7 - ДӘРІС. Эмпирикалық зерттеу әдістері
Жоспар
1.Педагогикалық бақылау
2.Әңгімелесу
3.Тестілеу
Эмпирикалық әдіс: бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест, интервью, іс-құжаттарды талдау, мұғалімдердің тәжірибесін жинақтау.
Педагогикалық бақылау - педагогикалық процесті, құбылысты табиғи жағдайда мақсатқа бағыттап қабылдау. Бақылаудың басында зерттеуші қандай мақсатта, қандай ұзақ бақылау, қандай нәтиже күтетінін білуі керек. Бақылау алдын ала құрастырылған нақты жоспар болғанда ғана тиімді болады. Зерттеушіге оны дұрыс жүргізуге, фактілерді объективті таңдауда, нәтижені тіркеу, себеп-тіркеу байланысты анықтау, қорытынды мен тұжырымды дұрыс жасауға көмектеседі. Бақылаушы зерттеу объектісі, шарттары, құралдары болуы қажет. Бақылау барысында жинақталған материалдарды тіркеу, күнделік жүргізу, хаттамаға түсіру, стенография жасау, бейнетаспаға түсіру жүргізіледі.
Зерттеу объектісін бақылау – тікелей және жанама, ашық және жабық, ал уақыт белгісіне қарай үздіксіз және үздік-үздік, монографиялық түрлері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |