Дәріс сабақтары 1 Кәсіби оқытудың мазмұны және міндеттері


 Оқу әдістері және құрал жабдықтары



Pdf көрінісі
бет3/32
Дата24.08.2020
өлшемі0,51 Mb.
#76803
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
лекцииМПТД каз

1.3 Оқу әдістері және құрал жабдықтары  

Білімдену процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу əдістеріне 

тəуелді.  

Әдіс - білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту барысында белгіленген мақсатқа 

жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тəсіл, 

алға  қойған  міндеттерді  шешу  ұшін  ұйымдастырылған  адамдардың, 

ұжымдардың іс-əрекетінің бір жолы. 



Оқу, əдіс, тəсіл жəне ережелері түсінігі мен мəні. Оқу əдісі – білім игеру 

мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс -

əрекеттік қимыл - тəсілдері. Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы 

мен  шəкірттің  оқып-үйрену  əрекеттерінің  өзара  байланыстылығы  жəне 

анайылығы осы оқу əдісінен көрінеді.  

Оқыту əдістері деп оқу-тəрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім 

мен оқушылардың өзара байланысты іс-əрекеттерінің тəсілдері. 

Дидактикада  кең  қолданым  тауып  жүрген  жəне  бір  түсініктер  легі  -  бұл 

«оқу тəсілі» жəне  «оқу ережелері». 



Оқу тəсілдері - оқу əдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы 

«əдіс»  түсінігіне  байланысты  жалқы  ұғым.  Бұл  екі  ұғымды  өз  алдына  шектеп 

болмайды,  олардың  ара  қатынасы  ауыспалы,  өзгермелі.  Кей  жағдайларда  əдіс 

педагогикалық міндетті шешудің дербес жолы есептелсе жəне бір ықшам оқу-

тəрбие мəселесіне орай - тəсіл болуы мүмкін. 



 

Мысалы, егер мұғалім жаңа білімдерді сөздік, ауызша əдіспен (түсіндіру, 



əңгімелеу, сұхбат) ұсыну барысында көрнекі құралдарды пайдаланса, онда бұл 

көрнекілік  –тəсіл  ретінде  қабылданады.  Егер  де  көрнекіліктер  білім  игертудің 

негізгі  құралы  болып,  солар  негізінде  оқушылар  жаңа  білім  ақпараттарын 

қабылдаса, онда көрнекілік - əдіс, ал мұғалімнің қалған оқу іс-əрекеттерінің бəрі 

тəсіл болып есептеледі.  

Болашақ мұғалім қандай оқыту əдістері қолданатынын білуге тиісті. 

Оқыту əдістернің тиімділігін арттыру сабақтарда үнемі біркелкі əдістерді 

қолдану  емес,  əр  түрлі,  бірнеше  əдістері  ұштастырып,  қолдана  білуге 

байланысты.  Бір  əдіс  қандай  жақсы  болса  да,  ол  оқыту  процесінің  барлық 

міндеттері мен құрылымының бөліктерін қамтамасыз ете алмайды. 

Ең көп таралған əдісінің классификациясы бойынша, яғни негізінде білім, 

іскерлік,  дағдының  қалыптасуы,  сонымен  қатар  оқытушы  жағынан 

оқушылардың  танымдық  іс-əрекетінің бағытталуы.  Осы  жағдайда  оқу  əдісін 3 

топқа бөлуге болады: 

1 Сөздік əдісі. 

2 Көрнекілік əдісі. 

3 Практикалық əдісі. 



Сөздік  əдістер.  Мектептегі  ең  кең  тараған  оқыту  əдісі  –  ол  мұғалімнің 

ауызша  баяндауы.  Бұл  əдіс  оқу  процесінде  жетекші  роль  атқарады:  барлық 

пəндерді оқытуда жəне сабақтың түрлі кезеңдерніде, əсіресе жаңа материалды 

түсіндіруде кеңінен орын алады. “Сөз, - дейді В.А.Сухомлинский, ең маңызды 

педагогикалық құрал, оны еш нəрсемен ауыстыра алмайсың. Бастауыш кластың 

мұғалімі – ең алдымен тіл маманы”. Бұл əдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға 

білім берумен қатар олардың таным белсенділігін арттыруға (зейін, қабылдау, 

ойлау т.б. процестерін) байланысты əрекет жасайды. Мұғалім өзінің баяндауын 

басқа əдістердің тəсілдерімен ұштастырады. 

Ең  көп  тараған  топтастыру  –  оқыту  əдістерін  білім  алудың  көзіне  қарай 

(сөз, заттар мен көрнекі құралдар, практикалық əрекет) үш топқа бөлу: сөздік, 

көрнекілік жəне практикалық əдістер. Сөздік əдістерге жататындар: мұғалімнің 

ауызша  баяндауы,  əңгіме,  түсіндіру,  оқулықпен  жіне  кітаппен  жұмыс  істеу 

əдістері. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет