Дәріс Ойлау мәдениетінің қалыптасуы: ойлаудың философиялық түрі – 2 сағ



бет12/49
Дата04.03.2022
өлшемі145,78 Kb.
#134361
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
Байланысты:
философ дәріс

Материяның формалары немесе өмір сүру тәсілдері – қозғалыс, кеңістік, уақыт. Қозғалыс-бұл материяның тіршілік ету тәсілі, демек ол материя сияқты мәңгі, қайталанбайтын, жоғалмайтын, бір формадан басқа формаға өтуші, жалпы, абсолютті. Қозғалыстың формасына тән ерекшелік - өзгермелік және тұрақтылық.
Кеңістік – бұл материя тіршілігінің жалпы және обьективті формасы, ол бір мезетте тіршілік ететін обьектілердің орналасу тәртібін білдіреді. Материяның үш өлшемді объективті формасы.
Уақыт бұл ұзақтықты, бір өлшемдікті, ассиметриялықты, қайта айналмауды және жалғастықты сипатпен анықталатын материя тіршілігінің обьективті формасы.
Дүниенің түпнегізін бір ғана субстнация - материя немесе рухты санайтын философиялық ілім - монизм деп аталады. Монистік әлем моделі әлемнің негізі не материалды не рухани бір субстанция болуы керегін түсіндіреді. Әлемнің түпнегізін екі бастамадан көретін философиялық концепция – дуализм деп аталады. Әлемнің басатауын екі немесе одан да көп субстанциядан іздейтін философиялық ілім – плюрализм.
3. Рухани (идеялық) болмыс – адам жан дүниесі мен санасы болып таблады. Адам болмысы рухани болмысмен нақтыланып, ол қиял, ой-өрiсімен шындықпен орайласып, тиiстi мақсат-мүдденi жүзеге асырумен, шындықпен ұштасып жатады. Шындыққа сай келетiн ойдың мазмұны терең, олар өмiр тәжiрибелерiне, бiлiмге негiзделген. Идеялар болмысы жаңаны iздеп табу, белгiсiз нәрсенi ашуға ұмтылу әрекетiнен байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет