Дәріс сабақтары 1 Кәсіби оқытудың мазмұны және міндеттері


 Теориялық оқытудың құрылымы және типтері



Pdf көрінісі
бет14/32
Дата24.08.2020
өлшемі0,51 Mb.
#76803
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Байланысты:
лекцииМПТД каз

 

 

1.6 Теориялық оқытудың құрылымы және типтері. 



 Оқу-тəрбие мақсатында сабақтарды жоспарлау жəне қол жеткізу. 

Сабақтың дидактикалық құрылымы мына элементтерді камтиды: 

тірек білімдері мен қимыл тəсілдерінің көкейкестілігі; 



жаңа ұғымдар мен əрекет тəсілдерін қалыптастыру; 

білімді өмірге қолдана білу, білік пен дағды икеміне ие болу; 



білімді бағалау, білік пен дағдыны қалыптастыру; 



Бұл кұрылымды ары қарай мына 3 бөлікке бөлуге болады: 

логикалық - психологиялық; 



мотивациялық; 

əдістемелік. 



Логикалық-психологиялық:  бөлімде  негізінен  сабақта  таным  процесін 

қалыптастыратын  психологиялық  əрекеттерден  тұрады  -  Олар: бұрынғы  алған 

білімдерін  қайта  жаңғырту;  білім  мен  əрекет  тəсілдерін  қабылдау; 

материалдарды  ой  елегінен  өткізіп,  есте  сақтау;  білім  негіздері  мен  əрекет 

тəсілдерін  жалпылау;  білім  мен  жаңа  əрекет  тəсілдерін  түрлі  жағдаяттарға 

байланысты практикада қолдана білу. 



Сабақтың  мотивациялық  құрылымы:оқушының  зейінін  жинақтау  жəне 

бағыттай  білу;  сабақтағы  негізгі  қимыл  -  əрекет  мəнін  түсіндіру;  оқушылар 

қызметіне  түрткі  жасау;  оқушылар  мен  бірлесе  отырып  сабақ  мақсатын 

айқындау;  түпкі  мақсатқа  жетуде  жағдаяттармен  қамтамасыз  ету;  оқушылар 

қимылындағы сенімділік əрекетін қуаттау нəтижесі мен іс - əрекетті бағалау. 

Әдістемелік  құрылым:  сабақтың  барлық  кезеңінің  практикалық  тұрғыда 

жүзеге асуына ұйытқы болады. 



Өндірістік  оқыту  (практикалық)  сабақтарын  оқу.  Шеберханаларында 

цехтарда өткізудің мынандай түрлері бар: 

жаңа еңбек тəсілдерін үйрететін сабақ; 



өткен  тəсілдерді  бекітуге  арналған  сабақ;  Мұның  өзі:  а)  жаттығу 

сабақтары;  ə)  оқу  -  өндірістік  бұйымдарды  өз бетінше  жасау  сабағы  б)  аралас 



 

21 


сабақтар  (комбинированные).  Өнеркəсіп  не  өндіріс  ұйымдарында  жүргізілетін 

өндірістік оқу түрлері: 

өндірістік  жағдайды  білім  мен  дағдыларды  қалыптастыратын, 



кешенді жəне күрделі жұмыстар түрін атқару; 

өндірісте білікті жұмысшылар іс - əрекетті оқушылардың бақылауын 



ұйымдастыратын оқыту түрі; 

сол жұмысты практикант - студенттің атқаруы; 



нақты кəсіп бойынша штаттық жұмыс орнында өндірістік практика 

өткізу. 

бақылау - тексеру жəне біліктілік сынақтарын жүргізетін оқыту түрі, 



топ саяхат ұйымдастыру (экскурсия). 



Кіріспе  нұсқау  - оқушыларға  белгілі бір  жұмысты  белсенді  жəне  саналы 

түрде атқару үшін жүргізілетін алғашқы дайындық. Нұсқауда тəжірибе жүргізу 

мен түсіндіру жұмыстары қатар жүргізіледі. 

Кіріспе  нұсқау,  негізінен,  өндірістік  оқыту  сабақты  өткізу  барысында 

жүргізіліп, мына үлгідегі құрылымды қамтиды: 

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. 



Оқушылардың теориялық дайындығын тексеру. 

Сабақта жоспарланған жұмыс мазмұнын түсіндіру, жаттығулар мен 



өз бетінше жұмыстардың орындалу тəртібі; 

Жасалынатын  техникалық  бұйымдардың  сұлбасын,  кестесін 



қарастыру. 

Оқу  -  өндірістік  жұмыстарға  қажетті  материалдық  объектілерді 



демонстрациялау. 

Оқушыларға оқу - өндірістік жұмыстарды орындауға қажетті құрал-



жабдықтармен, құрылғылар мен аспаптармен таныстыру. 

Жұмысты тиімді орындау, сапасын бақылау тəсілдері мен дəрістерін 



түсіндіру жəне демонстрациялау. 

Қателіктер мен ақаулардың алдын алу жəне болдырмау шараларын 



қарастыру 

Оқу  -  өндірістік  жұмыстарды  атқару  кезінде  жұмыс  орнын  тиімді 



ұйымдастыра білуді түсіндіру жəне көрсету. 

10 


Шеберханада,  не  өндірісте  жұмысты  атқару  кезінде,  техникалық 

жəне қауіпсіздік ережелерін ескеру. 

11 

Кіріспе  нұсқаудың  қалай  түсінгенін  сұрау,  бақылау,  бекіту  егер 



қажет болса тиісті жерлерін қайталау. 

12 


Оқушыларға  тапсырма  беріп,  жұмыс  орындарына  бөлу.  Бұл 

келтірілген құрылымдар оқу мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне қарай, не 

өндірістік  оқыту  шеберінің  оқу  не  тəрбие  мақсатына  байланысты  ішінара 

өзгеріске ұшырауы да мүмкін. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет