Дәріс Сарашылық қызметтің мәні, іс-әрекет бағыттары


Дәріс 14. Педагогикалық нормалаудың теориялық негізі



бет19/21
Дата24.04.2020
өлшемі93,94 Kb.
#64588
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
ДӘРІС тезистері Сарапшы мәдениеті

Дәріс 14. Педагогикалық нормалаудың теориялық негізі

Жоспар


1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарттау жүйесі

2.Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты Ұсынылатын әдебиеттер

1.Жалпыға міндетті білім беру стандарты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарттау жүйесі(ҚР МСЖ).

Стандарттаудың негізгі мақсаттары болып табылатындар

-өнімге процеске(жұмыс) қызметке арналған нормалар, ережелер жəне талаптар бекіту; адамдардың өмірі, денсаулығы, мүлігі жəне қоршаған ортаны қорғау үшін өнімнің, процестің, жұмыс, қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

-саудада техникалық кедергілерді жою, ішкі жəне сыртқы нарықта өнімнің бəсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету;

-техникалық жəне ақпараттық сəйкестігін, сонымен қатар өнімнің өзара байланысын қамтамасыз ету;

-өлшем бірлігін қамтамасыз ету,ресурстың барлық түрін сақтау жəне ұтымды пайдалану;

-елдің қорғаныс қабілетін жəне жұмылдыру əзірлігін қамтамасыз ету;

-табиғи жəне техногендік апаттардың жəне басқа да төтенше жағдайларды болдырмау есебінен шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

-өнімнің, процестің(жұмыс) қызметтің қауіпсіздігі жəне сапасы туралы мəселелерде тұтынушының мүддесін қорғау.

Стандарттаудың негізгі принциптері:

-келісушілік,

-ашықтық,

-еркінділік,

-стандарттау саласындағы отандық жəне шетелдік өндірушілер үшін тең талаптар,

-экономикалық мақсатқа сəйкестілік.

Стандарттау объектілірі:көп қайтара шығарылатын жəне қолданылатын өнімдер, процесстер , қызметтер. Стандарттау əдістері. Стандарттау қызмет түрі ретінде қайталанатын мəселелердің ең ұтымды шешімі үшін қажет жалпы ғылыми жəне арнайы əдістер жиынтығына негізделеді. Стандарттау жұмыстарында жиі қолданатын əдістер мыналар болып табылады: стандарттау объектісін тəртіптеу, параметрлік стандарттау, бірыңғайлау, агрегаттау, кешенді стандарттау, алдын-ала стандарттау.

Стандарттау объектілерін тəріптеу стандарттаудың көп түрлі объектілерді басқарумен тұжырымдалады. Тəртіптеу жұмысының нəтижесі, мысалы, сыныптаулар, типтік құрлым, жабдықтау бұйымдары, процесстер, ережелер, құжаттардың пішіндері болып табылады. Тəртіптеу əдісі: жүйелеу, типтеу, селекция, симплификация жəне стандарттау объектілерін оңтайлау жолдарымен жүзеге асырылады.

Параметрлік стандарттау: орынды атау тізімі мен параметрдің сандық мəнін таңдау жəне негіздеуге арналған стандарттау əдісі.

Өнімнің ең маңызды параметрлері оның тағайындалуы жəне пайдалану қызметін анықтау сипаттамалары болып табылады: өлшем параметрлері киім жəне аяқ киім өлшемі,ыдыстың сиымдылығы; салмақтық параметрлері, əртүрлі спорттық бұйымның массасы, машина мен аспаптардың өнімділігін сипаттайтын параметрлері т.б.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар, білім мазмұны, кредит саны, оқу ұзақтығы стандартталған. Мысалы, магистратура – тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін бере отырып: ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша кемінде 2 жыл нормативті оқу мерзімімен теориялық оқытудың кемінде 42 кредитін, кәсіптік практиканының кемінде 6 кредитін және ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 7 кредитін міндетті тҥрде меңгерту;

1) бейіндік бағыт бойынша кемінде 1 жыл нормативтік оқу мерзімімен теориялық оқытудың кемінде 18 кредитін, кәсіптік практиканың кемінде 2 кредитін және эксперименттік-зерттеу жұмысының кемінде 4 кредитін міндетті түрде меңгерту арқылы ғылыми, ғылыми-педагогикалық және басқарушы кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы;

2) магистрант – магистратурада білім алушы тұлға;

3) магистрлік диссертация – тиiстi ғылым саласының нақты мамандығының өзекті проблемаларының бірін магистранттың өз бетінше ғылыми зерттеуінің нәтижелерін жинақтау болып табылатын бітіру жұмысы.

Магистратура бағдарламаларын ведомостволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан магистратураның тиісті мамандықтары бойынша білім беру қызметін жҥргізуге құқық беретін лицензиясы бар жоғары оқу орындары жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары магистрлер даярлауды:

1) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне;

2) осы стандартқа және магистратура мамандықтарының ҥлгілік оқу жоспарларына;

3) оқу жұмыс жоспарларына;

4) академиялық күнтізбеге;

5) магистранттардың жеке оқу жоспарларына;

6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына;

7) магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жҥзеге асырады.

4. Ғылыми, педагог және басқарушы кадрларды магистратурада даярлау екі бағытта:

1) 2 жылдық оқу мерзімімен ғылыми және педагогикалық;

2) кемінде бір жыл оқу мерзімімен бейіндік бағыттарда жҥзеге асырылады.

Жоғары оқу орны магистратурада оқу мерзімін алдыңғы дайындық деңгейінің білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуіне және пререквизиттердің болуына байланысты өзгерте алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет