Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет34/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

сәбилік кезең
деп аталады. Бұл кезде баланың тілі шығып
денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі.
3-тен 7 жасқа дейінгі кез - 
мектепке дейінгі
кезең
. Бұл кезеңде қарапайым әрекеттің 
түрлерін орындай алады, ойынның рөлдік ойын түрі пайда болады. 
8-ден 11 жасқа дейінгі кез - 
бастауыш мектеп
жасы деп аталады.
11-15 жас - 
жеткіншектік жас
кезеңі деп аталады. Бұл кезде балада психологиялық 
жағынан да, физиологиялық жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңді қиын 
кезең деп те атайды. 16-17 жас 
жасөспірімдік кезең
деп аталады. 
20-30 жас 
жастық кезең
деп аталады. 
30-60 жас аралығы кемелдену кезеңі деп аталады. 


Кәрілік кезең және қартаю
60-70 жас аралықтарын қамтиды. 
Әрбір жас кезеңінде адамда белгілі іс-әрекет жетекші рөл атақарады. Іс-әрекеттің 
әр түрлері дамуға әр түрлі әсер етеді. Әр кезеңде болатын, тұлғаның және психикалық 
функциялардың дамуындағы өзгерістер 
жетекші іс-әрекетермен
қамтылған. 
А.Н.Леонтьев жетекші іс-әрекеттің үш белгісін көрсетті. Біріншіден, жетекші іс-
әрекет аясында іс-әрекеттің жаңа түрлері пайда болады және ажыратылады. Мысалы: бала 
ойнай отырып үйренеді: рөлдік ойында мектепке дейінгі балада оқудың элементтері 
қалыптасады. Екіншіден, жетекші іс-әрекетте арнайы психикалық функциялар 
қалыптасады. Мысалы, ойында шығармашылық қиял пайда болады. Үшіншіден, осы 
уақытта бақыланатын тұлғаның өзгерісі тәуелді. 
Әр даму кезеңдерін өткен сайын, бір жастан екінші жасқа көшу барысында адам 
үлкен дағдарыстарға ұшырайды. Дағдарыс – қалыпты емес, «ауытқушылық» құбылысы, 
дұрыс емес тәрбиенің нәтижесі. 
Дағдарыстық 
және 
стабильді 
кезеңдер 
кезектеседі. 
Сондықтан 
да 
Л.С.Выготскийдің жас ерекшелік кезеңі келесі сипатқа ие: жаңа туылу дағдарысы- 
нәрестелік жас (2 ай-1 жас)- 1 жас дағдарысы- ерте балалық шақ (1-3жас)- 3 жас 
дағдарысы- мектепке дейінгі жас (3-7 жас)- 7 жас дағдарысы- мектеп жасы (7-13 жас) – 13 
жас дағдарысы- пубертатты жас (13-17 жас)- 17 жас дағдарысы. 
 
Бақылауға арналған сұрақтар:
1. 
Даму дегеніміз не? 
2. Дамудың неше кезеңі бар және қандай? 
3. Л.С.Выгодский бала дамуын неше кезеңге бөліп қарастырды және қандай? 
4. Эмбрион дегеніміз не?
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет