Дәріс сабақтары 1 Кәсіби оқытудың мазмұны және міндеттері



Pdf көрінісі
бет4/32
Дата24.08.2020
өлшемі0,51 Mb.
#76803
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
лекцииМПТД каз

Сөздік  əдісі  –  бұл  ауызша  түсіндіру,  кеңес,  əңгіме,  техникалық 

əдебиеттермен,  оқу  əдебиеттермен  жұмыс  істеу  жатады.  Оқу  əдістерінің 

топтарының  жіберілуі  оқушылардың  графикалық  материалдармен,  мысалы: 

кинематикалық  электрлік  схема,  яғни  графикалық  белгілер  арқылы  қажетті 

хабар көмегі мен көрсетіледі. 

Баяндау  –  азырақ  қолданылады.  Оны  оқушыларға  шеберханадағы 

сабақтардың  оқу  мəселесі  жөнінде,  тəртіп  ережелері  туралы,  халық 

шаруашылығын  белгілі  салаларындағы  жетістіктері  туралы  жəне  тағы 

басқаларын айтуға болады. 



Түсіндіру  -  əдетте  оқулық  көрсетуімен  қабаттас  жұреді.  Баяндау  мен 

түсіндіруге мынадай талаптар қойылады: 

-  материалды  логикалық  кезекпен  баяндау.  Техникалық  объектілер 

немесе  технологиялық  процестер  туралы  мəліметтерді  түсіндіргенде  алдымен 




 

түгелдей объектімен немесе процеспен таныстырып, кейін оны бөлшектеп, оның 



құрама бөлігін түгелдей оқып білу жəне тағы да объектіге қайтып оралу; 

-  дəлдік  жəне  дəлелдік.  Теориялық  қағидаларды  жəне  еңбек  тəсілдерін 

қолдану ережелерін қысқаша, ашық жəне көз жететіндей дəлелдеуге мүмкіндік 

береді; 


-  əсерлі сөзбен баяндау жəне оқушыларға толық жеткізе білу. 

Әңгімелесу  –  кеңінен    қолданылады.  Әңгімелесуді  жаңа  материалды 

баяндағанда,  оқылған  материалды  баянды  етуге  жəне  тексеруге,  өткен 

материалды  талдап  қорытуға  қолдануға  болады.  Әңгімелесуге  дайындалғанда 

мұғалім  сұрақтарды  іріктеп  алады.  Олар  оқушыларға  түсінікті,  істің  мəнің 

көрсететің болып жəне керекті кезектен əрі қысқа көлемде қойылады.   

Оқулықпен жəне кітаппен жұмыс істеу əдісі. Бұл əдіс тек оқу процесінде 

барлық пəндерге ортақ жəне кеңінен қолданатын жетекші əдістердің бірі болып 

табылады.  Оқулық  пен  кітап  оқушы  үшін  сабақта  жəне  сабақтан  тыс  уақытта 

өздігінен білім өте маңызды көзі екенін ескерту қажет. 



Көрнекілік əдісі – демонстрация, тəжірибе, демонстрациялық эксперимент, 

визуалды техникалық тəсіл, бақылау, сонымен қатар оқушылар көрнекі сезімді, 

техникалық объектіні жəне технологиялық процесті қабылдайды. 

Көрнекілік  əдістері  -  бұл  əдістердің  ішінде  ең  басты роль атқаратыны  – 

бақылау əдісі.  

Бақылау  əдісі  барлық  пəндерді  оқытуда  кеңінен  қолданылады.  Бақылау 

əдісі  сабақта  нақты  заттар  мен  көрнекі  жəне  техникалық  құралдарын 

демонстрациялау  кезінде,  сондай-ақ  саяхатта,  зертханалық  жұмыстарда,  еңбек 

операциясын орындау барысында ерекше орын алады.   



Практикалық  əдіс  –  зертханалық  жəне  практикалық  жұмыстар, 

жаттығулар, графикалық жұмыстар. 

Сонымен    білімді,  іскерлікті,  дағдыны  бағалауды  тексеру  тəсілі  де  бар. 

Кейбір  жағдайда  əдістердің  классификациясын  оқушылардың  белсенділік 

көрсету қабілеттері бойынша да жасайды. 



Иллюстрациялық  түсіндіру  немесе  репродуктивті  əдіс.  Бұл  əдісте 

оқушылар білімді, оқытушының сөзі немесе оқулық арқылы алады, ал іс-əрекетті 

көрсету арқылы үйренеді. 



Проблемалық  əдіс.  Мұнда  оқытушы  оқушыларға  тапсырма  беріп 

жəне оларды белсенді қатыстыра отырып өзі шешеді. 



Зерттеу  əдісі.  Мұнда  оқытушы  оқушыларға  тапсырма  беріп  жəне 

сол тапсырманы шешу əдістерімен іздестіруді ұйымдастырады. 



Бөлшектенген  іздестіру  əдісі.  Оқушылар  проблеманың  бөлігін  

өздері  зерттейді.  Қарастырылған  шектерден  (критерий)  жəне  оқу 

шеберханаларында қолданылатын еңбекке баулу ерекшеліктерінен бұл əдістерді 

3 топқа бөлуге болады: 

Бірінші топ - бұл ұйымдастыру,  техникалық жəне технологиялық білімді 

нығайту тəсілі; 

Екінші топ - бұл демонстрациялық тəсілі; 

Үшінші топ - бұл оқушылардың практикалық жұмыс тəсілі. 




 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет