Дәріс Психологиялық кабинет. Психологиялық құралдар


Ғимарат пен интерьерді ұйымдастыру



бет5/10
Дата13.12.2021
өлшемі153,02 Kb.
#125529
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
4 дәріс
4 дәріс, 5 дәріс, 5 дәріс, 5 дәріс
Ғимарат пен интерьерді ұйымдастыру

Практикалық психолог кабинеті үшін жеке ғимарат немесе жеке сынып берілуі қажет, оның ауданы 25-30 м2 кем болмауы қажет, онда бір уақытта 10-12 адам бола алады, олармен жұмыс ыңғайлы жағдайда болуы қажет.



Температуралық режим. Ғимарат жылы, сонымен қатар жақсы желденетін болуы шарт. Қысқы уақытта ауаның жоғары құрғақтығына байланысты оны ылғалдандыру мен иондау үшін «Комфорт» құралсайманын пайлануға болады, ауаны кондицирлеуге арналған құрылғы болғаны жөн.

Дыбыс тұншықтыру. Дәліз шуын тұншықтыру үшін бөлме екі есікпен жабдықталуы мүмкін, дыбыс тудырушы аппарат жұмысының шуын басқару пульті арқылы төмендетуге болады. Дыбыс жазба дыбысының жоғарғы дәрежесі – 30 дБ. Сабақ кезінде сыртқы есікке тыныштық сақтау туралы ескертпе ілу қажет.

Жарықтандыру және түс. Жарықтандыру интенсивтілігі кең диапазонда реттелуі қажет (жарықтан толықтай қараңғылыққа дейін). Жалпы жарықтандыудың жоғары деңгейі 1000 лк-дан аспауы қажет. қалпына келтіруші релаксациялық немесе дамытушы сабаққа дейін және одан кейін жоғарыдан түсетін қарапайым жарық пайдаланылады; арнайы сабақ кезінде әлсіз жасыл түсті жарық беретін қабырғалық бра жағылады. Релаксация сеансы жартылай қараңғыланған ғимаратта өтеді, бұл релаксация мен ауырлықты жеңілдетуге ықпал етеді.

Қабырға, еден, жиһаз, портьер қосымша қоздыру немесе тітіркендірмейтін тыныштандыратын және бейтарап түс, реңк ұстанымы бойынша пайдаланылады; көгілдір және жасыл түспен еденді жасыл түсті таңдаған жөн (көгілдір түспен төбені, еденді жасыл түсте).

Практикалық психолог кабинетін ұйымдастыруда түстік ортаның маңызы зор. Бұл бірінші кезекте мектеп психологы кабинетін жарық-түсті ұйымдастырумен байланысты. Бұрын мектеп сыныбын ұйымдастырушылар ақ түске, панелді – қоңырқай-жасыл, тақта мен партаны – қара түске бояйтын. Бұндай қалып адамды шаршататын. Заманауи архитектура балаларды тұйықтық сезімінен алып шығуға талпынады. Цюрих (Швейцария) түс психологиясы интитутының зерттеулері жас ерекшелігіне қарай қандай да бір түске қызығушылық танытады: кіші жаста қызыл немеес қызғылт түс, ал қыз балаға күлгін түс ұнайды. 9-11 жаста қызыл түске қызығушылық төмендеп, алдымен сарғыш, содан кейін сары, сары-жасыл, сосын жасыл түске көңілі ауады. 12 жастан кейін сүйікті түске – көк жатады. Статисткалық зерттеулер көк түс көптеген ересек адамдарға ұнайтынын дәлелдеді. Түстің осындай алмасуы жалпы даму үдерісімен, мейлінше терең түске бейімденумен байланысты. Түспсихологиясы институтының зерттеулері түс пен адамның дологиялық сипаты арасында төмендегідей байланысты көрсетті (кесте 1).

Кесте 1 – Түс және адамның психологиялық сипаттамасы арасындағы байланыс



Жасы

Ұнататын түсі

Жағымсыз қатынас тудыратын түс

Бойды билейтін психологиялық қалып

4-10

қызыл, қызғылт, күлгін, көгілдір

қара, қара-қоңыр, сұр

Ертегі әлемінде болу

11-12

жасыл, сары, қызыл

қоңыр, қоңырқай-жасыл, қызыл-күлгін

Әлемді қабылдау сезімінің басым болуы

13-16

көк, сарғыш (жасыл)

сия түс, қоңырқай-жасыл

Әлемді тануды тиімді түйсіну, сана-сезімнің дамуы

17-19

қызыл-сарғыш

қызғыл, күлгін

Әлемді мақсатты түрде қабылдауды сезіну

Әрине, бәрін жүйелендіруге асықпау қажет, тек бала мен жасөспірімнің түске қатынасын да ескеру қажет. Балаларға арналған ғимараттың түсін рәсімдеуде ескерген жөн, ол ғимратта жаныңды тыныштандырып, рахатқа бөлейтін, көңілін жайландыратын бірден бір орынға – мектеп психологының кабинеті жатуы қажет. Мектепке таза қанық түс қажет. Рекреациялық аймақ кеңістік пен қозғалыс сезімін тудыруы қажет. Көңілді әрі қанық түске боялған мектепте оқыту үдерісі мейлінше шаршатпай, жағымды болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет