Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар


Психикалық функциялардың дамуы



Pdf көрінісі
бет43/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

Психикалық функциялардың дамуы. 
Танымдық процестеріне келсек, қабылдауында оқу материалын көрнекі 
материалды, түсінуге интеллектуалдығы қажет болады. Кез-келген жұмыста жеткіншекті 
ойлауға итермелеп отыру қажет. Еске сақтауда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану осы кезеңде 
қалыптасады. Өзіндік ерекшеліктерді білу қажеттілігі, өзіне деген қызығу, өзі туралы 
ойлану- жеткіншек кезеңінің өзіндік ерекшелігі. өз кемшіліктеріне көп көңіл бөлу, бұл 
кезең бойында сақталады.
Өзіндік сананың ерекше формалары: ересектік сезімі және “Мен тұжырымдамасы” 
пайда болады. 
Ересектік сезімі
- өзіне ересек адам ретінде қатынаста болу, өзін ересек 
адам ретінде сезіну. Ересектік сезімі мінез-құлықтың этикалық нормасымен тығыз 
байланысты. 
“Мен тұжырымдамасы
” - өзі туралы ішкі үйлескен көзқарастардың, 
бейнелердің жиынтығы.11-12 жаста өзінің ішкі әлеміне деген қызығушылық пайда 
болады, кейін өзін-өзі тану күрделеніп, тереңдетіледі. Жеткіншек өзінің 
ішкі әлемін
ашады. Жеткіншектік жаста өзіндік бағалау өзінің деңгейі бойынша төмен және тұрақсыз 
болады. Жеткіншек жастағы “Мен” бейнелері әр түрлі. Физикалық “Мен” өзінің сыртқы 
көрінісі, тартымдылығы, өзінің ақылы , әр түрлі салалардағы қабілеті туралы 
көзқарастарының жиынтығы біріге отырып, “Мен тұжырымдамасының” – 
шынайы 
“Менін

қалыптастырады. өзін, өзінің түрлі қасиеттерін тани отырып “Мен 
концепциясының” когнитивті компоненті қалыптастырылады. Шынайы “менмен” қатар 
идеалды “Мен”
болады.
Жеткіншектік реакциялар 
Қызығушылық – жеткіншектің бір ерекшелігі, ол жаңа қызық мәнді нәрсені 
қабылдауға ашық даяр болады. 
Әуестену (увлечения)- дәл осы кезеңде белгілі бір іс-әрекетке күшті қажеттіліктің 
болуы. Д.Б.Эльконин бойынша жеткіншектік кезең оқу іс-әрекетіне өте сензитивті 
(сезімтал) кезең. Ереже бойынша әуестену оқу сипатына ие болмайды. Мектептегі оқумен 
тек 
интеллектуалды-эстетикалық әуестену
байланысты болуы мүмкін. Олар, сүйікті - 
тарих, радиотехника, музыка, сурет сабақтары деген терең қызығушылықпен байланысты 
болуы мүмкін. Дене -мануалды қызығушылық өзінің күшін нақтылау, шыдамдылық, 
қандай-да бір мануалды дағдыны игерумен байланысты. Әуестенудің ең қарапайым түрі- 
ақпаратты коммуникативті әуестену

Жинақтаушы әуестену
- коллекция жинаудан 
көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет