Дәріс Психологиялық кабинет. Психологиялық құралдар



бет10/10
Дата13.12.2021
өлшемі153,02 Kb.
#125529
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
4 дәріс

Музыкалық құралдар практикалық психолог кабинетінде жеке және топтық сабақ барысында әсер ететін психологиялық құралдардың біріне – арнайы сұрыпталған музыкалық бағдарлама жатады, ол адам ағзасының қызметтің қалпын өзгертуге ықпал етеді. Сонымен музыка арқылы көңіл-күйге, тыныштық пен жайлылық тудырып, адамның жұмысқа қабілеттігін немесе релаксацияны күшейтуді басқаруға болады (кесте 3).
Кесте – Ұқсас эмоциональды қалыпты бейнелейтін музыкалық шығармалардың жалпы сипаттамалары

Негізгі өлшемдер

Негізгі көңіл-күй

Белгілі әдебиет

Баяу

Жәй, байыпты

Лирикалық, жұмсақ, сезімдік, элегиялық, сазды, ойлы, нәзік

Баяу минорлы

Қайғы мұңлы

Зарлы, трагедия, мұңлы, көңілсіз, жоқтау

Жылдам минорлы

Ыза

Драмалық, қобалжулы

Жылдам можорлы

Қуаныш

Мерекелік желпіну, сергек, көңілді, қуанышты

Музыкалық терапия мектеп неврозын емдеудің тиімді әдісі болады, бұл бүгінгі күні тек оқушыларды ғана емес, сонымен бірге мұғалімдерді де жаралауда. Бай эмоциялы саланың дамуы адамдарды музыкалық көркем толқу ортасына тарту, әлемді эмоционалды-позитивті қабылдауды қалыптастыру, оптимист дүниеге көзқарас есебінен қол жеткізіледі.

Егер музыкалық психотерапия сеансын ағазаның физикалық эмоциялық және зияткерлік сала әсерінің мүмкіндіктері тұрғысынан, өйткені, музыка бейвербальды коммуникация тілі ретінде қарастыратын болсақ, онда музыка әсерімен катарсиялық шешілу үдерісінде жағымсыз күйзелісті әлсірете отырып адамның сезімі мен көңіл-күйіне әсер етуді күтуге болады.

Тыныш, мелодиялы музыка седативті әсерге ие және жүрек-қантамыр жүйеснінің қызметі қалыптандырады, керісінше, дыбысы қатқыл музыкалық үзінділер ауыса отырып оның қызметін арттырады. Тыныстық және қозғалмалы жаттығуларды музыкалық сүйемелдеу ерекше өмірге құштарлық сезімін ұялатады. Музыкалық психотерапия сабақтарды ұжымдық сипатта сауықтыру үдерісіне қосады және басқа қатысушылар тарапынан сезіну және қайғысын бөлісу жатады.

Ырғақты әуен акустикалық-моторлық рефлекс механизмі бойынша қаңқа тонусын арттырады, моторлы-висцеральды рефлекске ұқсас импульс ағымын күшейтіп ішкі орган мен жүйке қызметіне жағымды әсер етеді.

Психологиялық кабинеттегі әуен – субдоминанты тітіркендіргіш, оны дыбыс күші мен уақыты бойынша реттеуге болады. Музыкалық нұсқалық пен шығарманың дыбыстық максимальды қуаттылығы 30 дб-дан аспауы қажет, ал қосылудың жалпы ұзақтығы 15-тен 30-минутқа дейін болуы керек. Шаршау мен психологиялқ эмоциялық жүктемені болдырмауға ықпал ете отырып музыкалық бағдарламаны шығарма сипаты бойынша музыкалық бағдарламаларды адамның жас ерекшелігіне, психологиялық ерекшелігіне қарай сәйкестендіру керек.

Аутотренинг немесе әлеуметтік психологиялық тренингті сүйемелдейтін музыкалық бағдарлама құрастырарда музыкалық шығарманы жетекшімен бірге өзінің стилі және сабақ жүргізу әдістемесіне сәйкес таңдалу қажеттігін естен шығармаған жөн. Ғажап әуен аясында жүректен шыққандай сөздер пациенттің өмірге деген көзқарасын өзгертеді, бұған қарапайым рациональды психотерапия барысында да қол жеткізіледі.

Нақты бір жаттығуды орындауға арналған формулалар аяқталған әуен үзіндісімен үйлесуі керек. Әуен әрқашан басшының даусынан баяу болуы керек және оған әуенді аяқтауға болады. Сондықтан тым эмоцияға қанық емес музыканы таңдау керек.

Сабақты сәнді шлягермен, кеңінен танымал, белгілі классикалық туындымен сүйемелдеуге болмайды, өйткені осындай музыка жеке мәнге ие оқиғамен ассоциацияланып, оның назарын жеке күйзелісіне аудартып, жаттығу орындаудан көңілді басқаға бұрғызады.

Музыканың шынайы сұлулығы тек тембр мен дыбыс үйлесімдігнде ғана емес, сонымен бірге музыка көмегімен табиғат, басқа адамдармен, халқыңмен және адамзатпен бірге екендігіңді түсіну, сол бірлікті сезіну армандаған психологиялық тұрқтылық пен рухани денсаулыққа ие болуға мүмкіндік туғызады.

Музыкалық психотерапияда музыкалық медитацияның мәні зор, оның мағынасы дыбысты музыкамен көзге көрінетін бейне мен арнаулы сенімділік формуламен бірге үйлесімімен көрінеді.

Нысанға назарды аударумен кез-келген мақсатты қабылдау медиативті үдеріс ретінде исипатталуы мүмкін, нысанды бақылай отырып ол туралы ойлайды, адам оның ішкі мәні мен заңдығын терең түсініп оны ішінен көре бастайды.

Музыка тыңдау уақытында директивті және бейдирективті медитация туралы айтуға болады. Бейдирективті медитацияға музыка мазмұнының дамуын бақылау үдерісінде тыңдаушы бейне мен ассоциацияға еркін берілген кезде орын алады.

Филармониялық концерт көрермендерін қамығу, жан ашу сияқты катарсиялық жүктеме пайда болатын үдерісте пайда болатын медитация түрі қызықтырады. Екінші жағынан, директивті медитация анықталған және нақты бағыттағы қамығуды қалыптастыру болып табылады, оны психотерапевт арнайы таңдалған слайд көрсету және сендіру формулаларын айту көмегімен іске асырады. Мидың сол жағында вербальды ақпарат, оң жағында – бейвербальды ақпарат өңделіп локализациялануы туралы мәліметтерді назарға алатын болсақ, көзбен көрінетін және музыкалық бейнені біріктіргенде, бір жағынан вербальды сендіру формулалары, екінші жағынан мидың жұмысын синтездеуге мүмкіндік береді, яғни адам санасына және оның өмірлік сезімдерге қатынас жүйесіне белсенді әсер етеді.

Музыкалық терапияда музыкалық-психологиялық массаж Вольпенің мінез-құлықтық психотерапия ұстанымдарына негізделген терапия түрі пайдаланылады. Бұл тәсілдің мәні жүйке үдерісінің қозғалғыштығы жаттығуына негізделген. Адам күрделі тұрмыстық жағдайдан, жағымсыз күйзелістен шығуы психологиялық тұрғыдан қиын болатындығы жиі кездеседі. Ол үшін ішкі суретті ауыстыру, бейнені қабылдауды өзгерту қажет. Бір қалыптан шығып екінші қалыпқа ену. Осы үшін муызкалықпсихологиялық массаж тәсілі дайындалған: топ қатысушыларына ұзақтығы екі-үш минут болатын музыкалық үзіндінің қаныққан жағымсыз аффектісін тыңдау ұсынылады, тыңдай отырып сол музыкаға тура келетін өз өмірінен эпизодты еске түсіруге тырысу, оны қайтадан толығымен басынан өткеру. Содан кейін жағымсыз аффектіні қайта өткеру нәтижесінде пайда болған ой жүктемесін сейілтететін тыныш музыка қосылады. Жағымсыз күйзелістен қорқыныш пен ашулану эмоциясы пайда болса, жағымдыдан – қанағаттану мен қуаныш кернейді.

Музыканы тыңдау барысында топ жетекшісі сендірудің сәйкес формулаларын атайды. Бірақ топтағы пациенттердің физикалық денсаулық жағдайын ескере отырып, осындай жаттығуларды аса сақтықпен орындаған жөн. Музыка өнерімен осындай әрекет жасауда прагматикалық сипат бар екендігін жоққа шығаруға болады. Музыка бұл жерде эстетикалық сүйіспеншілік нысаны ретінде емес, нақты тұрмыстық мәселелерді шешу құралы ретінде қарастырылады. Бірақ музыканың функцональды рөлінен оған шынайы сүйіспеншілік пен қызығушылық пайда болады, осыдан музыканың утилитарлы қызметі екінші сатыға түседі.



Қосымша материалдар. Мысалы мектеп психологының кабинетінде балалармен байланысты ұйымдастыруға отбасы мен мектепте сенімді ыңғайлы қатынас атмосферасын жасауға байланысты отандық және шетелдік жетекші педагог, психологтардың әдістемелік материалы мен нұсқаулықтары нақты жүйеде орналасуы керек. Қабылдауды күту аймағындағы қабырғаға ілінген материалды ата-ана, оқытушы, тәрбиешіге таратуға арналған материал ретінде пайдалануға болады. Мысалы, сабақ аяқталған соң әлеуметтік-психологиялық тренинг немесе әңгімелесу ережесі мен техникасының қысқаша қорытындысын қолына алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет