Дәріс сабақтары 1 Кәсіби оқытудың мазмұны және міндеттері



Pdf көрінісі
бет13/32
Дата24.08.2020
өлшемі0,51 Mb.
#76803
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Байланысты:
лекцииМПТД каз

Оқу  түрлері    Оқу  мекемелері  тəжірибесінде  бірқатар  белгілерімен 

дербестенген оқу түрлері қолданылуда. Оқу түрі – бұл оқыту жəне оқып-үйрену 

қызметтерінің ерекшелігіне орайластырылған жалпылама сипаттағы білім игеру 

жүйесі, яғни оқу процесіндегі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, 

қолданымдағы оқу құрал-жабдықтары, əдістері жəне формаларының атқаратын 

міндеттері.  

Оқу  түрі  өз  негізіне  алынған  педагогикалық  технология  (кейінгі 

дəрісбаяндарда қарастырылады) сипатымен анықталады. 

Оқу түрлері келесідей ажыралады: түсіндірме-көрнекілік, жалаң-жаттанды 

(догматикалық),  тұлғалық  бағдарлы,  компьютерлі,  модульді,  қашықтан  оқу 

(дистанционды), пəнаралық, т.б.  

Түсіндірме-көрнекілі: (дəстүрлі, ақпарат жеткізу) оқу түрі. Мұндай оқуда 

мұғалім ауызекі сөзбен көрнекі құралдарды қолдана отырып, оқушыларға дайын 

материалды ұсынады,  шəкірттер ақпаратты сол күйінде қабылдайды, қайталап 

айтып береді.  



Жалаң  -  жаттанды  (догматикалық)  –оқуда  тыңдаушы  ұсынылған 

ақпараттың  мəн-мағынасына  еніп  жатпастан,  түсінбей-ақ  қабылдайды. 

Проблемді  оқуда  ұстаз  басшылығында  оқу,  дəріске  байланысты  мəселелерді 

шешу үшін оқушылардың өз бетінше оқу-ізденіс қызметтері ұйымдастырылады. 

Бұл оқу түрінің тиімділігі көптарапты: жаңа білім, ептілік, дағды қалыптасады, 

балалардың қабілеті, белсенділігі, танымдық қызығушылығы, шығармашыл ой-

өрісі жəне басқа да тұлғалық маңызды сапа- қасиеттері дамиды.  

Дамытушы  оқу  түрі  оқушылардың  білім,  ептілік  жəне  дағдыларының 

күннен  күнге  арта  түсуіне  қажет  ішкі  психологиялық  жағдаяттардың  (зейін, 

түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу жəне т.б.) жетіліп баруын қамтамасыз етеді. 

Оқу  жедел  қарқынмен  жоғары  деңгейде  жүреді,  білім  игеру  процесі  саналы, 

мақсатты  жəне  жүйелі  құрылып,  негізінен,  теориялық  ақпарат,  мəліметтерді 

меңгеруге бағытталады.  



Шығармашыл (эвристикалық) – оқу проблемді жəне шығармашыл оқудың 

басты  принциптеріне  негізделеді.  Бұл  оқуда  оқушының  білімдік  табыстары 

белгіленген  ғылыми  білімдер  кеңістігіндегі  оның  тұлғалық  шығармашыл 



 

19 


қабілеттерінің  өзінше  іске  қосылуымен  тікелей  байланысты.  Осыдан,  мұғалім 

міндеті  –  баланың  барша  ұнамды  адами  қасиеттерінің  (нышан,  талант,  дарын, 

т.с.с.) оянуына ат салысып, оларды білім игеру процесіне қоса білу. Тұлғалық 

бағдарлы оқу мəні – білімдену бағдарламалары мен оқу процесі əр оқушының 

жеке өзіне тəн танымдық ерекшеліктерін ескерумен түзіледі əрі іске қосылады.  

Компьютерлі  оқу  жəне  оқыту  қызметтері  электронды  есептеу 

машиналарының  кері  байланысты  оқыту  –  бақылау  бағдарламаларына 

негізделеді.  ЭЕМ  оқу  процесіндегі  білім  мазмұнының  игеріліп  жатқандығы 

жөнінде  кері  ақпараттың  дəл  əрі  молдығынан  даралықты  оқуды  күшейтеді. 

Модульді  оқуда  –  білімдік  ақпараттың  шағын  дидактикалық  бөлшегінің  – 

модульдің  көп  тарапты  қызметтер  атқаруынан  білім  мазмұнының  тұтастай 

игерілуін  қамтамасыз  етуге  болады.  Қашықтықтан  оқыту  түрі  қазіргі  заман 

телебайланыс  жүйесін  пайдаланумен  көзделген  мақсаттарға  қол  жеткізуге 

мүмкіндік береді.  



Пəнаралық оқу – сыбайлас білім салаларындағы пəнаралық жəне пəнішілік 

байланыстарды іске асыруға бағытталып, біріктірілген оқу пəндерін меңгеруді 

көздейді. 

Кəсіптік  -  техникалық  мектептерде  оқытудың  мынадай  формалары 

қолданылады: 

1. 

Теориялық  оқыту:  түрлі  типтегі  сабақтар,  дəрістер,  зертханалық-

сарамандық  жұмыстар,  теориялық  жəне  практикалык,  семинарлар,  саяхаттар, 

оқу конференциялары, үй тапсырмалары. 

2. 

Өндірістік  оқыту:  оқу  шеберханасындағы  сабақ,  кəсіпорынның 

өндірістік цехында оқыту, қызмет көрсетудегі еңбек, өндірістік практика, жұмыс 

орны т.б.  

Сыныптан  тыс  жұмыстар  мен  косымша  сабақтар:Факультативті 

сабақтар,  консультациялар,  үлгермеушілермен  қосымша  сабақтар,  үйірме 

жұмыстары т.б. 

Оқушылардың  білім,  білік  жəне  дағдыларын  тексеру:  коллоквиумдер, 

сынақтар, емтихандар, қорытынды конференция-біліктілік байқау жүмыстары. 



Сабақ оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі. 

Кəсіби білім берудегі сабақ өту барысында инженер - педагог оқушыларды 

білім деңгейі бірдей нақты топтарға, топтарға, бригадаларға біріктіріп, белгілі 

бір мерзім ішінде, ақпарат береді. Кəсіби оқытуда сабақ берудің мына түрлері 

қалыптасқан: теориялық оқыту сабағы; практикалык оқыту сабағы. 

Теориялық оқыту сабағы оқушыларға болашақ кəсіби - қызметін жүзеге 

асыруда  ғылыми  -  теориялық  білім  мен  парасат,  білік,  дағдылық 

қабілеттіліктерін жетілдіруге арналған оқу үрдісі. 

Кəсіптік  мектептерде  (дидактикалық  мақсатына  қарай)  сабақ  мынадай 

түрлерге жіктеледі. 

1 Жаңа білім негіздерін игеру

2 Білім мен дағдыны жетілдіру жəне бекіту; 

3 Қайталама - жалпылау; 

4 Бақылау - тексеру; 

5 Аралас сабақтар т.б. 




 

20 


Теориялық  оқыту  үрдісінде  негізінен  аралас  сабақтар  түрі  жиі 

пайдаланылады. Мұнда сабақтың ұйымдастыру жəне дидактикалық құрылымы 

болады. Ұйымдастыру құрылымы мыналардан тұрады: 

ұйымдастыру кезеңі; 



үй тапсырмасын орындауын тексеру; 

оқушылардан өтілген материалдарды сұрау; 



жаңа сабақ түсіндіру; 

жаңа сабақты игеруде оқушылардың өз бетінше жұмысы



жаңа сабақ материалдарын бекіту

сабақты корытындылау; 



үйге тапсырма. 

Өндірістік оқытудың мынадай формалары бар: 

оқу шеберханаларында оқыту; 



өндірісте окыту. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет