Дәріс Психологиялық кабинет. Психологиялық құралдар



бет8/10
Дата13.12.2021
өлшемі153,02 Kb.
#125529
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
4 дәріс

Түстік климат – балалар психологының арнайы жабдықталған кабинетінің қызметін ұйымдастырудың маңызды құрамдас бөлігі. Интерьердің түстік шешімін арнайы техникалық құрал-сайман – түстік фильтр, түстік реттегіш, түстік динамикалық панно, кеңістікті қайта жоспарлауға арналған қозғалмалы түрлі-түсті қабырға көмегімен өзгертуге болады.

Балалармен өткізілетін сабақты сүйемелдейтін арнайы түстік жарықтық бағдарлама болғаны дұрыс.

Жағдайға қарай қандай да бір түс психологиялық тұрғыдан нақты бір сезімдер тудырады. Сары және ашық сары-жасыл түс қандай да бір жеңіл, ал қызылқоңыр көк түс қандай да бір ауыр сезім ұялатады. Көк түсті жиһаз салқындықты сезіндіреді, «көкте» отырған қызыл немесе қоңырда отырғандай «жылы» болмайды.

Адамға психологиялық әсер ету бойынша төмендегідей түс топтамасы ұсынылады.

1. Ынталандырушы (жылы) түстер қоздыруға және тітіркендіргіш ретінде әсер етеді:

қызыл – ерікті, тіршілікке бекем,

кармин – билік етуші, талапшыл;

киноварь – күштеуші;

сарғыш – жылы, жинақы;

сары – байланысшы, шуақты.

2. Тітіркендіруші тұншықтыратын шоғырландырылған (суық) түстер:

кызылкөк – тереңдетілген, ауыр;

көк – ара-қашықтықты айқындайды;

ашық көк – кеңістікке беттетеді, бағыттайды;

көк-жасыл – қозғалысты айқындайды, өзгергіш.

3. Ашық түстерді тұншықтыратын ашық түстер:

күлгін – нәзік, кейбір құпиялылық тудырады;

лилия тәрізді – тұйықтық, бекемділік;

ашық-жасыл – сезімге толы, жұмсақ,

сұрғылт-көгілдір – бекемді.

4. Басқа қоздырушы түсерден алшақтататын теңдестіруге, тыныштандыруға ықпал ететін статикалық түстер:

таза жасыл – талапшыл, балаусаландырғыш;

қоңырқай – тыныштандырғыш, жұмсартқыш;

сары-жасыл – жаңартушы,

алқызыл – сәнд, талапшыл.

5. Қоздырмайтын (сұр) мылқау түстер; оны өшіреді (ақ); ойды тұжырымдауға көмектеседі (қара);

Оған екі аралас түстер тобы жатады.

6. Жылы қара түстер (қоңыр) қоздырғышты тұрақтандырады:

жоса – қоздырғыштың артуын жеңілдетеді;

қоңыр, топырақ тәрізді – тұрақтандырғыш;

қара-қоңыр – қоздыруды жұмсартады.

7. Суық қара түстер, қорғаушы және қоздырғышты тежейді.

қоңырқай-сұр, қара-көк, қоңырқай – жасыл-көк.

Практика жүзінде адамның түске психологиялық реакциясын ескеру қажет. Адам тек көзбен көріп қабылдаған түсі оның сезіміне де ықпал етеді. Қатаң акустикалық қоздырғыштар сәйкес жарықтандырғыш қоздырғышпен тұншықтырыла алады.

Шахмат тақтасына ұқсас боялған еденді адам жай қабылдайды. Еденнің осындай түсі оны алаңдатпайды, осындай бояумен боялған қабырға жағымсыз әсер тудырады. Ғимараттың әртүрлі элементері бірдей рәсімделуі де адамға әртүрлі әсер етеді. Сонымен, ғимратты қарай отырып үнемі қабырғаға, оның төменгі бөлігіне баса назар салынады. Қабырғаны түстерін бөлек-бөлек бояу оны оптикалық тұрғыдан ұзартады.

Жарығы әлсіз ғимаратта ақ түске боялған төбе мен қабырға әдетте біршама сұрғылт көрінеді. Осындай суық бояу жарық ғимарат әсерін бермейді, психологиялық көзқарас тұрғысынан ғимратты ақ түске бояған адамды шаршатады, жағымсыз әсер етеді (кесте 2).


Кесте 2 – Түстің адамға әсер етуі

Түс

Осы түстің төмендегідей орындарда болуынан дамға әсері

жоғары жағы

қыры

төменгі

Сарғылт

Қорғайды, назарды өзіне аудартады

Жылулық орнатады

Күйдіреді

Қоңыр

Жабады, ауырлатады

Жерге түскендей әсер қалдырады, жанжағын заттандырады

Сенімділік ұялатады

Көгілдір

Жеңілділік, достық, көк туралы ой тудырады

Суытады, жат көрсетеді

Жүруге ыңғай тудырады

Сары

Жеңілдетеді, көңіл-күйді көтереді

Қоздырады

Көтеріңкі көңіл-күй

Практикалық психолог кабинетін ұйымдастыруда кабинет есігі түсінің психологиялық әсерін ескеру маңызды. Есік ғимараттың маңызды бөлігі және әрқашан нақты психологиялық ассоциация тудырады. Есіктің боялған түсіне қарай оь ғимаратқа қарай тартады немесе керісінше кері итереді. Есіктің түсі қабырғамен түстесуі немесе оның бетіне рельефті түсуі керек. Жылы түске боялған есік суық түске боялған есіккке қарағанда тұйықтық және көрші ғимараттан шектелгендігін байқатады. Сұр тымық түске боялған есік жағымсыз эмоция және есікті ашпай тұрып-ақ ашуға қызығу сезімін тудырады, ал көңілді түс – көңіл-күйді көтереді. Осыған байланысты ғимарат пен практикалық психолог кабинеті түрлі-түсті боялғаны дұрыс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет