Дәріс. Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті



бет67/69
Дата11.03.2022
өлшемі166,96 Kb.
#135070
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
Лекция топтамасы- гыл-12-12-2021 2

Ұсынылатын әдебиеттер:



  1. Жиенбаева С.Н. Педагогикалық ғылыми зерттеу теориясы мен әдістемесі. Алматы.., 2013. 55-60 бет.



13-лекция. Курстық жұмысы және оның әдістемесі
Қазіргі танда болашақ педагогты жан-жақты кәсіби шеберлікпен дайындау мәселесі бүгінгі күн тәртібіндегі көкейкесті мәселелердің бірі. Педагогтың кәсіби шеберлігінің дамуында, күнделікті педагогикалық жағдайларды талдап шеше білу және өскелең үрпақтың оқу мен тәрбие қүралдарынын, жолдарын анықтап білуінде.
Бұл іскерлікті жүзеге асыру үшін студенттер институт, университет қабырғаларында жүргенде курстық жұмыстар, соңғы курстарда дипломдық жұмыстар орындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты - студенттердің логикалық ойлау шығармашылық қабілеттерінің оқу-тәрбие процесіндегі дағдысын, ғылыми-зерттеушілік шеберлігінің деңгейін, теорияны практикамен ұштастыра білу мүмкіншілігін практикада қолданып қалыптастыру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Студенттің немесе мұғалімнің педагогикалық ғылыми жаңалықтарды меңгеруін;

  • Олардың ғылымилық, жүйелілік теорияның практика тәжірибесімен байланыстылығы, тарихилық, деалектикалық жүйемен жүргізу керек;

  • Қарама-қайшылық, сан мен сапаның бірлігі сияқты категорияларды меңгеруін;

  • Студенттердің зерттеудің ғылыми әдістемесі мен тәсілдерін, оқытудың жаңа техналогиясын, дамыта оқыту идеясын басшылыққа алуын қамтамасыз ету.

Ғылыми жұмыстар, оның ішінде курстық және дипломдық жүмыстарды орындау туралы көптеген әдебиеттерде берілген үлгілерге, талаптарға және оның ерекшеліктерін зерттей келе, А.М.Новиков, Н.Г.Кшков, И.В.Мохов, В.И.Смирнов, Н.Е.Соколов, Н.А.Сорокин, В.И.Журавлев, И.Д.Андреев, В.В.Краевский, В.В.Налимов, Г.И.Голиков, З.А.Исаева, А.Ерназаров, М.Жайлауова, А.Жалғасбаевалар студенттердің орындайтын курстық және дипломдық жұмыстарына талдау жасай отырып, зерттеу сипатының негізіне қарай төрт топқа жіктеген:
- теориялық-логикалық сипаттағы курстық және дипломдық жұмыс;
- озық тәжірибелерді оқып-үйрену негізінде орындалатынкурстық және дипломдық жұмыс;
- эксперименттік сипаттағы курстық жұмыс;
- тарихи логикалық сипаттағы курстық жұмыс;
Енді осы жоғарыда аталған курстық жұмыстың түрлеріне жеке-жеке тоқталып өтейік:
Теориялық-логикалық сипаттағы курстық жұмыстар. Берілген әдістерді терең оқу арқылы бір ғылыми мәселенің ашылу жағдайын қарастырады. Студенттер мұндай жұмыстарды орындай отырып,библиографиялық ізденіс жасай білуі керек. Әдеттегі берілген материалдарға талдау жасайды. Зерттелінетін мәселе бойынша ұсыныстар жасап,жаңа идея ұсына алады немесе бұрынғы идеяға түзету енгізеді қорытынды жасайды.
Тарихи логикалық сипаттағы орындалатын курстық жұмыстар. Белгілі бір кезеңдегі өскелең ұрпақтың тәрбие жұмысын қалыптастыру заңдылықтарын, нәтижелерін, мақсатын зерттеу. Мұндай типтегі курстық және дипломдық жұмыстарды негізінен тарих, философия факультеттерінің студенттері белгілі бір тарихи құбылыстың мән-жайын, тарихи оқиғаның шығу себептерін,педагогика тарихы,баспасөз тарихы туралы мәселелерді зерттеу барысында орындайды. Бұл жағдайда тарихи ғылымдарда пайдаланатын зерттеу әдістері қолданылады. Олар: тарихи материалдарды тарихи теориялық тұрғыдан талдау, жүйелік талдау ,құрылымдық талдау, статистикалық талдаудан тұрады.
Курстық жұмыс құрылымы: Өңірбет, жоспары, кіріспе, негізгі бөлім, тақырыпқа байланысты әдебиеттерге шолу,қорытынды,әдебиеттер тізімі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет