1. Мақсатқа бағытталу – бақылау балаға емес, нақты жеке тұлғалық ерекшеліктердің пайда болуына жүргізіледі.
2. Жоспарлау – бақылауды бастамас бұрын белгілі бір міндеттерді (нені бақылау керек) белгілеп, жоспарын (мерзімі мен құралдары) көрсеткіштерін (нені жазу керек), мүмкін болатын есептерді (қателер) және оларды алдын ала ескерту жолдары мен алдын ала болжамды нәтижелерін әбден ойлау керек.
3. Өзін-өзі бөлу – бақылау жанама міндетті емес, өз алдына бөлек болу қажет. Мысалы, балалармен орманға экскурсияға бару олардың сапасын көрсетуде озық әдіске саналмайды, өйткені мұндай жолмен алынған мәліметтер кездейсоқ болады, сондықтан басты назар ұйымдастырушылық міндеттерді шешуге бағытталады.
4. Табиғилық – бақылау балаларға табиғи жағдайларда жүргізілуі керек.
5. Жүйелілік – бақылау оқиғадан-оқиғаға емес, жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүргізілуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |