Тәуелсіз сипаттамалардықорыту әдісі Бұл әдіс тұжырымдардың объективтілігін арттырады. Оның мәні зерттеушінің әр түрлі көздерден алынған ақпараттарды өңдеуімен көрінеді.
Мысалы, оқушының жеке басын зерттей отырып, мұғалім ол туралы ата-аналардан, басқа мұғалімдерден, дәрігерлерден, ұжымнан мәмәліметтер алады.
Рейтинг және өзін-өзі бағалау әдісі. Рейтингі әдісі – эксперттің әрекеттің белгілі жағына баға беруі. Эксперттерді таңдауға жоғары талаптар қойылады: құзырлығы жоғары шығармашылықпен міндеттерді шеше алатын, экспертизаға жағымды қатынаста болуы, шыншыл, объективті қатынаста қарау, өз-өзіне сынмен қарайтын болуы керек. Рейтингке полярлық сауална қолдануға болады. Өзін-өзі бағалау әдісі арнаулы бағдарлама арқылы жүргізіледі. Талдау барысында рангвалық әдіс қолданылады. Себебі анықталған кезде, өсу немесе төмендеуі бойынша орналастырады. Оның пайда болу дәрежесі немесе белгілері позициясының мәнділігіне қарай орналастырылады.
Рейтинг өлшеу әдісі, оның көмегімен нақты сапалы психологиялық құбылыстар мөлшерлік баға түріндегі өзінің сандық көрінісін алады. Рейтингдің үш түрі болады. Бағалау рейтингі оның айырмашылығы қолданылу қарапайымдылығы, математикалық өңдеу әдістерінің және зерттеу нәтижелерін талдаудың мүмкіндігі. Бұл әдістің мәні мынада: қандай да бір нақты психикалық, педагогикалық құбылыстар /сапалар/ сандық жүйе көмегімен алдын ала белгіленген баға бойынша моделденеді. Мысалы, тәрбиеші мен баланың өзара қатынас сипатын бағалау үшін мынадай бағалау шәкілін (шкалалау) қолдануға болады:
1. Аса теріс, қас /-2/
2. Шала теріс /-1/
3. Бәрібір /0/
4. Шала оң /+1/
5. Анық оң /+2/
Осыған орай бұл шәкілдердің әрбір бөлімдерін толық анықтап жазу керек. Кеңінен таралған бағалау шәкілі түрлерінің бірі рейтинг. Ол құзырлы судьялар мен сарапшылардың пікірлері мен жан-жақты бағаларын жинау жолымен психикалық құбылыстарды диагностикалық өлшеу әдісін көрсетеді. Рейтинг сарапшыларды тиянақты таңдауды, нақты, қолайлы бағалау жүйесін талап етеді. Оны мысалы, оқу әдістерінің ролін және диагностикалық құралдардың тиімділігін бағалау үшін пайдаланады. Маңызына қарай рейтинг жекелеген көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыру жолымен құрылады. Көрсеткіштерді маңыздылық дәрежесі бойынша қатарға орналастырады. Топ балаларын қандай да бір сапалары бойынша маңыздық рейтинг негізінде екі құбылыстың арасындағы байланыстың орнығуы-корреляция жүргізілуі мүмкін.
Бұдан кейінгі төмендегі формула бойынша спирменнің рангалық корреляция коэфициентін есептеуге болады: Егер есептелген коэфициент оң болса, онда зерттелетін екі белгі арасында оң /тура/ байланыс болады, егер теріс болса – кері байланыс : бір белгі көбірек көрініс алған сайын, екіншісі аз көрініс береді. Сондықтан егер корреляция коэфициентінің абсалют шамасы
0 / / 0,3 - шамада болса, онда корреляцияланған белгілер арасында әлсіз байланыс болады;
0,3 / / 0,5 – біркелкі байланыс
0,5 / / 0,7 – едәуір байланыс
0,7 / / 0,9 – күшті байланыс
0,9 / / 1 - өте күшті байланыс
Маңызына қарай рейтингіктің көп түрлерінің бірі жұптық салыстыру болып табылады. Оның маңызы балаларды бір-бірімен қандай да бір сапасына қарай салыстыруда жатыр. Егер бұл сапамен екі бала да тепе-тең деңгейде иеленсе, онда олардың әрқайсысына бір балдан қойылады. Егер зерттелетін сапа алғашқысында екіншіге қарағанда жақсы дамыса, ондай біріншіге екі балл, екіншіге ноль балл қойылады. Әр балаға алынған баллдарды есептей отырып, біз аталған сапаның даму деңгейінің сандық көрінісін аламыз. Салыстыру рәсімінің ұзақтығына және балалардың едәуір санын есептеудің қиындығына қарамастан, жұптық салыстыру әдісінің жетістіктері баршылық:
- үлкен санды салыстырумен туындаған бағалаудың объективтілігі / п/п-1/, мұндағы п- балалардың саны/
- әдістің қарапайымдылығы;
- материал жинау барысында уақытты үнемдеу;
- нәтижелерді күрделі емес математикалық өңдеу.
Социометриялық шәкілдер – бұл түрі топ жетекшісі үшін өте маңызды, оның көмегімен топтағы әлеуметтік өзара қатынастар құрылымы зерттеледі. Мысалы, социометрия әдістемесі топтағы жеке тұлға аралық қатынастарды білуге мүмкіндік береді. Анықталған қатынастардың сипатына байланысты әр түрлі сұрақтар қойылуы мүмкін: " сен кіммен бірге ойнағанды жақсы қалайсың, кіммен бірге отырғанды қалайсың? "… тақырыптағы пікірталасқа қатысуға сен кімді ұсынар едің ?". Балаларға өз парақтарына қол қойып, оған қалауларының бірізділігін сақтай отырып/ бірінші, екінші кезек/ таңдалған топтарының тегін жазу ұсынылады. Осы сұраудың негізінде ұқсас матрица құрылады. / өзара таңдау шеңберге алынады/:
Содан кейін бөлек параққа социограмма сызылады. Ол топ балаларының барлық нөмірі сиятын төрт концентрикалық қоршауды көрсетеді. Бірінші шеңберге / орталық/ таңдаудың орташа санынан екі есе көп " социометриялық жұлдыздар" түседі, екінші шеңберге " артық көретіндер" / орташа санды таңдаулар/, үшіншіге " менсінбейтіндер" /таңдау саны орташадан төмен/, төртіншіге – "бөлектенгендер" /бірде-бір таңдау алмағандар/. Таңдауды тыңдайтын адамнан таңдалған адамға бағытталған вектормен белгілейді. Жалпылау әдісі қорытындының объективтілігін күшейтеді. Әртүрлі әдебиеттерден алынған ақпаратты өңдеуге бағытталады. Белгілі проблеманы зерттей отырып, топпен танысу арқылы тәрбиешіден, топ жетекшісінен, ата-анадан, басқа топ балаларынан ақпараттар алады.
Педагогикалық консилилумді Ю.К.Бабанский ұсынған, белгілі бағдарлама және біртұтас белгілері бойынша тәрбиеленушілерді зерттеу нәтижесін ұжымдық талдау. Аталған сапаларға ұжымның бағасы, жеке тұлғаның қалыптасуындағы ауытқулардың болу себептері, одан құтылудың жолдарын анықтау. Педагогикалық эксперимент. Аталған эксперимент осы күнгі педагогикалық құбылыстарды зерделеуге мүмкіндік береді; нақтылаушы эксперимент кезінде бұл фактілерді констатациялау және қайта електен өткізу негізінде жаңа педагогикалық құбылыстар анықталады және олардың ақиқаттылығы тексеріледі; бақылау эксперименті өткізілген қалыптастырушы экспериментті оң (немесе теріске шығаруға) бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ететіндіктен, болжамды растауға (немесе теріске шығаруға) мүмкіндік береді.