Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет39/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

Қабылдау.
Мектепке дейінгі кезде баланың қабылдауы көп жоспарлы болады. 
Ақырындап апперцепция дами бастайды- қабылдауға өзінің тәжірбиесінің әсері. Жас 
бойынша апперцепцияның рөлі ұлғая түседі. Қабылдаудың мағыналылығы пайда болады. 
Оның ішінде ырықты әрекеттер бөлініп шығады- бақылау, байқау, іздеу.
Ойлау. 
Ойлаудың дамуындағы негізгі бағыт- 
көрнекі-әрекеттіктен көрнекі-
бейнелікке өту .
Мектепке дейінгі бала бейнелі түрде ойлайды, бәрақ әлі қисын ой жүгірту 
дамымаған. Мектепке дейінгі жастың соңына қарай жалпылауға, байланыс орнатуға деген 
тенденция байқалады. 
Эмоция, мотив және өзіндік сана-сезімнің дамуы 
А.Н.Леонтьевтің айтуынша мектепке дейінгі кезең «тұлғаның алғашқы 
қырларының қалыптасу кезеңі », дәл осы кезде негізгі тұлғалық механизмдер мен 
құрылымдар қалыптасады. Бір-бірімен тығыз байланысты эмоционалды және 
мотивациялық сфералар дамиды, өзіндік сана-сезім қалыптасады. 
Мотив. 
Осы кезде қалыптасатын ең маңызды тұлғалық механизм 
мотивтердің 
бағыныштылығы 
ол мектепке дейінгі жастың басында пайда болады және ары қарай 
дамиды. Баланың тұлғасының қалыптасуын мотивациялық сферасының өзгерісімен 
байланыстырады. Мектепке дейінгі баланың мотиві түрлі күшке және мәнге ие. Осы 
кезеңде баланың индивидуалды 
мотивациялық сферасы
қалыптасады. Баладағы түрлі 
мотивтер тұрақтылыққа ие болады. Тұрақты мотивтердің ортасында 
басым мотивтер
болады.
Мектеп жасына дейінгі бала этикалық қоғамда қалыптасқан 
норманы игере
бастайды, ол қылықтарды мораль нормасы бойынша бағалауды, өзінің мінез-құлқын осы 
нормаларға бағындыруды үйрене бастайды. Алғашқыда бала басқа балалар немесе 
әдебиет кейіпкерлерін бағалауды үйренеді, кейін өзінің әрекеттерін бағалауды үйренеді. 
Өзіндік сана-сезім. 
Өзіндік сана-сезім мектепке дейінгі жастың соңына қарай 
қалыптасады. Өзіндік сана-сезімнің дамуы өзіндік бағалаумен тығыз байланысты.
Өзіндік сана-сезім дамуының тағы бір бағыты- өзінің 
күйзелістерін ұғыну. 
Өзін уақыт бойынша түсіну
басталады. 6-7 жастағы балада өзінің өткен шағы 
есінде болады, осы шақты және болашақты түсіне бастайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет