Дәріс 12. Психикалық дамудың жасерекшелік кезеңдері
Қарастырылатын негізгі сұрақтар.
1.
Жастың анықтамасы мен түрлері.
2.
Шетел психологиясындағы жастық даму кезеңдерге бөлу.
3.
Кеңес психологиясындағы жастық даму психологиясы. Жетекші іс-әрекет.
4.
Дамудың жастық дағдарыстары.
Шетелдiк жас ерекшелiк психологиясының негiзгi тұжырымдамалары.
Бала психикасын эксперимент қолданып зерттеуге еңбек сіңірген психологтар:
А.Бине (1857-1911), В.Штерн (1871-1938), К.Кофка (1886-1941), Ж.Пиаже (1896-1980)
болатын.
Эрик Эриксон З.Фрейдтің ізбасары, психоаналитикалық теорияны жалғастырушы.
Тұлғаның дамуы қоғамның экономикалық және мәдени деңгейіне байланысты. Қоғамның
құндылықтары және нормалары балаға тәрбие процесінде беріледі.
Э. Эриксон бойынша тұлға дамуының сатылары.
Дамудың бірінші сатысында (оральды-сенсорлы) нәрестелік жасқа қатысты, әлемге
сену немесе сенбеу пайда болады. Тұлғаның прогрессивті дамуында бала сенімді
қатынасты таңдайды. Ол
жеңіл тамақтану, терең ұйқы, ішектің дұрыс жұмыс істеуі.
Екінші саты (бұлшық етті-анальды)ерте балалық шаққа қатысты.
Баланың
мүмкіндігі дамиды, жүре бастайды. Дербестілікке ұмтылады.
Үшінші саты (локомоторлы-гениталды), мектепке дейінгі жасқа сәйкес келеді, бала
қоршаған ортаны белсенді таниды. Дербестілікке ынталылық (инициатива) қосылады.
Осы кезеңде жыныстық идентификация болады және бала мінез-құлқының белгілі
бір формасын меңгереді.
Бастауыш мектеп жасы- пубертатты алды Осы уақытта төртінші саты (латентті)
дамиды.
Бастауыш мектепте оқу кезеңінде- бастауыш мектеп оқушысының кәсіби
идентификациясы өзін белгілі бір кәсіп өкілі ретінде сезіну.
Жастық шақ тұлға дамуының бесінші даму сатысын құрайды.
Балалық шақ
аяқталуға жақын, өмірлік жолдардың үлкен кезеңі аяқталып, ұқсастықтың (идентичность)
қалыптасуына алып келеді.
Алтыншы сатысы, ерте кемелдену жасына сәйкес келеді, ересек адамның алдында
жақындасу (интимдік) проблемасы туындайды. Дәл осы уақытта шынайы сексуалдылық
көрінеді.
Кемелдену немесе орта жас- тұлға дамуының жетінші сатысы.
Адам өнімділікке
және шғармашылыққа ұмтылады.
Соңғы саты, кеш кемелдену, адам өмірлік жолды
қабылдайды және тұлғаның
тұтастылығын игереді. Осы кезеңде даналық пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: