Дәріс сабақтары 1 Кәсіби оқытудың мазмұны және міндеттері



Pdf көрінісі
бет12/32
Дата24.08.2020
өлшемі0,51 Mb.
#76803
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Байланысты:
лекцииМПТД каз

Дипломдық жоба- білім беру мекемесіндегі бүкіл оқу процесінің аяқталу 

кезеңінде  қолданылатын  оқу  ұйымдастыру  формасы.  Бітіруші  түлек  ғылыми-

теориялық,  өндірістік-экономикалық  маңызы  бар  тақырыпта  диплом  жобасын 

түзеді  не  дипломдық  жұмыс  жазады  жəне  қорғайды,  соның  негізінде 

Мемлекеттік біліктілік комиссиясы студентке мамандық біліктілігі лауазымын 

беру жөнінде шешім қабылдайды.  



Өндірістік  практика  -  жоғары  мектепте  оқу  процесін  ұйымдастырудың 

көп  формаларының  бірі.  Өндірістік  практиканың  дидактикалық  мақсаттары  – 

кəсіби ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру, сонымен бірге шынайы болмыста 

қолдану  арқылы  игерілген  білімдерді  кеңіту,  бекіту,  қорытындылау  жəне 

жүйелеу.  

Өндірістік  практиканың  құрылымы  практикалық  оқу  мазмұнына 

байланысты  айқындалып,  нəтижеде  ол  маманның  кəсіби  іс-əрекетке  болған 

біртұтас  дайындығын,  яғни  нақты  маманның  өз  біліктілігінің  сипаттамасына 

сəйкес  кəсіби  қызмет  лауазымдарын  атқаруға  дайын  болуын  қамтамасыз  етуі 

шарт.  


Үйдегі  өзіндік  жұмыстар  -  дəрісхана  оқуларынан  тыс  білім  игеру 

процесінің  құрамдас  бөлігі.  Мұндай  оқу  қызметінің  маңызы  бүгінгі  таңда  өте 

жоғары,  себебі  қазіргі  нарықтық  кезең  əрбір  оқушыдан  үздіксіз  өзіндік  білім 

жинақтау  мен  дербес  танымдық  іс-қызмет  дағдыларын  қалыптастырып, 

жетілдіріп баруды талап етуде. 

Оқушының ой-өрісі, ерік қабілеті мен ұнамды мінез қасиеттерінің дамуы 

осы үйдегі өзіндік оқу жұмыстарының дұрыс жолға қойылуынан.  

Кеңес  –  оқу  формасы  ретінде  оқушыға  жетімсіз  игерілген  не  тіпті 

игерілмеген  оқу  материалы  бойынша  жəрдем  көрсету  мақсатында 

ұйымдастырылады. Пəнді тереңдей меңгеруге қызығу білдірген оқушыларға өз 

алдына  кеңес  өткізіледі.  Кеңестерде  оқушылар  емтихан  жəне  сынақтарда 

қойылатын талаптармен таныстырылады. Жеке-дара жəне топтық кеңес түрлері 

ажыралады.  



Емтихан-  оқушылар  білімін  жүйелестіру,  анықтау  жəне  бақылау 

мақсатында ұйымдастырылатын оқу формасы.  Емтихандардың білім игерудегі 

маңызы  –  көп  күш-қуат  талап  ететін  қиыншылық  жағдайларында  оқушының 

ақыл-парасат, ерік, мінез қабілеттерін жүзеге шығарып, жедел дамуына дем беру.  

Емтихан өткізудің əрқилы формалары: емтихан билеттеріндегі сұрақтарға 

жауап  беру,  шығармашылық  жұмыс  орындау,  жарыстарға  қатысу,  зерттеу 

нəтижелерін қорғау, тест сынақтары жəне т.б. – қолданылады.  

Сынақ  -  міндет,  мəні  бойынша  емтихандармен  жақын  оқу  формасы. 

Сынақты емтихан алдындағы дайындық оқу ісі ретінде қарастыруға да болады. 

Пəн  үйірмелері  жəне  осы  тектес  басқа  да  оқу  формалары  (шеберханалар, 

зертханалар,  кафедра,  студия)-  бағыт-бағдары,  мазмұны,  жұмыс  əдістері,  оқу 

уақыттары жəне т.б. бойынша көп түрлілігімен ерекшеленеді.  



 

18 


Пəн  үйірмелеріндегі  оқу-жұмыстары  шəкірттердің  қызығулары  мен 

бейімділіктерін,  оқуға  болған  ұнамды  қатынастарын  дамытып,  білім  игеру 

сапасын арттырады.  

Үйірме  жұмысының  негізінде  ғылыми  қоғамдар  (кіші  академиялар  жəне 

т.б.)  ұйымдастырылуы  мүмкін.  Олар  мектептегі  көптеген  үйірмелер 

жұмыстарының  басын  біріктіріп,  реттестіреді;  көпшілік  шараларға  ұйытқы 

болады, конкурстар мен олимпиадалар ұйымдастырып, өткізеді.  

Конкурс  жəне  олимпиадалар  –оқушылардың  білім  игеру  жолындағы 

белсенді  қызметтеріне  дем  беріп,  оларды  өрістете  түседі,  шығармашылық 

қабілеттерін  арттырады,  бəсеке,  жарыс  жеңісіне  ынталандырады.  Конкурстар 

мен  олимпиадалар  əрқилы  деңгейде:  мектеп,  аймақтық,  республикалық, 

халықаралық  -  өткізіледі.  Соңғы  кезеңдерде  мұндай  оқу  формаларының 

қашықтықтан интернет торабы арқылы ұйымдастырылатын мүмкіндіктері пайда 

болды.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет