Дәріс сабақтары Спорт жаттықтыру үрдісін басқару пәні. Глоссарий


Тақырып 7. Спортшының жарыстық дайындығын басқару



бет18/24
Дата15.12.2021
өлшемі159,5 Kb.
#101117
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Байланысты:
866183908116 7 СҮ Дәрістік кешен
d29bd0b0d0b7d0b1d0b0d0bbd0b0d180, Ашық сабақ Матем 17.10.2019, Ардуино
Тақырып 7. Спортшының жарыстық дайындығын басқару
Дәріс мақсаты: Спортшының жарыстық дайындық әрекетін басқару технологиясын түсіндіру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:



  1. Жарыстық дайындықтың маңызы және түрлері

  2. Спортшының жарыстық әрекетін басқару түрлері мен мазмұны

Дәрістің қысқаша мазмұны (тезисі)

Спортшының жарыстық дайындығы жаттықтыру үрдісімен тығыз байланысып оның барлық дайындық жақтарын ары қарай жетілдіруге арналған. Жарыс кезіндегі бәсекелестік, жоғарғы әсер және ерік-жігер күші спортшыға өз мүмкіншіліктерін жинақы қолдануға ұмтылдырады, ол жинақылық жаттыққандық деңгейінің, спорттық көрсеткіштерінің жоғарылауына әсер етеді.

Жарыстық дайындық жылдық циклдегі жаттықтыру және жарыс жүктемесі көлемінің 25-30%-ын құрайды, ол бақылау және ресми жарыс түрлерінде орындалады. Жарыстық әрекеттің маңызы мықты спортшылар мен командаларды бірінші орыннан бастап аяққы орындарға дейін реттеуінде.

Жарыстардың топталуы, ережесі, мәлімдемесі, жылдық кестесі, мақсат және міндеттері, жарысушылар құрамы, жарыс сипаты, бәсекелесетін спортшылар құрамы, жарыс өткізілу жолы, жағдайы, төрешілер - өте маңызды мәселелер болып табылады.

Жарыстық әрекет – спортшыларға жоғары көрсеткіштер көрсетуді қамтамасыз ететін, басқарылатын жүйе болып табылады. Жарыстық әрекет мазмұны:

- таңдап алған спорт түрінің ережесімен орындалатын таза жарыстық әрекет (жеке және командалық);

- жылдық дайындық үрдісі кезінде орындалатын арнайы жарыстық дайындық.

Спорттық жарыс негізгі, жақындататын, іріктеу, бақылау, көпшілік және комерциялық деп бөлінеді: Негізгі жарыстар – Олимпиадалық және Азиялық ойындар, әлем, Азия, еліміздің біріншілігі. Жақындататын жарыстар негізгі жарыстарға дайындық түрінде орындалады. Іріктеу жарыстары – спортшыларды құрама командаға іріктеу шін жүргізіледі. Бақылау жарыстары спортшыларды дайындау, олардың спорттық дайындық үрдісіне түзетулер енгізу түрінде жүргізіледі. Көпшілік және комерциялық жарыстар спортта бұхаралық және көрініс, насихаттау, жарнамалауды қамтамасы ету түрінде жүргізіледі.

Өзін-өзі бағалау сұрақтары:

1. Жарыс неге спорттың бөлінбейтін бөлімі болып табылады?



2. Жарыстың түрлерін атаңыз?

3. Жарыстық әрекеттің мазмұнын айтыңыз?

4. Жылдық дайындық цикліндегі жарыс жүктемесінің рөлі қандай?

5. Өз спорт түріңіздегі жарыс әрекетінің құрылысын көрсетіңіз?

Әдебиет: негізгі(1,2,3,4,5,6,7,8,9)

қосымша (8,10,11,12)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет