Дәріс. Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті



бет62/69
Дата11.03.2022
өлшемі166,96 Kb.
#135070
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69
Байланысты:
Лекция топтамасы- гыл-12-12-2021 2

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Андреев В.И. Педагогика высшей школы. Инновационно-прогностический курс:учебное пособие. –Казань: Центр инновационных технологий, 2011. – 500 с.
2. Борытко Н.М. Методология и методы психолого-педагогических исследований: учеб. пособие для студ.высш.учеб.заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2011..–320 с.


11- ДӘРІС. РЕЙТИНГ (РЕЙТИНГ) ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ӘДІСІ

Жоспар


  1. Рейтинг өлшеу әдісі

  2. Өзін-өзі бағалау

Рейтинг әдісі - эксперттердің әрекеттің белгілі жағына баға беруі. Эксперттерді таңдауға жоғары талаптар қойылады: құзырлығы жоғары (компетентный) шығармашылықпен міндеттерді шеше алатын, экспертизаға жағымды қатынаста болуы, шыншыл, объективті қатынаста қарау, өз-өзіне сынмен қарайтын болуы керек.


Рейтингке полярлық сауалнама қолдануға болады.
Өзін-өзі бағалау әдісі арнаулы бағдарлама арқылы жүргізіледі. Талдау барысында рангвалық әдіс қолданылады. Себебі анықталған кезде, өсу немесе төмендеуі бойынша орналастырылады. Оның пайда болу дәрежесі немесе белгілері позициясының мәнділігіне қарай орналастырылады.
Рейтинг өлшеу әдісі болып табылады, оның көмегімен нақты сапалы психологиялық құбылыстар мөлшерлік баға түріндегі өзінің сандық көрінісін алады. Рейтінгтің үш түрі болады. Бағалау рейтінгі оның айырмашылығы қолданылу қарапайымдылығы, математикалық өңдеу әдістерінің және зерттеу нәтижелерін талдаудың мүмкіндігі.
Кеңінен таралған бағалау шәкілі түрлерінің бірі рейтинг болып табылады. Ол құзырлы судьялар мен сарапшылардың пікірлері мен жан-жақты бағаларын жинау жолымен психикалық құбылыстарды диагностикалық өлшеу әдісін көрсетеді.
Рейтинг сарапшыларды тиянақты таңдауды, нақты, қолайлы бағалау жүйесін талап етеді. Оны мысалы, оқу әдістерінің болашақ рөлін және диагностикалық құралдардың тиімділігін бағалау үшін пайдаланады.
Маңызына қарай рейтинг жекелеген көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыру жолымен құрылады. Көрсеткіштерді маңыздылық дәрежесі бойынша қатарға орналастырады. Топ балаларын қандай да бір сапалары бойынша маңыздық рейтинг негізінде екі құбылыстың арасындағы байланыстың орнығуы - корреляция жүргізілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет