Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет47/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

Геронтология
– адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын 
зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық және 
медицинаның гернатрия (грек. герон және иатрия-емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді.
20 ғасырдың 30-40 жылдары Қазақстанда қариялар мен мүгедектер үйі, геронто 
және гериатрия кабинеттер (Алматы, Қарағанды және т.б.) ауруханаларда гериатриялық 
бөлімдер ашылды, жүйелі зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде 
қартаюдың әлеуметтік-гигиеналық себептері мен клиникалық белгілері анықталды; адам 
жасының ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда болатын өзгерістер 
зерттелді. Егде тартқан және қартайған адамдардың әдетте байқалмайтын жүрек 
ақауларына сипаттама берілді.
Қартаю – биологиялық процесс; белгілі-бір жасқа жеткеннен кейінгі ағзаның 
мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі. Қартаю кезінде адамның жүйке жүйесінде, ішкі 
секреция бездерінді, иммундық, жүрек қан-тамырының жүйелерінде елеулі өзгерістер 
байқалады. Қарт адамдарда жыныс, қалқанша, ұйқы бездерінің, гипофиздің, бүйрек үсті 
бездерінің, айрықша бездерінің гормон өндіру қабілеттілігі төмендейді. Қартаю кезінде 
жүректің жиырылу күші кемиді, қан айналу көлемі азаяды. Қартаю кезінде тәннің 
серпімді талшықтарының және су мөлшерінің азаюынан тері жұқарып, қатпарланып, әжім 
пайда бола бастайды. Бұл кезде шаш ағарып, сирейді, көздің көруі, құлақтың естуі 
нашарлайды, тіс түсе бастайды.
Қартаюдың бір көрінісі ретінде организмде дәнекер тіндердің өзгеруін келтіруге 
болады. Осыдан өкпеде, бауырда, жүректе т.б. ішкі ағзада олардың атқаратын 
жұмысының бұзылуына әкелетін беріштенулер дамиды.


Дәнекер тіндердің өзгерістерден қарттарда жара мен сүйек сынықтарының бітуі 
жастарға қарағанда баяу жүреді. 
Қартаю кезінде адамның жүйке жүйесінде ішкі секреция бездерінде иммундық, 
жүрек қан тамырлар жүйелерінде елеулі өзгерістер байқалады. Жүйке жүйесінің 
өзгерістерінен шартты және шартсыз рефлекстер әлсірейді, есте сақтау қабілеті бұзылады. 
Осындай кәрілікке тән белгілердің 15-25жас арасында дамуы – Вернер синдромы деп 
аталады. Ерте қартаюдың ең негізгі себебі – қозғалудың азаюы, бұлшықет жұмысының 
жеткіліксіздігі (гиподинамия). 
Қартаюға байланысты ағзада зат алмасу процесі нашарлайды, сондықтан қуатты 
тағамдарға қажеттілік те төмендейді.
Қартаю заңдылықтарын зерттейтін ілім геронтология, ол жастары ұлғайған адамдар 
мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім болып табылады. 
Кәрілік адам өмірінің ең соңғы кезеңі болып табылады. Осы жасқа жеткен алдамдар 
үш топқа бөлінеді. 
1. Кемел жастағы адамдар Пожелой возраст 
2. Қартайған алдамдар. 
3. Ұзақ өмір сүретіндер. 
Қартаю кезеңі ересектік жастан кәрілікке өту кезеңі болып табылады. Генетикалық 
бағдаламаланған қартаю үрдісі осы кезеңін ең негізгі ерекшелігі болып табылады. Бұл 
жастағы адам физикалық жағынан әлсіз болады, энергиялық қоры азайады, қан 
тамырлары мен иммунндық жүйесінің қызметі нашарлайды, яғни организмнің жалпы 
қартаюы жүреді. 
Кәрілік адам өміріндегі соңғы кезең болғандықтан өлім мен оған деген қатынас 
туралы бірнеше мәселелер туындайды. Өлімге дайындалу керек пе? Оны адам қалай 
уайымдайды? Өлім әрқашанда қайғылы ма? Немесе табиғи үрдіс болып табылады ма? 
Өлім мәселесі – философиялық және діни мәселелермен байланысты болғанмен де 
психологиялық мәселе болып табылады.
Өлімге деген қатынасқа антикалық замандағы философтардың өздері көңіл бөлген. 
Эпикурдың айтуынша, өлім адам қайғысының маңызды бір көзі болып табылады екен.
Кәрілік жасы – адамның орта жастан кейін келетін, қоғамдық еңбектен босап, 
еңбегінің зейнетін көретінматериалдық қамтамасыз етілетін құрметті демалысқа шығатын 
жасы. Шартты түрде кәрілік адамның зейнетке шығу жасына жетуінен басталады деп 
есептеледі. Алайда, шын мәнінде, кәрілік адамның жеке басының қасиеттеріне, 
психологиясына, өзін сақтауына, өмір салтының салауаттылығына, ішкі мәдениетіне 
байланысты. сондықтан, кейбіреулер зейнеткер жасына жетпей немесе жете салып өзөін 
қаусаған кәрі сезінсе, екінші біреулер зейнеткер жасына келгеннен кейін де ондаған 
жылдар бойы кәрілігін сезінбей, қоғамдық белсенділігін жалғастыра береді.
Кәрілік кемақылдылық кейде шектен асып, ақылдан ажырап қалу деңгейіне дейін 
құлдырап қалуы мүмкін. Қазақта мұны алжу дейді. Кәрілік кемақылдылық қартайған 
адамдардың бәріне тән емес, ол ақыл-ойы мен жеке басының мәдениеті жоғары, өзіне 
сыншыл көзқараспен қарайтын, парасатты адамдарда сирек кездеседі. 
Бақылауға арналған сұрақтар: 
1. Ересек шақтағы жаму дегеніміз не? 
2. 
Геронтопсихологияның атықтамасы және зерттеу объектісі? 
3. Қартаю дегеніміз не? 
4. Қартаюдың биологиялық және әлеуметтік белгілерін атаңыз? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет