Дәріс Пәнге кіріспе Қарастырылатын негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет32/48
Дата13.11.2022
өлшемі0,57 Mb.
#157877
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48
Байланысты:
Д ріс П нге кіріспе арастырылатын негізгі с ра тар

Психикалық даму мақсаты
: Адам даму психикалық дамудың мақсаттына 
қойылатын бағыттылықты меңгереді.Даму мақсатын түсіну көптеген концепцияларда 
әртүрлі.Даму мақсатының сапасы ретінде адамның өз жеке күйзелістерін сезіну, бала 
әлеуметтенуі және жоғары психикалық функциясы (Л.С.Выготский), мінез-құлық 
автономиясы, ата-ана жанұясынан бөлектену (әлеуметтік үйрену теориясы), өзін-өзі 
жетілдіру, актуализация (А.Маслоу, К.Роджерс), мәдениет құндылықтарын және 
тармақтарын 
меңгеру 
(мәдениеттену 
М.Мид, 
Дж.Брунер, 
Л.С.Выготский) 
қарастырылады.Психикалық даму факторы- оның барлық жүрісіндегі шартталған 
себептері.Олардың тұқымқуалаушылық, орта, тұлға белсенділігі жатады. 


Тұқымқуалаушылық
–ата-анасынан ұрпақтарынан қандай да бір белгілердің, 
ерекшеліктердің бірілуі. Тұқымқуалаушылықтың материалдық тасымалдаушылары 
гендер- молекулалары организмнің барлық клеткаларының хромосомаларында бар 
дезоксирибонуклеин қышқылдарының бөліктері болып табылады. Тұқымқкалаушылық 
генотип және фенотипі бөліп көрсетеді.Гендер- қазіргі кезде ерлер мен әйелдердің 
арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды, олардың әлеуметтік рөлдерін және т.б. 
талдаған кезде қолданылатын термин.Генетика- (грек.генетикос-туылуға, шығу тегіне 
байланысты)- организмнің өзгергіштігі мен тұқымқуалаушылық заңдары туралы ғылым. 

генотип
–барлық гендердің, организмнің генетикалық конституциясының 
жиынтығы (адамның тарихи өткені туралы ақпараттан тұрады, генотип адамды 
дараландырады: генотиптің потенциялды сандық варианты 3 х10, ал жер бетіндегі 
тұратын адамның саны 7х10). 

фенотип
- онтогенезде генотиптің сыртқы ортамен біріккен іс-әрекеті барысында 
дамыған барлық белгілер мен негізгі қасиеттерінің жиынтығы. 

Орта
– адамның өмір сүруі үшін қоршап тұрған материалды қалыптастыруына 
әсері,Л.Эрманның, П.Парсонстың (1984) зерттеулерінде генотиптің организмнің 
қасиеттеріне (салмағы, бойы, вербалды емес интеллект тұрақты әсері көрсетіледі. 

Тұлға белсенділігі, субъективтілік (Н.А.Бернштейт, С.Л.Рубенштейн, А.В. 
Брушлинский, К.Роджерс, А.Маслоу т.б.).Адам тек шынайы- табиғи (табиғи- 
социомәдениетті) жарытылса емес, сонымен бірге жоғары- шынайы В.И.Слободгинов. 
Осыған орай даму категориясы бір мезетте өзіне үш өзіндік процесті біріктіреді. 

пісіп жетілу және өсу- заңдылықтарының шығу себептерінің тұтастығы ретінде. 

қалыптастыру- дайындау (форманы табу) және өзін жетілдіру ретінде (мәдениетте 
көрсетілген дамыған үлгіні табу); социомәдениет мақсатын және нәтижесінің қоғамдағы 
мәнінің тұтастығы ретінде. 

қайта құрылу- негізгі өмірлік вектордың ауыстыру және өзін-өзі дамыту 
ретінде.Тұлға ұғымы- отандық психологиядағы негізгі ұғымдардың бірі, ал оқу-тәрбие 
процесінің ізгілендіруіне орай педагогикада да жиі қолданылатын санатқа айналды.Тұлға-
дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше 
әдәсә, адамның қоғамдық өмірінің дара нысыны. 
Жас түсінігі нақты даму теориясынан және оның кезеңдерінің принциптерінен 
бөліп шығарылады.Әдетте төмендегідей болып бөлінеді: 
1.Нәрестелік (0-1 жас); 
2.Ерте сәбилік шақ (1-3 ж); 
3.Мектепке дейінгі жас (3-6- 7 ж); 
4.Кіші мектеп жасы (6- 7-11- 12 ж); 
5.Ересектік балалық пен жігіттік аралығы (11 - 12-15 - 17 ж); 
6. Балаң жас (15 - 17-19 - 20); 
7.Ерте жастық шақ (19 - 20-25 - 40); 
8.Ортақ жастық шақ (кемел жас) (25\40-55\60ж); 
9.Кәрілік кезең (жоғары 55\60); 
Жас кезеңдеріне сәйкес даму психологиясының мынандай бөлімдері бөліп 
көрсетіледі: құрсақтағы даму, мектепке дейінгі, кіші мектеп, жасөспірім, жастық, 
ересектік (акмеология) геронтопсихология.Психологиялық жаспен қатар биологиялық 
болып әлеуметтік, фихикалық болып бөлінеді. 
Психикалық даму заңдылықтары: теңсіздік жеке психикалық функциялардың, 
процестердің, қасиеттердің дамудағы бірдей еместігі, тұрақсыздығы, оның өзгермелі 
сипаты.Индивид дамуына келесі стадиялар қарасырылады: жоғарлау, құлдырау, 
тұрақтыландыру кезеңі. 
- гетерохронстылық- органдар мен функциялардың даму фазасы уақытындағы сәйкес 
келмеушілік, әр уақыттылық, асинхрондылық (Л.С.Выготский) 
-даму тұрақсыздығы- дамудағы дағдарыстар кезіңде көрінеді. 


- даму сензитивтілігі. Дамудағы сензитивтілік кезең- сыртқы әсерлерді психикалық 
функциялардың тым әсерлі қабылдау кезеңі деп аталады (оқыту және тәрбиелеу). 
Даму кумулятивтілігі - әр кезеңінде даму нәтижесі келесі болатын іс-әрекетті қосып 
отырады, яғни белгілі бір жағдайды тасымалдайды.Мысалы: көрнекті іс-әрекеті, ойлаудан 
көрнекті бейнелі және сөздік логикалық ойлауға көшу процесі сияқты. 
Даму психологиясының пәні – жас пен жастық өзгерістер зерттеу пәні. Ғылыми 
пәні – оның негізгі мәселелерін анықтайды. Даму психологиясы үшін олар:
-
адамның психикасының дамуының фактор мәселесі; 
-
даму критерийлерінің мәселесі; 
-
даму ерекшеліктерін зерттеу әдістер мәселесі; 
-
баланың жалпы психикалық дамуындағы ақыл-ой және тұлғалық өзгерістерінің ара-
қатынас мәселесі; 
-
даму процесінің педагогикалық фасилитация мәселесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет