Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Андреев В.И. Педагогика высшей школы. Инновационно-прогностический курс:учебное пособие. –Казань: Центр инновационных технологий, 2011. – 500 с.
2. Борытко Н.М. Методология и методы психолого-педагогических исследований: учеб. пособие для студ.высш.учеб.заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2011.–320 с.
3. Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования. М.: Академический Проект, 2010.-382 с.
12- ДӘРІС. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жоспар
Әдебиетпен жұмыс жасау
2. Әдеби материалдарымен жұмыс істеу библиография құрастыру. Педагогикалық эксперименттің әдіс ретіндегі ерекшелігі
Әдебиетпен жұмыс жасаудың екі кезеңі бар. Бірінші кезеңінде зерттелетін мәселенің тарихи қалыптасуын зерттеу. Мәселен, дамуының кезеңгі кезеңдерін сипаттау, негізгі бағыттарын көрсету. Екінші кезеңінде зерттелетін мәселенің шешілмеген, зерттелмеген қандай мәселе қалды, бұрынғылар қандай қор қосты, олардың әдістемесі, дұрыстығы, қортындылары мен ұсыныстарының мәні туралы айтылады. Зерттеуші өзі үшін нақты зерттеу жұмысының әдіснамалық базасын жасап алу керек.
Педагогикалық зерттеу үшін төмендегі жағдайларды ескеру керек:
Негізгі ғылыми ұғымдарды біліп және түсінігі болуы.
Терминалогияларды пайдаланып, фактілерді және құбылыстарлы сипаттама бере алуы.
Негізі белгілері бойынша бір-біріне жақын фактілерді таңдай білуі
Жалпы ғылыми ережелерге сай фактілерді іріктеуі;
Фактілер мен құбылыстарды талдап, саралап бере алуды үйрену.
Ұғымдарды дәл анықтау, ал ұғым ғылыми танымның жоғары сатысы болғандықтан ғылымның жеткен деңгейін тізеді.
Әртүрлі ғылыми зерттеудің нәтижелеріне сай дәлелдеулер беруді ескеру қажет.
Әдеби материалдарымен жұмыс істеу библиография құрастыру, аннотациялау, реферат жазу, конспектілеу, деректер мен цитаталар көшіріп алу сияқты жалпы ғылыми жұмыстың түрлерін орындауда қолданылады. Әлуметтік-қоғамдық өзгерістердің тез жүруіне байланысты соңғы, шыққан әдебиеттерді қолданған жөн. Студенттерге әдебиеттердің екі түрі: негізгі әдебиеттер және қосымша әдебиеттер таңдау ұсынылады. Негізгі әдебиеттерді жетекші беріп, оған негізгі тақырыпқы сәйкес оқулықтар, оқу-құралдары, құжаттар көрсетіледі. Ал қосымша әдебиеттерді студентің өзі таңдауы керек. Бұл үшін кітапханада каталогпен жұмыс істеп ізденуі қажет.
Қосымша әдебиеттерге журналдар, монография, брошюра, жинақтар жатады. Әдебиеттерді таңдауда арнаулы дәптер арнап, альфавит бойынша орналастыру қажет. Әдебиетпен жұмыстың келесі кезеңдері бар.
Кезеңінде алынған тақырыбыңыздың тарихын, бұрын қалай зертелгеніне шолу жасау. Оның өзінде мына мәселелерге көңіл бөлу қажет, негізгі даму кезеңдеріне сипаттама беру; өзгерістерін бөліп көрсету; негізгі бағыттарын атау.
Екінші кезең таңдаған проблемаңыздың қазіргі таңдаған жағдайына талдау. Қандай проблема шешусіз қалды, пікірталас тудырады, әлде мүлде зерттелмеген бе? Негізін салушылар кімдер? Олардың әдістемесі, көзқарасының дұрыстығы, қорытындыларының мәні мен ұсыныстарының тиімділігі қарастырылады. Әдебиеттегі материалды дұрыс таңдау үшін бірнеше рет оқу қажет. Бірінші оқуда материалдың көпшілік бөлігін түсіндіруді мақсат етіп, түсінбегенін белгілеу. Екінші рет оқуда ойланып, қайтадан оқу. Сөздіктерді қолданып, оқытушыдан консултация алуы қажет.
Әдебиетпен жұмыс кезінде кейібір қызықты мәліметтерді және фактілерді конспектілеп немесе цитаты, сілтеме түрінде беруге болады.
Аннотация - (лат-ескертпе) мәні, мазмұны, формасы және басқа ерекшеліктері тұрғысынан алғанда құжаттың немесе оның бөліктерінің қысқаша сипаттамасы. Аннотация түсінігіне энциклопедиялар мен сөздіктерде мынадай анықтама берілген. Аннотация - кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси- идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама. Аннотация арқылы кез-келген әдебиеттің зерттеу жұмысына қажет немесе қажет емес екендігін тез іріктей аламыз. Аннотация құру (аннотациялау) алғашқы құжаттарды аналитикалық-синтетикалық қайта өңдеу процесін қамтиды. Бұл процесс аннотация құрумен екінші дәрежелі құжатпен аяқталады. Аннотация оқырманға таныс емес басылым туралы алдын-ала түсінік береді. Және оған қажетті мағлұматты іздестіруге, жианқтауға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |