Дәріс сабақтары 1 Кәсіби оқытудың мазмұны және міндеттері



Pdf көрінісі
бет7/32
Дата24.08.2020
өлшемі0,51 Mb.
#76803
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Байланысты:
лекцииМПТД каз

Оқыту - екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалім-нің өзара бірлесіп 

жасайтын əрекетінен тұратын күрделі процесс. өйткені, оқыту - мұғалімнің білім 

берудегі негізгі іс-əрекеті болса, оқу - баланың өзінің танымдық, практикалық 

əрекеті.  Сөйтіп,  оқушының  таным  əрекеті  мұғалімнің  басшылығы  арқасында 

ғана жүзеге асады. 

Оқыту - жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын 

жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған 

түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан 

өзгертілген  жолмен  мұғалімнің  жəне  арнайы  жазылған  оқу  құралдарының 

көмегіне сүйене отыра меңгереді. 

Сөйтіп,  оқыту  процесі  оқушылардың  жас  ерекшелік-терінің  сəйкестігін 

ескере  отырып,  таным  қызметінің  формасы  мен  əдістерін  соған  орай  өзгертіп 

отырады. 



Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тəрбиелеу жəне ақыл-

ойы  мен  творчестволық  қабілетін,  демек  біліктілігі  мен  дағдысын  дамыту 

негізінде жүзеге асырылады. Мұның мəнісі, жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) 

ықпал  жасауды  көздейді.  Осы  негізде,  оқыту  процесінің  бірінші  қызметі  - 

оқушыларға білім беру. 

Білім  беру,  біріншіден,  ғылым  негіздеріне  сай  оқушыларды  нақты 

фактілермен,  қағида  жəне  түсініктермен,  заңдылықтармен  қаруландыруды 

қамтамасыз  етсе,  екіншіден  солардың  негізінде,  айналасындағы  əртүрлі 

құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру. 

Екінші  қызметі  -  тəрбиелеу.  Оқыту  барысында  оқушыларды  теориялық 

білімдер жүйесімен қарулан-дырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып 




 

11 


дамыту.  Сонымен  бірге  оқыту  барысында  тəрбиенің  мақсат,  міндеттері  жəне 

мазмұны мен тəсілдері анықталады. Оқытуда тəрбие мен оқытудың байланысы 

біржақты  қарастырылмайды,  керісінше  біртұтастық  принципке  негізделіп, 

бірлікте  қолданылады.  Демек,  тұлғаға  білім  бере  отырып,  оны  тəрбиелейміз, 

тəрбиелей отыра білім береміз. Сөйтіп, тəрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған 

жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның 

танымдық қызметі мен оқуға деген қызығу-шылығы артады. 

Үшінші  қызметі  -  дамыту.  Оқыту  барысында  оқушы-ларға  білім  беру, 

оларды  тəрбиелеу  негізінде  тұлғаның  ақыл-ойы,  сана-сезімі,  шығармашылық 

қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шыңдалып, 

қабілеттерінің  артуына  оң  əсер  етеді.  Демек,  тұлға  жан-жақты  қалыптасып 

дамиды  (байқағыштығы,  ойы,  есі,  қиялы  секілді  психикалық  процестері  де 

қарастырылады). 

Даму  қызметінің  ерекшелігі  сол,  ол  өз  алдына  жеке  өмір  сүрмейді, 

керісінше  оқытудың  білім  беру  мен  тəрбиелеу  қызметінің  жалғасы  боп 

есептеледі. Сондықтан, даму-дың қарқынды, жан-жақты əрі, терең болуы білім 

беру  мен  тəрбиенің  қандай  дəрежеде  іске  асырылуына  байланысты.  Бұдан 

шығатын  қорытынды,  оқытудың  білім  беру  мен  тəрбиелеу  қызметінің  негізі 

болып саналса, даму өз алдына олардың қызметінің нəтижелі болуына қолайлы 

ықпал етеді. 

Дидактикада  ''Жетілдіре  оқыту''  процесі  1960  жылдардан  басталды.  Осы 

негізде Л. В. Занков, Н. А. Менчинская, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, М. А. 

Данилов,  М.  Н.  Скаткин  еңбектерінде,  оның  жолдарын  шешу  үшін  əртүрлі 

принциптерді  ұсынды.  Солардың  ішінде  Л.  В.  Занковтың  оқу  процесі  арқылы 

білім  беруді  қарқынды,  ұйымдастыру,  оқушылардың  оқуды  саналы  меңгеруін 

қамтамасыз ету ережесін ұсынылды. 

Бұл, дамуда тек ойды қалыптастырумен ғана емес, ол тұлғаның дамуынада 

оңтайлы əсер етеді. 

Кəсіби 

оқыту 

қағидаларының 

ерекшеліктері.Оқытудың 

жалпы 


педагогикалық қағидаларына қоса кəсіптік мектептердегі оқу үрдісінің тиімділігі 

мен  табысқа  жетуі  инженер  -  педагог  қызметкерлердің  кəсіби  оқыту 

принциптерін сақтай білуі мен тек оларға тəн мына ерекшеліктер де бар. Ол мына 

қағидалар: 

1  Жалпы  білім  беретін  жəне  жалпы  техникалық  пəндерді  кəсіби 

бағыттау принципі. Бұл принцип бойынша кəсіп саласына бағытталған жалпы 

техникалық жəне арнайы пəндер циклы өзара байланыста оқытылады, олардың 

мақсаты білім алушылармен бірлесіп жүзеге асырылуы тиіс. 

Сондықтан оқытушылардың жасайтын кəсіптік оқыту бағдарламаларының 

мазмұны бір мақсатты көздейді. 

2  Оқу  материалдарын  игеруде  технологиялық  бірізділік  принципі.  Бұл 

«Өндірістік  оқыту»  жəне  «Арнайы  технология»  пəндеріне  ғана  тəн.  Ол 

оқушыларға өндірістік операцияларды бірізділікпен үйрете отырып, ол үлгілерді 

өндірісте қолдана машыктандыруы тиіс. 

Оқу үрдісі кезінде кəсіби қызметті модельдеу принципі. 

Кəсіби қызметті оқу үрдісінде модельдеу деп белгілі бір кəсіби іс-əрекетті 



 

12 


қалыптастыру  үшін  тиісті  оқыту  əдістері  мен  түрлерін  таңдап  алу  арқылы 

оқытуды айтады. 

Жұмысшы қызметінің эталондық моделін қалыптастыруға мына талаптар 

ұсынылады: 

жұмыс орнындағы атқаратын қызметін жетік білу; 



жұмысшының өзі шешуі тиіс міндеттерін білу; 

тиісті  міндеттерді  орындау  үшін  жалпы  кəсіптік,  жалпы 



технологиялық жəне арнайы білім, білік, дағдыларын жете меңгеру. 

Кəсіби жұмылдыру принципі. Бұл принцип білім алушылардың кəсіпті, 

жаңа техникалық құралды, технологиялық процесті, жаңа мамандықты игеруде, 

біліктілігін  көтеруде  білім  мазмұны  мен  оқу  үрдісін  оқушылардың  өздігінен 

үйрендіре  жұмылдыру.  Өндірістің  даму  болашағын  түсіну,  бағытын  білу, 

практикалық  мəселелерді  пайымдап  шеше  білу,  ой  -  өрісінің  кеңдігі. 

Шығармашылық  қабілетін  сол  іске  жұмылдыра  білуіне  байланысты.  Принцип 

мақсаты тек кəсіби дағдыларды игеру емес, оны инновациялық түрде дамытып, 

техника,  технологияның  ұйымдастыру  тəсілдерін  тиімді  жетілдіруінде  болып 

отыр. 


5  Кəсіби  оқытудың  модульдік  принципі.  Модульдік  оқытудың  мəні, 

оқушылардың жеке оқу бағдарламасына сай тапсырманы, не ақпаратты өзінше 

өңдеп,  əдістемелік нұсқауларды  басшылыққа  ала отырып, көздеген  мақсатына 

жету.  Бағдарлама  вариативті  (таңдаулы)  түрде  беріліп,  əлеуметтік  сұранысқа 

орай модуль мазмұны жаңартылып отырады. Модуль деп оның принципін іске 

асыру  оқушының  барлық  іс-қимыл  əрекетін  біртұтас  етіп,  кəсіби  деңгейін 

дамыта отырып, дəрежеге бағыттап, жеткізуді камтамасыз етеді. 

Осы  айтылған  оқыту  принциптерін  жүйелі  түрде  сақтап,  іс  асырған 

инженер  -  педагог  өз  қызметінде  шəкірттеріне

 

дидактикалық,  тəрбиелік  жəне 



дамыта оқыту арқылы кəсіптік білім бере алады. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет