Дәріс Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік. Педагогикалық зерттеудің әдістері. Маќсаты



бет19/32
Дата31.03.2022
өлшемі69,37 Kb.
#137377
түріДерексіз
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
Байланысты:
Лекция
Жетон
Тәрбиенің мәні мен сипаты
Тәрбие білім беру, оқыту-ішкі жан дүниеге түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын сыртқы жағдайлар. Сондықтан да философтар, психологтар адамның жан-дүниесін тәрбиелеудің қозғаушы күші бар екенін көрсетеді. Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу ара қатынасынан тәрбиелік қарым-қатынас өрбиді. Тәрбиелік қатынас өзара қарым-қатынастың бір түрі, ол адамды тәрбие, білім беру, оқыту арқылы дамытуға бағыттайды.
1993 жылы қабылданған тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: “ тәрбие халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынас дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру”-деп анықтама берілген ал, қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде : “тәрбие қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатынасуымен даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі” –деген анықтама береді. Қазіргі заманда жастармен жұмыс жасаудың жаңа әдістерін, концептуалдық жолдарын және формаларын іздестіру керектігі қоғам талабы. Қазіргі тәрбие туралы тұжырымдамалар жалпыадами құндылықтар мен барлық салалардағы әрекеттің өркениетті формаларына сүйенгенімен өзіндік тұрғыдан ерекшеленеді. Барлық тұжырымдамаларда :

  • гуманизм идеясын;

  • тәрбиені мәдени контекстте жүзеге асыруды;

  • ашық тәрбиелік жүйелерді құруды;

  • тәрбиені отбасында қайта қарауды;

  • индивидуалдылықты дамыту және қолдауды;

  • тәрбие әдістерін және оны ұйымдастыру формаларының икемділігі мен альтернативаларын есепке ала отырып, жүзеге асыру қажеттілігі туындауда.

Гуманистік тұрғыда білім беру мекемелерінде жеке адам тұлғасына қарай шешуші қадам жасайды, ол өзіндік даму процесі барысында педагогтар жүзеге асыратын индивидттен алшақ абстрактілі жоспарлар мен бағдарламалар жасайтын құрал ретінде емес, субъектісіне айналды. Мұндай мекемелерде әрбір адамнаң индивидуалды өмір мақсаттарын, талаптары мен мүдделерін жоғары санайды, өз дамуында өзін тану үшін жағдайлар жасайды. Мұндай оқу орындарындағы оқытушылар шәкіртті болашақ өмірге дайындап қана қоймай, дамып келе жатқан тұлғаның психикалық ерекшеліктеріне сәйкес - әр өсу кезеңінің жақсы өмір сүруін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет