Дәріс сабақтары 1 Кәсіби оқытудың мазмұны және міндеттері



Pdf көрінісі
бет15/32
Дата24.08.2020
өлшемі0,51 Mb.
#76803
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Байланысты:
лекцииМПТД каз

Ағымдағы нұсқау - кіріспе нұсқаудан соң жүргізіліп еңбек жаттығуларын 

орындауда  жиі  жіберілетін  қателіктерді  болдырмауға  бағытталады.  Ол  əрбір 

оқушымен  жеке  өткізіледі.  Ағымдағы  нұсқау  кезінде  өндірістік  оқыту  шебері 

оқушының жұмыс орындарын аралап, тексеріп мына нəтижелерге назар аударуы 

тиіс: 



 

22 


жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуына;  

еңбек қызметін, тəсілдерін дұрыс атқаруға; 



бақылау  -  өлшеу  аспаптары  мен  құрал  -  жабдықтарды  дұрыс 

пайдалануға; 

техникалық құжаттарды дұрыс пайдалана білуге; 



техника  қауіпсіздігі  ережелерін  жəне  өндірістік  санитария  мен 

гигиена нормаларын сақтауға. 

Ағымдағы  нұсқау  кезінде  шебер  өндірістік  орындағы  оқушылардың 

жұмыс орнын кезең-кезеңімен мына төмендегі мақсаттарды шешу үшін, бірнеше 

рет жүргізеді. 



Корытынды  нұсқау  -  шебердің  жұмысты  атқару  кезінде  істің  сапасы, 

дұрыс  орындалуы  жəне  жіберілген  қателіктердің  жалпы  сипаттамасы 

қорытындылады.  Ол  өндірістік  оқыту  соңында, не  тиісті оқу  бағдарламасы не 

тараулар аяқталған соң, оқушылармен белсенді əңгіме түрінде жүргізіледі. 



Жазбаша нұсқау - өндірістік оқыту процесінде дидактикалык жазыққа ие. 

Өйткені  ол,  түрлі  ақпараттық  мəліметтерді  біріктіреді;  сөздік,  графикалық  - 

сызбалы, кесте толтыру т.б.  

Жазбаша  нұсқа-  өндірістік  оқу  жағдайында  кеңінен  қолданылады. 

Жазбаша нұскау білім алушылардың өз беттерінше дағдылықтарын дамытуда, 

өңдеу  технологиясын  дұрыс  табады,  мамандықты  тез  игеруіне  көмектеседі, 

өндірістік  оқуды  шебер  басқаруды  жеңілдетеді.  Өндіріс  кəсіпорнында  жəне 

шеберханалары  да  нұскау  материалдары  оқылады.  Білім  алушылар  шебердің 

көмегінсіз,  инструкциямен  жұмыс  жасауға  дағдыланады.  Жазбаша  нұсқаудың 

тиімділігі  кандай  жағдайда  жоғарылайды.  Егер  дидактикалық  талап  бойынша 

дұрыс жауап берсе жəне өндірістік оқытуда басқа əдістермен сəйкес қолданылса. 

Өндірістік оқыту шебері жазбаша нұсқадан картотека, нұсқау түрін, тақырыбы 

бойынша бағдарлама, тақырыпты анықтау, жұмыс түрін, орындалу операциясы, 

жазба  нұсқауларын  құру,  əр  жаттығудың  орындалу  тəртібін  анықтау,  өңделу 

технологиясының  түсінігі,  жұмыс  ережесі  жəне  жазба  карта  түрлерін  анықтап 

жасауы тиіс. 

Сабақ  –  логикалық  аяқталған,  толық,  шектеулі  бағандармен  негізделіп 

қамтылған  оқу-тəрбие  үрдісі.  Оның  құрамында  күрделі  тығыз  байланыста  оқу 

процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, əдісі, тəсілі, 

түрі,  оқушы  мен  оқу  арасындағы  іс-əрекеттің  байланысы.Сабақ  өз  алдына 

мұғалімнің  шеберлігінің  айқын  көрінісі  болғанымен  ,  бір  жағынан  оқытудың 

психолого  –  педагогикалық  заңдылықтарына,  екінші  жағынан  білім  беру 

стандартының қоятын талаптарына негізделген.  

 Оқу үрдісінің жалпы заңдылықтары: 

1.  Мақсат  қою  қоғамның  қажеттілігі  мен  даму  деңгейіне,  білім  үрдісіне 

қоятын талаптарына, тұлғаны тəрбиелеу мен оқытуға тікелей байланысты. 

2. Мазмұнын айқындау оқытудың мақсаты  мен міндеттеріне, оқушының 

жас  ерекшелік  жəне  жеке  дара  қабілеттеріне,  оқытудың  теориялық  жəне 

практикалық даму деңгейіне байланысты.  



 

23 


3.  Әдістерді  таңдау  оқытудың  міндеттері  мен  мазмұнына, оқушылардың 

нақты  оқу  мүмкіндіктері  мен  оларды  қолдануына  байланысты.  4.  Оқу  үрдісін 

ұйымдастыру формасы оқытудың мақсаты, мазмұны мен əдістеріне байланысты.  

5. Оқушылардың оқу іс-əрекетіндегі белсенділігі оқушылардың бойында 

ішкі  танымдылық  түрткілердің  жəне  сыртқы  ынталардың  (қоғамдық, 

экономикалық, педагогикалық) қамтылуымен тығыз байланысты.  

6. Оқу үрдісінің тиімділігі барлық заңдылықтардың өзара байланысы мен 

ұйымдастырылу жағдайына тəуелді.  

 Оқу  үрдісінің  жекеленген  заңдылықтары:  дидактикалық  өз  құрамына 

үрдістің  мазмұнды  –  процесуалдық  сипаттамасын  (мазмұны,  тəсілдері,  түрі, 

əдісі, формасы т.б.) қамтиды; 

-  гносеологиялық  мұғалімнің  басшылығымен  оқушының  қоршаған 

ортаның  нақтылығын,  табиғаттың,  қоғамның  жəне  өз  -  өзін  факторлары  мен 

заңдылықтарын тану аспектілерін айқындау.  

-  психикалыққа  оқушының  оқу  үрдісінің  барысындағы  айрықша  ішкі 

психикалық (танымдылық) іс - əрекетіне қатысты. 

-  кибернетикалық  оқу  үрдісіндегі  барлық  байланыстың  сан  қырлығын, 

ақпараттық ағымының таралуын, ақпаратты меңгеруін басқаруды бейнелейді.  

-  əлеуметтік  жалпы  үрдіске  қатысушылардың  (оқушы  мен  оқушы 

арасындағы өзара қатынас, бағыттылық, оқудың əлеуметтік маңыздылығы т.б.) 

қарым – қатынасын қамтиды.  

-  ұйымдастырушылық  оқу  үрдісін  интеллектуалдың  еңбек  (оқу  мен 

оқытушылық  еңбекті  ұйымдастыру,  олардың  материалдық  –  техникалық 

жабдықталуы, ынталандырылу, өнімділік т.б.) негізінде айқындайды.  

Оқыту  заңдылықтарын  білу  оқу  үрдісін  əртүрлі  нақты  жағдайларда 

қолайлы құруға мүмкіндігін береді.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет