Дәріс сабақтары 1 Кәсіби оқытудың мазмұны және міндеттері



Pdf көрінісі
бет17/32
Дата24.08.2020
өлшемі0,51 Mb.
#76803
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Байланысты:
лекцииМПТД каз

Сабақтың ұтымды құрылымын қамтамасыз ететін: 

-оқытудың, тəрбие мен дамудың мақсатын кешенді жоспарлау;  

-  сабақ  мазмұнының  ішіндегі  негізгісін  жəне  тақырыптың  маңыздысын, 

нақтылығын бөлу;  

-  материалдың  мөлшерлігі  жəне  қайталау  уақыты,  жаңа  материалды  оқу, 

үй тапсырмасын бекітудің мақсатқа лайықты реттілігін анықтау

- оқытудың ұтымды əдіс – тəсілдері, амалдарын таңдау;  

- оқушыларға жеке дара жəне дифференциалды көзқарас;  

- оқытудың қажетті оқу – материалдық жағдайын амтамасыз ету.  



 

25 


Оқушылардың танымдылық іс-əрекетін белсенділігін арттыру: 

- оқушының оқу – танымдылық міндеттердің қабылдауы мен түсінуі; 

- шешу жолдарының жоспарын құру; 

 - індеттің іс-жүзінде шешуі;  

- міндетті шешу үрдісін бақылау;  

- үлгіге сəйкес нəтижесін бағалау;  

- жинаған білімін одан əрі жетілдірудің міндеттерін айқындау. 

Мұғалімге  оқушыларға  сабақ  үстінде  өзіндік  шығармашылықпен  оқу  іс-

əрекетін  ұйымдастыра  білу  қажет  жəне  оқытудың  «белсенді»  əдісін  қолдана 

отырып  меңгерілу  үрдісіне  бақылау  жасау,  ерекше  қарым  –  қатынасты 

ұйымдастыра отырып көптеген əдістемелік амалдарды қолдана отырып жүзеге 

асыру қажет.  



Сабақты өзіндік талдау деңгейі: 

1. Эмоционалдық - ырықсыз деңгей, мұғалімнің өзінің педагогикалық іс - 

əрекетіне толық қанағаттануы немесе қанағаттанбау деңгейі.  

2.  Бағалау  –  сабақтың  нəтижесінің  қойылған  мақсат  пен  жоспарға 

сəйкестігін бағалау;  

3. Әдістемелік  – сабаққа қабылданған талаптар негізінде сабақты талдау 

жасау;  

4.  Рефлексивті  –  себептері  жəне  одан  шығатын  нəтижені  айқындау.  Бұл 

талдаудың  жоғары  түрі,  оны  іске  асыру  үшін  психолого  –  педагогикалық 

теорияны да қатыстыру қажет. 

Сабақты өзіндік талдау 

Оқушылардың  көтерілуін,  жетістігін  ескере  отырып  іс-жүзінде 

орындалған  мен  жоспарланғанды  салыстыру  арқылы  өз  іс-əрекетінің  соңғы 

нəтижесін бағалау мақсатында жүргізілген мақсаттың мазмұны мен міндеттеріне 

шын жүректен ой -тұрғысында жүйелеп орналастыру болып табылады. 

Мұғалімнің сабақты талдауға қойылатын негізгі талаптар:  

- талданатын тақырыптың мақсаты мен міндеті;  

- дидактика, психология, əдістеме, бағдарлама, нормативтік талаптар мен 

əдістемелік ұсыныстардың негізін білу;  

- өз сабағына талдау жасайтын позиция мен көрсеткіштерді айдындай білу;  

-  оқушылардың  ерекшеліктерінің  мінездемесі  жəне  сабақтағы  жұмыста 

оның ескерілуі;  

-  сабақтың  жоспарын,  түрін,  құрылымын,  мазмұнын,  əдіс  –  тəсілдерін 

дəлелдеу;  

-  сабақ  барысында  оқушылардың  орындайтын  жаттығулар  мен 

тапсырмалардың  оқу  міндеттерінің  жүйесінде  психологиялық  жəне 

педагогикалық бағалау;  

-  сабақтың  əртүрлі  кезеңдерінде  оқушылардың  ойлау  қабілетінің  өз 

бетінділігінің дамуын бағалау;  

- сабақтың жоспарланған міндеттерін жүзеге асыру;  

сабақта  фактілер  мен  əрекеттердің  педагогикалық  мақсатқа 



лайықтылығын бағалау;  

- сабақтың кезеңдерінің өзара байланысын көрсету мен бағалай білу;  




 

26 


жүргізілген  сабаққа(немесе  кейбір  кезеңдеріне)  қанағаттануы 

(қанағаттанбауы);  

- сəтсіздіктерді немесе кемшіліктерді жоюды іске асыру жолдары



Сабақты өзіндік талдау  

 1.  Сабақтың  жалпы  құрылымын  бағалау:  Бұл  өткізілген  сабақ  сабақтың 

қандай  түріне  жатады?  Бұл  сабақтың  бөлім,  тарау,  тақырып  ішіндегі  орны 

қандай?  Осы  үлгідегі  сабақтардың  ішінде  элементтері  нақты  белгіленген 

бе?Сабақтың əр бөлігіне жұмсалатын уақыт мөлшері дұрыс белгіленген бе? 

2.Сабақтың  дидактикалық  мақсатын  жүзеге  асыру:  Осы  тақырыптағы 

(сұрақтағы) бағдарламаның талаптарының барлығы байқалды ма? 

Жаңа  материалды  түсіндірген  кеде  оқушылар  қаншалықты  белсенді 

болды(қабылдауы,  түсінуі,  танымдылық  қызығушылықтың  оянуы)?Жаңа 

материалдың  жеке  «бөліктерінің»  шешілу  жолдары  дұрыс  таңдалды  ма?Жаңа 

материалды  оқыту  кезінде  нені  өзгертуді  қажет  етті  жəне  қалай?Алғашқы, 

жалғасқан бекіту өз орнын таба алды ма? (сабақтың арнайы таңдалған кезеңінде 

жаңа  материалмен  түсіндіру  барысында  бекіту  орын  аблы  ма)Оқушылардың 

білім, білік, дағды деңгейінің сапасы қалай бағаланды (оқушылардың қамтылуы 

қаншалықты, тақтаға шығару принципі т.б.)? 

 3.Оқыту  үрдісінде  оқушылардың  дамуын  жүзеге  асыру:  оқушылардың 

ойлау  операцияларының  негізіне  (талдау,  синтез,  жалпылау,  топтастыру, 

жүйелеу) қамтылуы орын алды ма? 

Пəннің ішінде жəне пəн аралық байланыс құру жүзеге асырылды ма? 

Шығармашылық ойлауды дамыту əдістері қолданылды ма?  

Жалпы дамуына қатысты қандай – бір ақпарат орын алды ма? 

Оқушылардың эстетикалық дамуы орын алды ма? 

4. Сабақ барысында тəрбиелеу. Оқу материалының мазмұнындағы барлық 

тəрбие мүмкіндіктері қолданылды ма? 

Дүние танымын қалыптастыруда қандай жұмыс жүргізілді? 

Сабақта оқытудың өмірмен байланысы қалай жүзеге асырылды? 

Мұғалім тұлғасының тəрбиелік əсері қандай болды? 

 5.Дидактиканың  негізгі  принциптерін  сақтау.  Оқытудың  принциптерін 

жүзеге  асыруда  мұғалімнің  іс  əрекеті  мен  оқушы  іс  -  əрекеті  дұрыс 

ұйымдастырылды ма? 

6. Оқыту əдістерін таңдау. Оқытудың əдістерін таңдауда жалпы талаптар 

ескерілді ме (дидактикалық мақсаты, оқу материалының спецификасы, пəннің, 

оқушының  жас  ерекшелігі  мен  жеке  қабілеттерінің  жалпы  мақсаттық 

бағытылыққа байланысы т.б.)? 

 7.  Сабақтағы  мұғалімнің  жұмысы.Сабақта  мұғалімнің  қандай  іс-əрекеті 

орын алды қандай көлемде (сөйлеу іс-əрекеті, тыңдау, жазу, оқушыларға көмек 

т.б.)? 

Класпен қарым-қатынасқа орнатылды ма? 

8.  Оқушылардың  сабақтағы  жұмысы.Сабақтың  əртүрлі  кезеңдеріндегі 

оқушылардың белсенділігі қандай болды? 

Сабақта оқушылардың қандай іс-əрекеті орын алды? 

Сабақта қандай тəртіп болды жəне неге? 




 

27 


9.  Сабақтың  гигиеналық  жағдайы.  Класс  бөлмелері  жеткілікті  жарық 

болды ма? 

Оқушылар денсаулығы, бойы, үлгерімене байланысты отырғызылған ба? 

Сабақ кестесіне дұрыс қойылған ба? 

 10.  Кейбір  əлеуметтік  міндеттер.  Педагогикалық  кеңес,  əдістемелік 

бірлестік  немесе  мектептің  зерттеуімен  қабылданған  шешімімен  байланысты 

міндеттер.  Жағдайға  байланысты  талдау  барлық  параметр  негінде 

аталғандардың ішіннен талдаудың бір-екі түрін ғана алуға болады. 



Өзіндік талдау – мұғалімнің келесі сабаққа дайындалудың бастамасы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет