Кабинеттің жарықпен және түсті рәсімделуі. Табиғат адам баласына түстік ғажап сезімдер жиынтығын ұсынады. Көптеген адамдар тек бір түске ғана қызығады, ал басқа түсті жақтырмайды, яғни жеке тұлғаның айқын бейнесі ретінде қарастыруға болатын жеке түстік шкала бар. Сонымен, жас балалар қызыл түске басқа түске қарағанда үйір болады. Ересектерге қарағанда олар қарқынды түстерге әуес. Қартайған сайын жақсы көретін түске сұр және қоңырқай түс жатады. Адам қалпының немесе сртқы жағдайдың өзгеруіне байланысты түсті бағалауы да өзгереді. Түстік ортаға қарай адамның сезімі де өзгереді температурасы бірдей көк-жасыл немес көк түске боялған бөлмеге қарағанда сарғыш және ақшыл түске боялған бөлме жылы көрінеді. Түсті қабылдау адам психикасының қалпына арнайы әсер ету жағдайында өзгереді.
Қазіргі таңда түстің психологиялық комфорт элементі ретінде жеке адам ағзасына эмоциональды-эстетикалық әсер ету құралы ретінде қолданылады. Адамға әсеріне қарай барлық түсті екі топқа бөлуге болады: жылы түстер (қызыл және сары реңктер) және суық түстер (көгілдірқоңырқай қызыл реңктер).
Көру мен орталық жүйке жүйесіне жағымды әсер ететін түстерге жасыл және көкө түс жатады. Барлық ашық түс адамның психологиялық физиологиялық қалпына жақсы әсер етіп, жақсы көңіл күй тудырады. Қоңыр түстер, қанық реңктер жүйкені шаршату қалпын тудырып, адамды басып тастайды. Қызыл және сары түс Орталық жүйке жүйесін қоздырып, белсендіреді.
Түсте сонымен қатар дыбыспен де байланысты. Шу барысында көру көру рецепторлары күшееді, сондықтан да жасыл түсті қабылдауда қарқын алуда, ал жасыл түсті шамадан тыс қабылдау таныс дәрежеде шуды «басады».
Жұмсақ дыбысты естігенде тыныш кезге қарағанда сарғыш түс ашық әрі сары болып көрінеді. Мұңды ауыр дыбыс кезінде қызыл түс қоңырқай тартады.
Ғимаратты рәсімдеуде түсті дұрыс қолдану адамның көңіл-күйін өзгертуге, оның бүкіл дене бітімі мен рухани ағзасына әсер етуіне мүмкіндік туғызады. Сондықтан да интерьерді рәсімдеуге түстік динамика заңдарын ескере отырып өзінің түстік жарықтық ортада интерьер нақты сезім тудырып, адамның сезімі мен көңіл күйіне ықпал етеді. Түстің психикалық қалпына әсері адамның тіршілігі кеңістігін ұйымдастыруда тікелей ескеріледі.
Сурет 1 – Гётенің «Табиғи түстік дөңгелегі»
Түсті пайдалану – мектеп психологы кабинеті жұмысының тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі. Практикалық психолог кабинетін рәсімдеудің түстік гаммасын таңдау үшін Гетенің «табиғи түстік дөңгелегіне» (Гётенің түс туралы ілімі) жүгінген дұрыс (1-сурет).
Барлық түс төмендегідей бағаланады:
негізгі түстер – сары, көк, қызыл осы түстерден теориялық тұрғыдан барлық түстер жасалады;
бірінші дәрежелі құрамдас түстер – екі негізгі түсті араластырғаннан алынған түстер;
екінші дәрежелі құрамдас түстер – бірінші дәрежедегі құрамдас түстердің араласуынан туындаған түстер.
Гётенің «табиғи түстік дөңгелегі» әрқырлы үшбұрыш ұштары бойынша құрылады оның ұшында негізгі түстер сары, қызыл және көк. Осы ұшта орналасқан дөңгелек тура сондай бұрышты үшбұрышпен ұштасады, оның ұшында бірінші дәрежелі құрамдас түстер орналасқан. Осындай дөңгелекте қарама-қарсы нүктеде өзара байланыста екі түс тұрады. Олар қарама-қайшы немесе қосымша түстер деп аталады. Қарамақайшы түстер әрқашан әсер етудің мықты тұрақты эффектісін қалыптастырып қатаң контраст жасайды. Құрамдас түстер оны құрайтын түстерге қарағанда басқа сезім тудырады, сонымен көк және жасыл түстен құралған түс тыныштандырмайды. Ол өзіне сенімсіздік және алаңдау сезімін тудырып, табиғиғ қосымша ретінде сарғыш-қызыл түсті санасыз түрде іздей бастайды. Түстің психикалық қалыпқа әсер етудің осындай эффектісін жұмыстың міндетіне қарай кабинеттің аумақтық кеңістігін жоспарлауда пайдалануға болады.
Мысалы, отбасылық кеңес беру жағдаятында күту аймағы мен кеңес беру аймағының кеңістікті түстік шешімі тыныштық, диалогқа бағыттылық, еркін сөйлесуді қамтамасыз ететіндей рәсімделуі керек. Сондықтан да қызыл-сарғыш түстің қаныққан реңктерін пайдаланбау қажет, сондай-ақ қабылдауға қатаң түстік контраст жасауға да болмайды. Аймақтың түстік шешімі негізгі түстерден тұруы керек.
Ойын терапиясы бойынша сабақ ұйымдастырылса кеңістік қанық түстерді пайдалану арқылы рәсімделеді, кейде қатаң контраст қолданылады. Негізгі түстерді араластыруға, бірінші және екінші дәрежедегі құрамдас түстерді пайдалануға болады. Акустикасы жақсы ғимаратта музыкалық сүйемеледу арқасында сарғыш-қызыл түстер күшейе түсетінін ескерген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |