Дәріс сабақтары Спорт жаттықтыру үрдісін басқару пәні. Глоссарий



бет17/24
Дата15.12.2021
өлшемі159,5 Kb.
#101117
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
866183908116 7 СҮ Дәрістік кешен

Тақырып 6: Спорттағы жоспарлау технологиясы

Дәріс мақсаты: спорттағы жоспарлау технологиясын анықтап түсіндіру.

Тақырыптың неізгі сұрақтары:


  1. Жылдық жаттықтырудың кезеңдері

  2. Жоспарлау түрлері

  3. Жоспарлау құжаттары

Дәрістің қысқаша мазмұны (тезисі)

Жаттықтыру үрдісі үш кезеңдерден құрастырылады. Олар: дайындық, жарыс және қалпына келу кезеңдері деп аталады.

Жаттықтыру үрдісінің ұзақтығына байланысты жоспарлаудың үлкен кезеңдік (болашақтық) және кіші кезеңдік (жедел) деген екі түрі болады. Үлкен кезеңдік жоспарлау төрт жылға немесе бір жылға арналып жасалады. Ал кіші кезеңдік жоспарлау, айлық (мезоцикл), апталық (микроцикл) және жеке жаттықтыру сабақтарына арналып жасалады. Микроциклге спортшы қатысатын жарыстардың түрі, уақыты, сол жарыстарда спортшының орындайтын міндеті, оның дайындығындағы айлық кіші міндеттер және жыл көлемінде орындалатын үлкен міндеттер сипаты, жүктеменің көлемі кіргізіледі. Әдістемелік нұсқаулар беріледі. Бақылау түрлерінің және дәрігерлік бақылаудың өткізілу уақыты белгілінеді.

Жылдық жоспар жасағанда спортшының шамасы, мүмкіншіліктері спорттық көрсеткіштерінің өсу қарқыны негізге алынады. Жоспарды спортшымен келісе отырып жасаған дұрыс. Ол жоспардың дұрыстығына сеніп, оның дұрыс орындалуына бар мүмкіншіліктерін пайдалана білуі керек. Жылдық жоспардың міндеттері кіші кезеңдік жоспар жасағанда кеңінен, нақтылы ашыла көрсетіледі. Мезоциклдер (айлық цикл) 3-4 микроциклдерден құралады да, 2-3 екпінді және 1-2 қалпына келу толқындары түрінде жүргізіледі. Микроцикл дегеніміз бірнеше жаттықтыру сабақтары мен қалпына келу күндерінен құралған, жаттықтыру процесі түрінің толық біткен, бірақ қайталанатын апталық циклі. Микроциклдердегі жүктеме толқын түрінде өзгеріп тұрады да, 2-3 екпінді кезеңдерден, қалпына келтіру жаттықтыруларынан құралады. Жарыс кезінде спортшыға жоғары қалпыны келу жағдайы жосалуы, жүктеме дұрыс бөлінуі қажет. Микроциклдегі дене қуаты қасиеттерін, техникасын, тактикасын дамытатын жаттығулар араластырылса, өз кезегімен берілуге тиіс.

Жоспарлау құжаттары. Жылдық жоспар кесте (кітапта 41 кесте). Айлық жоспар (үлгісі кітапта 42 кесте).
Өзін-өзі бағалау сұрақтары:


  1. Жаттықтыру үрдісінің кезеңдерін атаңыз?

  2. Дайындық және жарыс кезеңінің циклдерін атаңыз, оларға сипаттама беріңіз?

  3. Қалпына келу кезеңінің циклдерін атаңыз, оларға сипаттама беріңіз?

  4. Жоспарлау түрлері.

  5. Жоспарларды құрастыру технологиясы.

  6. Жылдық жаттықтыру кестесі қалай құрастырылады.

  7. Айлық жаттықтыру кестесі қалай құрастырылады.

  8. Жаттықтыру сабағының жоспар кестесін құрастыру технологиясы.

Әдебиет: негізгі (1,2,3,4,6,7,8,9)

қосымша (8,10,11,12)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет