. Іс-әрекетке психологиялық дайындық
Іс-әрекетке психологиялық дайындық-әрқашан психологиялық дайындықтың нәтижесі болады. Бірақ кейде ол бей-берекет, ұйымдаспаған түрде іске асатын болдандықтан, онша көріне бермейді. Адамнан ерекше жинақтылықты, күштерін жұмылдырып, барын салуда, жоғары шеберлікті қажет ететін іс-әрекеттің кейбір түрлерінде психологиялық дайындық іс-әрекет барысына дейін және сол іс-әрекет кезінде ұйымдастырылады және жоспарлы түрде іске асырылады. Осындай іс-әрекет түрлеріне спорттық іс-әрекет жатады. Бір кездерде спорт психологиясында негізгі мәселе-дағдылар болды. Одан кейін 50-жылдар мен 60-жылдардың басында бірінші орынға спортшы ерік-жігері қойылды. Ал қазір міне, жиырма жылдан көп уақыттан бері, басқа көптеген мәселелерді артта қалдырып, психологиялық дайындық мәселесі ғылыми-практикалық да, ғылыми зерттеу жұмыстарында да алдыңғы орынға шықты. Спортшының психологиялық дайындығы-бұл спорттағы оқу-тәрбие жұмыстарының үлкен бір бөлігі. Психологиялық дайындықтың түпкі мақсаты деп, спортшы қарым-қатынас жүйесін өзгерте отырып, жеке тұлғада спорт үшін маңызы бар қасиеттерді қалыптастыру және жетілдіруді айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |