13
шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта
түседі.
Әр сабақ негізгі бірліктерден құралады. Олар - жаңа материалды
түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың əрбірі
мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-əрекетімен ұштасады.
Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның
кезеңдері арасындағы көптеген сан жəне сападағы көрініс береді.
Сабақ беру - білім беру жəне тəрбиелеу мақсаттарына бағытталған мұғалім
ұйымдастыратын оқушылар іс - əрекетінің күйі.
Оқу - оқушылардың нақты білім алып, біліктер мен дағдыларды меңгеріп
қамтамасыз ететін, тұрақты бағдарлама мен жоспар арқылы жүзеге асырылатын
мақсатқа бағытталған барыс. Оқушылардың есін, зейінін елестеуін (қиялын),
ойлауын дамытуды, жан-жақты тəрбиелеуін қамтамасыз етеді. Сабақты дұрыс
ұйымдастыру оқушылардың үздіксіз өз бетімен білім жəне тəрбие алуды
қажетсінуін туындатады. Оқудың сипаты, оның нəтижесі мұғалімдер құрамына,
олардың теориялық жəне педагогикалық дайындығына, оқушылардың
дайындық деңгейіне, оқу іс - əрекетінің сипаталауына (мотивтеріне), оқуға
олардың қатынасына тəуелді болады.
Сабақ құрылымы – бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарым-қатынасқа
келген дəріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым əрқашан
дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас
айырмашылықтары мен ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тəуелді.
Сабақ құрылымының көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол
ашады. Бүгінгі дидактикада сабақ типтерінің жалпылай қабылданған нақты
классификациясы жоқ. Мұның басты себебі – сабақта мұғалім мен оқушы
арасындағы өзара байланысқа түсетін ықпалдас іс-əрекеттердің алдын ала
болжамға келе бермейтін күрделілігі мен көп тараптылығында.
Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай
төмендегіше топтастырады: дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ
типтері:
- жаңа білім материалын хабарлау;
- білімді бекіту;
- ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту;
- қорытындылау;
-білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы. Оқу дəрістерін
өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері:
- оқу саяхаттары;- кино-теле-сабақтар;
- өзіндік жұмыс сабақтары жəне т.б.
Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері:
- жаңа материалды игеру;
- бекіту;
- қайталау;
- білімді бақылау, тексеру.
Егер арнайы сабақ типтерінің мақсаттары мен жұмыс түрлері не олардың
элементтері бір дəрісте тоғысатын болса, ондай сабақты аралас сабақ деп атау
14
қабылданған. Сабақтан басқа да, жоғары да айтылғандай, оқуды
ұйымдастырудың əртүрлі формасы баршылық.
Солар арасында аса ерекше көзге түсетіні – дəрісбаян (лекция).
Достарыңызбен бөлісу: