Дәріс сабақтары 1 Кәсіби оқытудың мазмұны және міндеттері


Оқытушының сабаққа дайындалуы



Pdf көрінісі
бет30/32
Дата24.08.2020
өлшемі0,51 Mb.
#76803
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
лекцииМПТД каз

Оқытушының сабаққа дайындалуы. 

І.  Оқу  процесін  жоспарлаудың  мəні.  Оқытушының  оқу  жылына 

дайындалуы. 



 

37 


ІІ.Оқытушының кезекті тақырыбы бойынша сабақ өткізуге дайындалуы. 

ІІІ. Сабағының өткізілуі. 

І.  Еңбек  бойынша  əрбір  сабақ  сапасы  жəне  қойылған  мақсатқа  жетуі  – 

сабаққа  құрылымын,  мазмұнын,  өткізу  əдістемесін  ойластыру,  жабдықтарды, 

құралдарды,  материалдарды,  технологиялық  құжаттарды  дайындау  сияқты 

мұғалімнің сабаққа деген дайындығына байланысты. 

 Оқытушының сабақ өткізуге дайындығы: 

А) Сабақ жүйесін жоспарлау мен аяқталатын алдын-ала дайындалудан; 

Б) Берілген сабаққа тікелей дайындалудан құралады. 

Алдын-ала  дайындалу  жəне  еңбек  сабағы  жүйесін  жоспарлау.Оқытушы 

еңбек бойынша алдағы уақытта өткізілетін сабаққа алдын-ала  дайындықты оның 

тікелей өткізілуінен көп уақыт бұрын, кейде өткен оқу жылының аяғында немесе 

жазғы  демалыс  уақытында  басталуы  қажет.  Ол  еңбекті  оқытудың  барлық 

бөлімдері  бойынша  жүргізіледі.  Осы  дайындықты  шартты  түрде  келесі 

кезеңдерге бөлуге болады: оқытушының  сабаққа алдын-ала дайындық  жасау 

жəне оқытушының сабақ өткізуге дайындалуы. Оқытушының  сабаққа алдын-ала 

дайындық  жасауына кіреді: 

 1.  Оқу  бағдарламасын  жəне  оның  түсіндірме  жазбасын  оқып-үйрену,  

оқушылар  менгеруге  тиісті  əрбір  тақырып  бойынша  білім,  практикалық  

қабілеттер мен дағдылар  мазмұнын жəне көлемін анықтау. Мектептің  өндірістік  

айнымалының  ерекшеліктері    есебінен    “мамандандырылған  жұмыстар” 

вариантын  таңдау,  берілген  жергілікті халықтың  қолөнері мен  кəсіптер  үлесін 

анықтау.  Жұмсытың  бұл  кезеңін  жас  оқытушылар  ерекше  мұқият  орындауы 

қажет,  ал  тəжірибелі  оқытушылар  –  бағдарламаға  қандай  да  бір  өзгерістер 

енгізілгенде ғана орындайды. 

 

2. Техника , технология жəне еңбекті ұйымдастыру негізі бойынша 



оқу  құралдарын  оқып  үйрену.  Оқытушы  бағдармалық  материал  жəне  техника 

мен  еңбек  бойынша  кластан  тыс  жұмыстардың  мазмұнына  қатысты 

анықтамалық əдебиеттер мен басқа да жаңа  материалдарды қарастырып, оқып 

үйренеді; 

 

3.  Жаңа  əдістемелік  материалдарды,  журналдар  мен  жинақтағы 



материал  мазмұнының  теориялық  сұрақтар  мен    тəжірибелерін  көрсететін 

мақалаларды, пəн бойынша тұтас жəне  бөлімдер мен бағдарлама тақырыптарын 

ұйымдастыру  жəне  сабақ  өту  əдістемесін  оқып  үйрену.  Өткен  жылдың  сабақ 

өткізудің өзіндік тəжірибесінің анализі жəне талдап қорытылуы

 

4.  Жабдықтар  шеберханасын  ретке  келтіру  жəне  текесеру,  оны 



жөндеу  жəне    жаңарту,  жеткіліксіз  жəне  жаңа  құралдармен,  приборлармен, 

механизмдермен  қамсыздандыру.  Жабдықтарды  есептеу  жəне  сақтау,  жұмыс 

үшін оқушыларға тарату реттерін , жабдықтар мен құралдарды жөнделген, дұрыс 

қалпында ұстау тəсілдерін ойластыру; 

 

5.  Көрнекі  құралдар  мен  технологиялық  құжаттарды  реттестіру, 



жетіспеуші  құралдарды  жасау  (құрастыру)  немесе  сатып  алу,  жаңа 

технологиялық карталар мен нұсқау құжаттарын құру

 

6.  Жабдықтар  мен  материалдарға  ие  бағдарламалық  талаптар 



есебінен  оқушылар  еңбек  объектілері,  оларды  шығару  мүмкіншіліктері,  сол 


 

38 


өнімге  деген  сұраныстар,  таратылуы,  сонымен  қатар  дидактикалық  жəне 

əдістемелік талаптар тізімін құру. 

 

7. Өнім өндіру технологиясын ойлап шығару. Технология ретін жəне 



уақыт шығынын тексеру мақсатында жеке өнімдер дайындау. 

 

8.  Материалдарға  деген  сұранысты  анықтау,  оларды  ойластырып 



шығару,  оларды  есептеу,  сақтау,  ағаштарды  кептіру,  дайындамаларды  өндіру 

жəне  оларды  оқушыларға  бөлу,  таратуға  арналған  аяқталынбай  қалған  жəне 

дайын өнімдерді сақтау ретін қарастыру. 

Сонымен, алдын-ала дайындықты əрбір класс үшін жарты жылдыққа сабақ 

өтудің  календарлы  жоспарын  құрумен  қорытындылауға  болады.  Оның 

құрылымы мынадай: 

-  сабақ реті (номері), оның тақырыбы, мақсаты, ұзақтығы жəне түрі; 

-  дайындалатын өнім түрі, оның мөлшері жəне кімдер үшін өндіріледі; 

-  қажетті материалдар (əрбір өнімге жəне барлығына), олардың түрлері; 

-  жабдықтар, құралдар мен керек-жарақтар; 

-  көрнекі құралдар; 

-  оқу құжаттары; 

-  сабақтың календарлы мерзімі (апта бойынша), ескертулер. 

Тақырыптық  жоспар  оқу  жылы  басында  құрылады  жəне  кəсіби    мектеп 

директоры бекітеді. 

Оқытушының сабақ өткізуге дайындалуына кіреді:  

1.Өткізілетін  сабақ  анализі,  ол  сабақтың  оқу-тəрбиелік  мақсаты  қандай 

дəрежеге жеткенін жəне қаншалықты тиімді өткені мен оқушылардың білімі мен 

қабілеттерінде қандай мəселелер қалғанын, жоспардың орындалғанын бекіту. 

2.Анализ негізінде өтілген сабақ мақсаты мен тақырыбы нақтыланады. Бұл 

сабаққа  дайындықтың  маңызды  кезеңі,  себебі  тақырыпқа  байланысты 

оқушыларға қажетті материалдар таңдап алу жүргізіледі. 

3. Әрі қарай сабақта оқушыларға хабарлауға қажетті материалдарды оқып 

үйренеді, түсіндіруді қажет ететін түсініктер белгіленеді, жаңа операциялар мен 

тəсілдер  бөлініп көрсетіледі. 

4.  Сабақ  құрылымын  анықтау  жəне  оны  өткізу  əдістемесін  ойластыру. 

Сабақ  құрылымы  сабақтың  мазмұнына  жəне  дидактикалық  мақсатына 

байланысты. 

5.  Нұсқау  жəне  оқушылармен  əрекеттерді,  жаттығуларды  сынақ  түрінде 

өткізу əдістемелерін жасау. 

6.  Көрсетулер  мен  жұмыс  істеуге  арналған  барлық  жабдықтардың, 

механизмдердің, құралдардың дұрыстығынмұқият тексерілуі қажет. 

7. Сабаққа дайындықтың маңызды кезеңі-оқытушылар орын- 

Сабақта  алдын-ала  дайындалу  кезеңі  əрбір  тақырып  бойынша  сабақ 

жүйесін  ойластырумен  жəне  календарлы  жоспар  құрумен  қорытындыланады 

(тұжырымдалады). 

Оқытушы  тақырыбын,  оқу  мақсатын  жəне  берілген  тақырып  бойынша 

əрбір сабақ түрін анықтайды. 




 

39 


Қазақстан  Республикасындағы  жоғары  кəсіптік  білім  беруді  дамытудың 

қазіргі күні  тұжырымдамасы білім беру процесін ұйымдастырудың  заманға сай 

икемді  де адекватты  технологияларын қалыптастыруды көздеп отыр. 

Қазақстанның əлемдік қауымдастыққа кіруі жоғарғы оқу орнынан кейінгі 

кезеңдегі білім беру саласына халықаралық стандарттарға сəйкес келетін жаңа 

білім модельдерін енгізуді талап етеді. 

Халықаралық  тəжірибе  көрсеткендей  осы  білім  беру  жүйесінің  түрі 

студенттерді  жекешелеп  оқытатындығымен  қолданылып  отыр.  Сондықтан  да 

Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігімен кредиттік оқыту 

жүйесі жоғарғы оқу орындарында үлкен қолдауға ие болып отыр. 

13.07.1997 ж. № 202-1 ҚР «Еуропа аймағындағы жоғарғы оқу орындарына 

жататын  біліктілікті  мойындау»  туралы  ратификациялау  Конвенциясының 

негізінде  Қазақстанда  барлық  жоғарғы  оқу  орындары  кредиттік  жүйеге 

толығымен  көшті.  Мысалы,  ҚарМТУ  2006/2007  оқу  жылында,  Е.А.Бөкетов 

атындағы  Қарағанды  мемлекеттік  университеті  2004/2005.  Осыған  орай  оқу-

тəрбие процесін ұйымдастыру мəселесіне де қомақты өзгерістер де енгізілді. 

Кəсіпке  баулу  мұғалімдерінің  (технология  мұғалімі,  арнайы  жəне 

жалпытехникалық  пəндер  мұғалімін,  оқу  өндірістік  шеберін)  жалпы  білім 

беретін  жəне  кəсіптік  мектептерге  даярлау  мəселесін  жетілдіру  қазіргі  күннің 

мəселесі болып отыр. 

Педагогтың  қызметін  өз  мамандығының  арқасында  жəне  жеке 

қасиеттерінің  негізінде  бір  адаммен  тұлғаны  қалыптастыру  шеберлігін 

меңгерумен айналысатын қызмет түрі.  

Кəсіпке  баулу  мұғалімінің  басты  функциясы  -  өз  кəсіби  құралдарымен 

болашақ  кəсіпке  оқыту.  Кəсіпке  баулу  мұғаліміне  бүгінгі  таңда  өте  үлкен 

талаптар қойылады, себебі ол жаңа адамды қалыптастырады. 

Кəсіпке  баулу  мұғалімінің  кəсіби-педагогикалық  қызметі  кəсіби-

техникалық  білім  беру  аймағының  ерекшелігімен  сипатталады.  Негізінен  ол 

педагогикалық міндеттерді техника жəне технология құралдарының көмегімен 

орындайды.  

Қазіргі  уақыт  талабына  сай,  кез-келген  маман  иесінің  бойындағы  жеке 

тұлғалық қасиеттер жəне кəсіптік іскерлік қасиеттер мен қабілеттерге баса назар 

аударылуда.  Себебі,  бұл  қасиеттер  мен  қабілеттер  қазіргі  кездегі  техника, 

технология 

қоғамдық 

қатынастардың 

дамуына 

байланысты 

оларды 

қанағаттандыру қажет. 

Кəсіпке  баулу  мұғалімінің  басты  міндеті  -  өз  кəсіптік  құралдарымен 

болашақ  кəсіпке  оқыту.  Кəсіптік  оқыту  педагогына  өте  үлкен  талаптар 

қойылады. Ол жаңа адамды қалыптастырады. 

Кəсіпке  баулу  мұғалімінің  кəсіптік-педагогикалық  қызметі  кəсіптік-

техникалық  білім  беру  аймағының  ерекшелігімен  сипатталады.  Негізінен  ол 

педагогикалық міндеттерді техника жəне технология құралдарының көмегімен 

орындайды.  

Оқушыларға  экономиканы,  кəсіпкерлікті  оқыту  экономикалық  мəдениет 

деңгейінің өсуіне, өз кезегінде, оқушының өмірлік жетістікке жету мүмкіндігін 

көтереді, азаматтық белсенділік жəне саналы азаматтық ұстанымды иемденуге 




 

40 


мүмкіндік  береді,  оның  қолдану  көкжиегін  кеңейтеді,  жоғары  жəне  тұрақты 

табысқа жетуге мүмкіндік береді.  

Қазақстан Республикасындағы жоғары кəсіптік білім  беруді дамытудың 

қазіргі күні тұжырымдамасы білім беру процесін ұйымдастырудың заманға сай 

икемді де адекватты  технологияларын қалыптастыруды көздеп отыр. 

Қазақстанның əлемдік қауымдастыққа кіруі жоғарғы оқу орнынан кейінгі 

кезеңдегі білім беру саласына халықаралық стандарттарға сəйкес келетін жаңа 

білім модельдерін енгізуді талап етеді. 

Халықаралық  тəжірибе  көрсеткендей  осы  білім  беру  жүйесінің  түрі 

студенттерді  жекешелеп  оқытатындығымен  қолданылып  отыр.  Сондықтан  да 

Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігімен кредиттік оқыту 

жүйесі жоғарғы оқу орындарында терең қолдау көріп отыр. 

Кəсіби  оқыту  педагогы  еңбегінің  нақты  мазмұнын  негізгі  екі  көрсеткіш 

арқылы көрсетуге болады: 

өндірістік функция – яғни маманның осы функция арқылы белгіленген 

нəтижелерге жетуін көздейді

іс-əрекеттің  түрлері  –  функцияларды  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  іс-

əрекеттер. 

Жоғарғы  оқу  орындарындағы  педагогтың  алдында  тұрған  басты  міндет 

мынада:  біріншіден,  тəжірибие  жүйесінің  негізінде  мəдениет  элементі  ретінде 

кəсіби іс-əрекетті қайта құру; екіншіден, оны қабылдауға жəне меңгеруге жеңіл 

болу  үшін  түсінікті  етіп  жеткізу.  Мұндай  міндеттерді  шешу  бірнеше 

функциялардың  түрлерін  жүзеге  асыру  процесінде  қамтамасыз  етіледі. 

Студенттерді  оқытуда,  тəрбиелеуде,  дамыту  мен  оқыту  əрекетін  дəлелдеуде 

кəсіби  оқыту  педагогы  мамандығымен  тығыз  байланысты  функцияларды 

орындау қажет. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет