Дәріс сабақтары 1 Кәсіби оқытудың мазмұны және міндеттері


 Қазіргі сабақты құрастыру ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет20/32
Дата24.08.2020
өлшемі0,51 Mb.
#76803
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32
Байланысты:
лекцииМПТД каз

2.2 Қазіргі сабақты құрастыру ерекшеліктері  

Қазіргі  заманғы  ғылыми-техникалық  прогрестің  өте  шапшаң  қарқынмен 

дамуы жəне информация көлемінің əр 3-5 жылда екі еседей өсіп отыруы, əсіресе, 

ой еңбегін жəне оқыту процесін айрықша сапалық түрде жетілдіруді талап етіп 

отыр. Мұндай дүние жүзілік күрделі проблеманы шешудің түбегейлі бір жолы 

мамандардың жəне оқушы жастардың үздіксіз білім алуының жаңа формалары 

мен тəсілдерін ойлап шығаруға əкеліп соғады. 

 Бұл 


жағдай  оқушылардың  өздігінен  білім  алып,  өз  бетінше 

шығармашылық түрде ойлануын дамытып, олардың оқуға деген ынта  – жігері 

мен  белсенділігін  күшейтуді  талап  етуде.  Осы  мақсатта,  кейінгі  жылдары 

конференция – сабақ, семинар – сабақ сияқты сабақтың осы заман талабына сай 

жаңа  формалары  мектеп  практикасына  ендіріліп  келеді.  Сыныпта  өтілетін 

осындай оқытудың белсенді əдіс-формалары оқушылардың өздерінің өз бетінше 

ізденіп, қосымша əдебиеттерді оқып, əр түрлі бақылаулар жасап, өлшеп, зерттеп, 

талдап,  өзінше  қорытынды  жасауға,  өз  пікірін  баяндай  білуге,  басқалардың 

ойларына сын көзбен қарауға үйретеді. 

Оқытудың  дəстүрлік  практикасында  мұғалім  сабақтың  көп  бөлігінде 

түсіндіреді,  көрсетеді,  сұрайды,  үлгі  бойынша  тапсырмалар  береді  жəне 

оқушының  белсенді  танымдық  қызметіне  өте  аз  уақыт  бөледі.  Проблемалық, 

зерттеулік  жəне  практикалық  əдістер  жеткіліксіз  пайдаланылады.  Осының 

салдарынан  оқушылардың  өз  бетінше  пайымдауы  олардың  стереотиптік 

шешімдерді қолдауы, танымдық объектілермен жəне оқулықпен жұмыс істеуде 

тиімді тəсілдерді таңдауы нашар дамиды. 

Дайын  білімдерді  меңгеру  мен  жинақтау  –  мақсат  емес,  адамның 

интеллектуалды дамуының көмекші құралдарының бірі ғана. Қазіргі ақпараттық 

технологиялар  қоғамы,  XIX  ғасырдың  аяғы  –  ХХ  ғасырдың  ортасындағы 

индустриялдық  қоғамға  қарағанда,  оның  азаматтары  өз  бетінше  белсенді 

қимылдауға, шешім қабылдауға, өмірдің өзгермелі жағдайларына икемділікпен 

бейімделуге  қабілетті  болуына бұрынғыдан  да үлкен  дəрежеде  мүдделі  болып 

отыр. 



 

30 


Кəзіргі білім берудің басты мақсаты – оқушыларды өзіне қажетті білімді 

өзі анықтап, оны өздігінен іздеп таба алатын деңгейге жеткізу болып табылады. 

"Өркениеттің мақсаты – адамды ойлауға үйрету” деп атақты өнертапқыш-

ғалым Т.А.Эдисон айтқандай, мектептің де басты мақсаты, ҚР "Білім туралы” 

заңында көрсетілгендей, оқушылардың танымдық-шығармашылық қабілеттерін 

дамыту болып табылады. 

Белгілі орыс педагогі В.А.Сухомлинский айтқандай "егер мұғалім ойлауға 

үйретпесе, бала білім қоймасына айналады” да, қаншама білімі мол болғанымен, 

ол  өмірде  өз  білімін  дұрыс  пайдалана  алмайтындықтан  "жерін  айдап,  дəнін 

сеппеген  диқанға  ұқсап”  шыға  келеді.  Оқытудың  əдістерін  таңдау  көптеген 

факторлармен  –  білім  берудің  маңызды  мақсаттары,  оқу  курсы  ерекшеліктері, 

сабақтың  мақсаты,  оқушылардың  мүмкіндігі,  қолда  бар  оқу  құралдары  жəне 

уақыт,  мұғалімді  мойындаумен,  олар  пайдаланатын  дидактикалық  жүйе 

ерекшеліктерімен анықталады. 

Тұлғалық бағытталған оқытуда оқыту əдісін таңдаудың басты факторы – 

оқушының  табысты  қызметін ұйымдастыру.  Әр  уақытта  оқытудың формасын, 

əдістерін  таңдай  отырып,  оқушы  сабақта  білім  алуда  қандай  табысқа  жетеді 

деген  сұрақ  қою  керек.  Бұл  табыс  оқылатын  тақырыпқа  қатысты,  оқушының 

шамасына  орай  жəне  қызықты,  олардың  жекелей  мүмкіндіктері  мен 

қызығушылықтарына сай болуы керек. 

Өз бетімен білім алу тұлғаның шығармашылық сапасын дамытудың негізі 

болып  табылады.  Мектеп  жылдарында  оқушылардың  көпшілігінде  негізгі 

біліктілікті  тəрбиелеуге  болады,  шығармашылық  сапасын  құратын,  жоғарғы 

мектепте  оны  едəуір  дамытып,  бірақ  шығармашылық  тұлғаның  нақты 

қалыптасуы бүкіл өмір бойына өз бетімен білім алу процесінде өтеді. 

Оқушыларды жоспарлы жұмыс істеуге жəне өз жұмысының нəтижесін өзі 

тексеруге,  оларды  тапсырманы  орындаудың  тəртібі  мен  əдістерін  анықтай 

білуге,  сабақта,  бір  күнгі,  апта  ішіндегі,  ай  ішіндегі  өз  жұмысын  жоспарлай 

білуге ұсынылған критерийлер негізінде өз жұмысының нəтижесін талдау мен 

бағалауға, сондай-ақ мұндай критерийлерді өздері жасауға үйретуді көздейді. 

Сабақ құрастырудың кезеңдік талаптары (Л.Ромадина) 

Кезеңге қойылатын талаптар 

1.Кезең мақсаты (КМ); 

2.Мұғалім іс-əрекетінің мазмұны (МӘМ); 

3.Оң нəтиже алу шарттары (ОНАШ); 

4.Дидиактикалық міндеттің орындалу көрсеткіштері (ДМОК). 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет