Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар


Балалардың мектепке оқуға психологиялық дайындау



Pdf көрінісі
бет40/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

Балалардың мектепке оқуға психологиялық дайындау. 
6 жасар балалардың 
тұлғасының ерекшеліктері оқу процесінде едәуір қиындықтар тудырады. Мектепке 
психологиялық дайындық- мотивациялық, интеллектуалды сфералардың және 
ырықтылық сферасының дамуының жоғарғы деңгейін шамалаушы күрделі құрылым. 
Әдетте, психологиялық дайындықтың екі аспектісін көрсетеді- тұлғалық (мотивациялық) 
және интеллектуалдылық дайындық. 
Мектепте оқуға тұлғалық дайындық, 
баланың жаңа әлеуметтік жағдайға 
ұмтылуы- бұл бастауыш мектеп оқушысының көптеген психологиялық ерекшелігінің 
қалыптасуына негіз және алғышарт болып табылады. Бұл жерде мектеп міндеттеріне 
деген жауапкершілікті қатынас орнайды, бала ол үшін қызықты нәрсені ғана орындап 
қоймайды, сондай-ақ кез-келген оқу жұмысын орындауға тырысады. 
Мектепте оқуға интеллектуалды дайындық. 
Ойлау процестері-жалпылау, 
объектілерді салыстыру, жіктеу, айқын белгілерін бөліп шығарумен, қорытынды жасау 
тәсілдерімен байланысты. Бала танымдық белсенділікке ие болуы керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуындағы негізгі ұғымдар: 
балдырғандарды жас кезеңдерге бөлу, мектеп жасына дейінгі балалардың түрлі 
кезеңдеріндегі іс-әрекеттерінің жетекші түрі, сензитивті кезең, дағдарыс кезеңі, баланың 
тікелей сезімдік және нақты бейнелеу арқылы дүниетанымның дамуы, баланың 
шындықты жанама және жалпылау тәсілдері арқылы танымының өсуі, алты және жеті 
жастағы балаларды мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан даярлау. 
 
Бақылауға арналған сұрақтар:
1. 
Тұқымқуалаушылық және орта анықтамасын айтыңыз? 
2. Нәрестелік шақ қай жас кезеңдерді қамтиды? 
3. 1 жас шамасындағы сәби қандай іс-әрекеттер атқара алады? 
4. Бала бойынша «Мен» жүйесі қай жас аралығында қалыптасады? 
5. 3 жас дағдарысы дегеніміз не? 
6 Мектепке дейінгі кезеңде баланың қай танымдық процестері жақсы дамиды ж2не не 
себептен? 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет