Дәріс сабақтары 1 Кәсіби оқытудың мазмұны және міндеттері



Pdf көрінісі
бет11/32
Дата24.08.2020
өлшемі0,51 Mb.
#76803
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Байланысты:
лекцииМПТД каз

Семинардың  ерекше  түрі  семинар-сөз-жарыс.  Ол  қандай  да  бір 

проблеманың  шешілу  жолдарын  айқындау  мақсатындағы  ұжымдық  талқыға 

арналады. Мұндай семинардың мақсаты –дүниетанымдық бағыт-бағдар бекіту, 

бағалау  пікірлерін  қалыптастыру,  пікірталас  жүргізу  ептіліктерін  дамыту,  өз 

көзқарастары  мен  ұстанымдарын  қорғауға  үйрету,  өз  ойын  қисынды  да  анық 

баяндауға баулу.  



Оқу конференциясы – білім арттыру, бекіту жəне жетілдіруге бағытталған 

оқу  ұйымдастыру  формасы.  Әдетте,  мұндай  форма  бірнеше  топтардың 

қатысуымен  өткізіледі.  Зертхана-практикалық  сабақтар,  практикумдар  – 

оқушылардың  мұғалімдер  тапсырмалары  жəне  басшылығында  зертханалық 

тəжірибе жұмыстар орындауына арналған оқу ұйымдастыру формасы. 



 

16 


 Бұл  оқу  түрі  пəн  кабинеттерінде  ,  зертханаларда,  шеберханаларда,  оқу-

тəжірибе  алаңдарында,  оқушылардың  өндірістік  бригадаларының  қатысуымен 

өндіріс  комбинаттарында  өткізіледі.  Мұндай  дəрістердің  негізгі  дидактикалық 

мақсаттары 

өтілген 


теориялық 

материалдардың 

эксперименталды 

негіздемесіне  көз  жеткізу;  эксперимент  техникасын  меңгерту;  тəжірибелер 

өткізу  арқылы  оқу-тұрмыстық  міндеттерді  шешу  ептіліктерін  қалыптастыру; 

əрқилы  оқу  жабдықтары  мен  техникалық  құралдарды  пайдалануға 

дағдыландыру.  Бұл  сабақтар  сонымен  бірге  бағдарламадағы  ірі  бөлімдерде 

берілген  теориялық  материалдар  игерімін  бақылау,  қадағалау  үшін 

қолданылады.  

Факультатив  сабақтар  -  оқу  пəндерін  оқушылардың  өз  таңдауы  жəне 

қызығуларына  орай  тереңдете  оқуына  арналып,  шəкірттердің  ғылыми-

теориялық  білімдері  мен  практикалық  ептіліктерін  дамытуды  көздейді.  Білім 

беру міндеттеріне сəйкес факультатив түрлері келесідей: 

 - негізгі оқу пəндерін тереңдете игеру; 

- қосымша пəндерді (логика, риторика, шет ел тілдері жəне т.б.) меңгеру; 

мамандық  (стенография,  компьютерлі,  бағдарлама  түзу)  алуға  байланысты 

қосымша пəндерді өту.  

Факультатив  бағыттары  теориялық,  тəжірибелік  немесе  аралас  болуы 

мүмкін. Оқу саяхаттары -əрқилы нысандар мен қоршаған дүние құбылыстарын 

оқушылардың  тікелей  бақылау  жəне  зерттеуіне  арналып,  өндіріс,  мұражай, 

көрме,  табиғат  аясы  жағдайларында  жүргізілетін  оқу  ұйымдастыру  формасы. 

Бақылау нысандарына байланысты оқу саяхаттары өндірістік , табиғат тану, өлке 

тану, əдеби, жағрапиялық жəне т.б. болып ажыралады. Білімдену мақсаттарына 

тəуелді тақырыптық жəне шолу саяхаттары жүргізіледі. Тақырыптық саяхаттар 

бір  не  бірнеше  оқу  пəндерінің  өзара  байланысты  тақырыптарына  арналады 

(мысалы, физика жəне химия, биология жəне география). Ал шолу саяхаттары 

өте кең тақырыптар шеңберінде өткізілуі мүмкін.  

Оқу  бағдарламасындағы  орнына  орай  саяхаттар  кіріспе,  ағымды, 

қорытынды  ретінде  ұйымдастырылады.  Қалаған  саяхат  жалпы  оқу  жүйесінің 

маңызға  ие  сипатты  бөлігі  ретінде  пайдаланылғаны  жөн.  Саяхаттық  оқу 

формасының  дамыған  түрі  –  бұл  экспедиция  –экологиялық  жағдайлармен 

таныуға  ,  тарихи  деректер,  жəне  ауызекі  əдебиет  материалдарын  жинауға 

бағышталған оқу жорықтары.  



Курстық  (жоба)  жұмыс  –оқу  ұйымдастыру  формасы  ретінде  жоғары 

мектеп жүйесінде оқу пəнін игерудің қорытынды кезеңінде пайдаланылады. Ол 

меңгерілген  бөлімдерді  болашақ  мамандардың  іс-əрекет  аймағымен 

байланысқан  өндіріс-техникалық  не  басқа  міндет,  мəселелерін  шешуде 

пайдалану мүмкіндігін ашады.  

Оқу  жоспарлары  мен  бағдарламаларына  сəйкес  білім  орындарының 

оқушылары  курстық  жоба  не  курстық  жұмыс  жазады.  Мұндай  жұмыстар 

жалпығылымдық  ,  математикалық  не  арнайы  пəндер  бойынша  дайындалады. 

Оларды  орындау  барысында  студенттер  техникалық,  технологиялық  жəне 

математикалық проблемаларды шешеді. Курстық жұмыс жалпы гуманитарлық, 

жалпы  кəсіби  жəне  арнайы  пəндер  бойынша  жазылады.  Олардың  дайындалу 



 

17 


барысында  оқушылар  оқу-ізденіс,  зерттеу  сипатындағы  мəселе,  міндеттермен 

айналысады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет